ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ КӨЛЕМІ КӨБЕЙЕДІ

Қазіргі таңда күн тәртібіндегі ең негізгі мәселелердің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды  қайта өңдеу көлемінің тым төмендігі. Айталық, 2022 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы аумағында 47 140 тонна қалдық жинақталса, соның тек 7 108 тоннасы немесе 15,08% қайта өңделіп отыр. 

Облыстың даму бағдарламасында үстіміздегі жылы бұл көрсеткішті 19%-ға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта биыл облыстық бюджет есебінен 6 полигонды санитарлық-экологиялық талапқа сәйкес келтіру үшін жобалық- сметалық құжат дайындалды. Бұдан өзге ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 37 полигонның құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралуда. Жалпы облыс аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орны белгіленіп, барлығы құжаттандырылған.
Дегенмен де облыстағы кейбір аудан, қалаларда рұқсат етлімеген жерлерге тұрмыстық қалдықтарды төгу жағдайлары кездесуде. Мұндай келеңсіздікпен күресу үшін Түркістан облысы бойынша экология департаменті ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстағы 17 аудан бойынша әкімдіктер және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумақтарына рейдтік іс-шаралар жүргізді. Соған сәйкес қоқыстар бей берекет тасталған жерлерге тазалық жұмыстары жүруде.