ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламалық мақаласы аясында және аудан әкімі Н.Тұрашбековпен бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 тамыз күні мемлекеттік қызметте көп жылдар бойы жемісті қызмет етіп жүрген және жас мемлекетттік қызметшілер ауданымыздың киелі және тарихи жерлеріне саяхат жасалды. Шараның мақсаты ауданымыздың киелі және тарихи жерлерінің тарихымен танысу.
Саяхат «Түркібасы әулиесінен» бастау алып, «Әулиебастау», «Көктерек әулиесі», «Ақтас әулиесі», «Тамшы әулиесі», «Ұлы отан соғыс ардагерлері» аллеясы, Түлкібас ауданының шығыс және батыс қақпасы, Ақсу-Жабағылы қорығының мұражайында жалғасып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стелласында аяқталды.Табиғат аясында өткен саяхатшылар туған жердің көрікті де киелі жерлерін аралап, керемет көңіл күймен қайтты. Саяхаттан ауданымыздың ардагер мен жас мемлекеттік қызметшілері оң әсер алып, алдағы уақытта осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын білдірді