МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ АЛТЫ АЙ БОЙЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты кеңес отырысында (5-қаңтарда) мұнай өнімдерінің атап айтқанда, бензин, дизель отыны мен сұйытылған газ бағасына 180 күнге мораторий жариялаған еді.

Президент мұндай шешімді жыл басынан бері өңірлерде сұйытылған газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты халықтың наразылығынан соң қабылдаған болатын.
Президент елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін тиісті органға мұнай өнімдерінің бағасына мемлекеттік реттеуді алты ай ішінде реттеуді жүктеген. Жуырда жаңадан жасақталған Үкіметке де осы тапсырмасын тағы да пысықтаған еді. Сондай-ақ Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын да аспандатпауды айтқан болатын. Бұдан өзге Тоқаевтың тапсырмасымен алты ай бойына коммуналдық тарифтердің бағасы жарты жыл бойы көтерілмейтін болды.
Осылайша бензиннің бөлшек саудадағы бағасы келесідей болып белгіленді.
Мәселен, АИ-80 маркалы бензиннің литрі 89 теңге болса, АИ-92 маркалы — литріне 182 теңге, АИ-93 маркалы — литріне 182 теңге, АИ-95 маркалы -литріне 215 теңге. Ал дизель отынының бір литрі Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 260 теңге болып белгіленді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында дизель отыны литріне 230 теңге болып босатылады.
Сонымен қатар сұйытылған мұнай газының бағасы Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында литріне 50 теңге (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге), Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында — литріне 60 теңгеден (шалғай аудандарда 65 теңге) сатылады. Алматы қаласында сұйытылған газдың литрі 65 теңгеден болып белгіленді. Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 70 теңгеден (шалғай аудандарда 75 теңге) босатылады.
Бірақ бұл уақытша шешім екенін назарға алған жөн. Егер осы аралықта жанар жағармай өндіру саласындағы жұмыстар бір жолға қойылмаса жағдай қалай өрбиді? Мемлекет басшысы осы бағытта Үкімет нақты қадамдар жасап үлгермейтін болса, бағаны қолдан реттеу жалғасатынын айтқан. Бірақ оның салдары неге апарады? Белгісіз…