СОЗАҚТА АЛЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгінде еліміздің көптеген аймақтарында алаяқтық қылмысы белең алып барады. Оған көп адамдардың бейтаныс жандардан секем алмай, алаңсыз сенуі басты себеп болып отыр. Осы бағытта Созақта аудан әкімдіг мен жергілікті жердегі прокуратураның бірлескен жоспарына сәйкес алаяқтық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде көшпелі жиындар өтті.

Аудан көлемінде жүргізілген іс шара аясында тиісті орган өкілдері мектептерде ұстаздар мен ата-аналарға өзгелерді алдап, сан соқтырып кетуден арланбайтындардың арбауына тап болмау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қадағалаушы орган өкілдері түсіндіру жұмыстары кезінде ата-аналарға «балаларды ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізіп беремін, тұрғын үй, пәтер, немесе жер теліміне қол жеткізуге алып кепіл боламын, жұмысқа орналасуға жәрдемдесемін, бағалы бұйымдарға аларман табамын, автокөлік немесе басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз» деп алдыңызға шығып жүретін жандардан сақтанып жүруге шақырды. Мұндай оңай олжаны алға тартқандардан сақтанып жүруге үндейтін үнпарақтар да аудандағы адам аяғы үзілмейтін орындар мен тұрғындар жиі келетін мекемелерге ілінді.