ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША ЕЛБАСЫ БАР?

ҚР Ұлттық Экономика министрі, Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда елімізде Нұрсұлтан есімді 31810 азамат бар.
Біраз ата-ананың дүниеге келген асықтай ұлына Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған президенттің есімін беруі ел тірлігіне аралассын, тұлғалы азамат болсын деген жақсы ырым, ниетпен орындалғаны белгілі.
Нұрсұлтан есімді арқалағандардың тек 9-ы ғана 1991 жылдың 16-желтоқсанында дүние есігін ашқан. Елімізде Елбасы деген есіммен 35 азамат аталса, 9 азаматқа Нұротан деген ат берілген. Егерде танысқан адамыңыз Сізге ныспысын Нұрлыжол деп айтатын болса, таңырқамаңыз. Себебі, Қазақстанда дәл осындай есім 11 азаматқа берілген. Мемлекетімізде мекен ететіндердің арасында Бәйтерек есімді 53 тұрғын бар екенін де естен шығармаңыз. Тіпті 3 адамға Мәңгілік, 2 адамға Ақорда деген ат қойылған екен.
Қазіргі таңда Қазақстанда әзірге тек бір адамның ғана азан шақырып қойған аты Атазаң деп аталады.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.