Әбдірахымов кәсіпкерлерге аллея салу туралы кеңес айтты

«Шымкент плаза» сауда үйінің басшылығы қаладағы дендросаябақта балалар ойын алаңшасын салды. Ойын жабдықтары бар алаң енді балалардың сүйікті орындарының біріне айналмақ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай дендробақты аралап, сол жерден бейнежазба жасаған қала әкімі барлық кәсіпкерлерді осындай ойын алаңдарын салуға шақырды. Сонымен қатар ол, дендробақта 1800 метрге жалғасқан жүгіру жолағы салынғанын, енді күнделікті таңертең тұрғындардың осы жерде шынығып, шымыр болуына кеңес берді.
Бүгінгі таңда қаламызда 11 саябақ және 32 гүлзар бар екен.

М. ӘБДІРАЙЫМ.