Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз!

Жаймашуақ жаз да жетті. Жүректерге жылуын төгіп, жыл бойына тынбай еңбек еткен үлкендер мен тоғыз ай бойы білім алып, тәрбиеге сусындаған балалар да, бұл күндері мәз-мейрам. Шат-шадыман көңіл күйге бөленудің де түрлі себептері бар. Өйткені жаз – демалып, тынығатын, күш-қуат жинайтын мамыражай мезгіл.
№49 жалпы орта мектеп жанынан «Шұғыла» сауықтыру лагері ашылды. Бос уақыттарын тиімді пайдалану бала біліміне, тәрбиесіне жауапты маман иелеріне зор жауапкершілік жүктейді. Жазғы демалыс басталғаннан бастап білім мен тәрбие беру орындары оқушылардың демалыс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуді мақсат етіп, түрлі шараларды қолға алды. Жуырда 1 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында оқу орнының жанынан жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Осынау шараға қатысқан мектебіміздің директоры С. Утебаева шараны салттанаты түрде ашып, балаларға жазғы сауықтыру лагерінде мазмұнды әрі мәнді өткізуіне
тілектестігін білдіріп, тәрбиешілер лагердің әр күнін қызықты етіп ойластырып, жаз уақытында балаларлың тек қана демалып қана қоймай, жан-жақты дамып, денсаулықтарын нығайтып, білімдері мен біліктіліктерін де арттыруды көздеп, жұмыс жасайтындықтарын айтты.
Мұндағы оқушылар 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған салатанатты концерке қатысып, әр күнге ерекше бағыт алып, «Денсаулық күні», «Күлкі күні», «Шығармашылық күні» сияқты бағдарламалармен қамтылды. .

Г. Жұмағұлова,
№49 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Шымкент қаласы.