ВИДЕОТҰЗАҚҚА ҚАР БАРЫСЫ ТҮСТІ

Осыдан бірнеше күн бұрын «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі» видеотұзаққа қабыландар ілікті.

Видеоға түсіп қалған қар барысы еліміздегі ерекше қорғалатын 9 табиғи аумақта мекендейді. Жыртқыштың бұл түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы әлемде 12 елде ғана мекендейді. Бұл елдердің барлығында қабыландар сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген жыртқыш болып есептеледі.
Жыртқыштардың видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады.
Аталған комитет елімізде шамамен 140-180 ілбіс бар екенін алға тартады.