Маңызды

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК

Шымкенттің «Құрсай»-«Азат» шағынаударының бағытындағы қоғамдық көлікпен жүретін тұрғындар үшін аптаның алғашқы күні шуақты басталды. Себебі, дәл осы күннен бастап аталған бағыт бойынша ондағы тұрғындар мінетін №96 бағыттағы қоғамдық көлік жаңа автобусқа алмастырылды.
Бұл Елбасының өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы тапсырмасы аясында іске асуда.
Бұған дейін бұл бағыттағы қоғамдық көлікте «ГАЗельдер» жүретін. Енді тұрғындардың жұмыс орны мен өзге де жерлерге жету үшін бұ рынғыдай лық толған «ГАЗельге» әупірімдеп сыйысып, жүйіткіген техникамен шайқалып, діттеген жеріне шаршап, шалдығып жететін күндері артта қалды.
Жолаушыларға жайлы су жаңа бұл автобустар қалаға “Shymkent bus” автобус паркінің ашылу күніне орай жеткізілген болатын. Ж аңа техникалар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушы-лар ағынының датчиктерімен, GPS- трекерлермен жабдықталған. Сыйымдылығы 56 адамға лайықталған көлік Қазақстанда құрастырылған.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру