Бір мектептен 7 алтын белгі

Шолаққорған ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде биылғы оқу жылында мектептің 9 сынып, 11 сынып оқушыларының мектеп бітіргендігі мен оқу үлгерімі туралы мемлекеттік аттестаттарын салтанатты тапсыру шарасы өтті.
Биылғы жылы мектепті алтын белгімен үздік бітірген жеті оқушының кеуделеріне мектеп директоры Серғали Мәлікайдаров «Алтын белгі» төсбелгілерін жарқырата тақты. Олар Әшімхан Жанель Бағланқызы, Берікқызы Аяулым, Бөрібек Арайлым Лесбекқызы, Жақып Асылзат Қуанышбекқызы, Қасымбек Адина Нұрболқызы, Қайратқызы Рано, ал «Үздік» аттестат иегері Төлеген Гүлназ Дәуіржанқызы, НОБ туралы «Үздік» аттестат иегері Сұлтанбек Жұлдыз Асқатқызы, Аманалиева Нұрсауле, Мақсатұлы Мұрат, Сейілханұлы Рахымжан, Шәкір Ерғали, Ізбасар Аяулым, Нәлібай Динара еді. «Алтын белгі» иегерлері арасында Жанель Бағланқызына Ахмет Жұбанов атындағғы балалар саз мектебінің хореграфия бөлімін жеті жыл үздік оқып бітіргендігі туралы мемлекеттік куәлігі қоса тапырылды. Салтанатты шарада аудандық білім бөлімі жанындағы ата-аналар комитетінің төрағасы Мақсат Қарғабай, мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Берікбай Онбаев, мектеп ұстаздары бітіруші түлектердің жетекшілері Үрзада Қожабекова мен Нұргүл Кенжеқараева бітіруші түлектерге ақ тілектерін жолдады. Аталмыш шараны қорытындылаған мектеп басшысы жас түлектерге сәтті сапар, арайлы ақ жолдар тіледі.
Осы күн ауданның барлық мектептерінде түлектердің түлеп ұшқан ұяларымен қоштасу, аттестаттарын қолдарына алған айрықша есте қалар күні болды.

Мақсат Қарғабай.