Маңызды

14753 ТОННА АУЫЛДЫҢ ДӘМІ АСТАНАҒА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесі аясында  Түркістан облысының тауар өндірушілері бас қалада 5 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді.

Онда көкөніс, жеміс-жидек, картоп, жұмыртқа, балық, кептірілген жеміс, консервілер, ет және сүт және тағы басқа 28 түрлі ауылшаруашылығы өнімдері арзан бағада Елорда тұрғындары мен қонақтарына босатылатын болады.
Бұл шара аясында Түркістандық шаруалар Елордаға 14753 тоннаны құрайтын ауылшаруашылығы өнімдерін жөнелтеді. Бұл жұмыс үшін облыстағы 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктелініп алынды. Жұдырықтай жұмылуды талап ететін мұндай жауапты жұмысты өз деңгейінде орындау үшін сала мамандары тыңғылықты дайындық жүргізген. Оған өткен аптада, дәлірегі, 23-24 маусымда осы шара аясында Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің алғашқы жәрмеңкесінің тиісті деңгейде өткізілгені негіз болады. Аталған жәрмеңкені өткізу үшін 122,8 млн. теңгені құрайтын 17 жүк көлікке тиелген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірінші керуені 20-маусымда Елордаға қарай бет алған болатын. Ондағы тауарлар 286 тоннаны құрағанын айта кетейік.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру