ЖЕДЕЛСАТЫДА ҚАЛЫП ҚОЙСАҢЫЗ…

Шымкентте барлығы 518 лифт пайдаланылуда. Оның ішінде 401 жеделсаты көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Былтырдан бастап қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық лифттерге сынақ жұмыстарын жүргізуді қолға алған.

Биыл аталған басқарма қызмет сапасын арттыру үшін iKomek ситуациялық орталығымен бірлесе тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдардың, шұғыл шақыртулардың орындалу сапасын қадағалайтын болады.
Соған сәйкес, лифттер істен шыққанда немесе қала тұрғындары оның ішінде қалып қойған жағдайда бірыңғай 109 нөміріне қоңырау шала алады. Сонымен қатар қала тұрғындары аталған байланыс орталығына +7 7777 109 109 нөміріне тіркелген ватсап, Instagram iKomek 109 Шымкент, Facebook IKomek Shymkent, @shymkentonlinekz_bot Telegram-bot желілеріне тәулік бойы тегін хабарлама жолдай алады.