Арыста әсем арбат салынады

Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлының бастамасымен Т. Тәжібаев және Майлы қожа көшелерінің аралығындағы Мұсабек батыр көшесі бойынан ұзындығы 390 метрді құрайтын қала тұрғындарының демалыс орнына және серуендеуіне арналған қала көркіне сән беретін әсем «Арбат» салынады.
«Арбат» салу үшін аталған көше бойынан жергілікті тұрғындардың өз еркімен соққан заңсыз нысандар мен құрылыстарды бұзу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жалғасуда.