СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Спорт күніне арналған салтанатты шараны аудан әкімінің міндетін атқарушы Айкен Темір ашып, мерекеге арналған спорттық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде спорт сүйер қауымға «Бірінші байлық — денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады»,- деп аймақ жастарын салауаттылыққа шақырды. Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қызметкерлері арасындағы аудандық жарыста спорттың алты түрінен, атап айтар болсақ волейбол, арқан тарту, үстел тенисі, асық ату, ләңгі тебу, шахматтан спортшылар жарысқа түсті. Оған аудандық балалар мен жасөспірімдер мектептерінен 60 спортшы қатысты.
Сондай-ақ салтанатты шарада ауданымыздағы спорт саласының саңлақтарына, спорт ардагерлеріне, спорт жанашырларына және ауданымызда спортты насихаттап жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Алғыс хаты» табысталды.

М.САДЫҚБЕКОВ