ІРГЕЛІ БІРЛІГІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі-Конституция күні. Бұл мерекенің түп қазығы осыдан 27 жыл бұрын, 1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет ел дербестігінің негізі қаланып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңынан бастау алып, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда ел дербестігінің негізін қалаған құжат ретінде қабылданды.
Бұл еліміздің тәуелсіздігі тарихындағы жаңа белестерді ашқан тарихи күн болды. Бүгінде Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройы биік, мәртебесі жоғары. Осы Тәуелсіздігіміздің 24 жылы ішінде мемлекеттілігіміз орнығып, ұлы жетістіктерге негіз болатын заңдық база, қуатты атқарушы билік сатысы, нормативтік жүйе қалыптасып, реформаларды жеделдетудің құқықтық-саяси негізі қаланды. Егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында», деуінде терең мағына бар. Себебі, небір зұлмат замандарды басынан өткеріп, жаңа мыңжылдық есігін қолындағы көкбайрағымен, бай әдебиет-мәдениетімен, бабалар қалыптастырып кеткен сан салалы салт-дәстүрлерімен, көк күмбезіне қалықтаған әуезді әнұранымен ашқан, еңсесін тіктеп, көжиегін кеңейткен халқымыз бүгінде дүниежүзілік қауымдастықтың ең беделді серіктестігіне айналды. Бұл ретте Қазақстан 1992 жылдан бері БҰҰ-ның толық құқылы мүше екенін, Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы, ЮНЕСКО сияқты 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар абыройлы елге айналды
Қазақстанды қазір бүкіл әлем жұрты этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықтың бірден бір үлгісін жасаушы мемлекет ретінде таниды. Мемлекетіміздің жаңа мемлекет қалыптастырудағы айқын жоба-жоспарға түзілген стратегиялық қадамдарының қаншалықты маңызды екені күн өткен сайын нақтылана түсуде. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеуі үшін ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стартегиялық бағдарламасы қабылданып алдағы бағыт-бағдары белгіленді.
Тәуелсіздік жылдары айшықты Астанамыздың Сарыарқа төсінен орын алуы, халқымызға күш-қуат, ынтымақ пен бірліктің рухын құйғандай. Осы жылдар ішінде халқымыздың мәдениетінің, өнері мен тарихының қайта дамуына тың серпін берген «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылуы, республикалық референдумда қабылданған Ата заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық ірге тасы болып табылуы, төл теңгеміздің айналымға түсуі, Қарулы Күштеріміздің жасақталуы, қасіретті зардап ошағы Семей ядролық полигонының жабылуы, Әнұранымыздың шалқып, Көк туымыздың желбіреуі, шекарамыздың нықталуы мен бірге ел мерейінің жарқырай жануы, әлем елдері дәстүрлі дін өкілдерінің бас қосуын өткізуі, дағдарыс шарпуынан сақтану мақсатында дүниежүзілік экономикалық форумның өтуі, Ислам конференциясына төрағалық етуі, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің біздің мемлекетімізде өткізу құқығын жеңіп алуы теңдесіз істің телегей жемісі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың идеясымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы зор қызмет атқаруда. Көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен еткен Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, бағыты айқын. Соның айғағындай жыл сайын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтуде дәстүрге айналдырудамыз.
Ынтымағымыз бен бірлігіміздің жемісіндей өзге мемлекеттерде болып жатқан қақтығыстар бізде орын алған жоқ. Біз ең алдымен ұлттық келісімге арқа сүйей отырып, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға қол жеткізудеміз.
Созақ ауылының әлеуметтік-экономикалық өрлеу бағыты еліміздің ертеңіне деген сенімін еселей түсуде. Тәуелсіздігіміздің берген жемісі ретінде ауыл халқының игілігіне жаңа аурухана, заманауи талапқа сай үлгіде мектептер, балабақшалар мен шағын орталықтар салынып пайдалануға берілуде. Ынтымағымыз бен татулығымыздың, бірлігіміз бен берекелі тірлігіміздің ұйытқысы Ата заңымыздың мерейлі мерекесі барша азаматтарға тек жақсылықпен қуаныштар әкелсін!
Байзақ Әметов,
Созақ ауылының әкімі