ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ АҚШ-ТА НЕ ІСТЕП ЖҮР?

Түркістан облысындағы 11 дәрігер АҚШ-та тәжірибелерін шыңдау үшін, арнайы оқудан өтіп отыр. АҚШ-тың Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып жүрген медицина қызметкерлері Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Жетісай аудандарында еңбек етеді.

Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алуда. Ересектер мен балаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберліктерін шыңдап жүрген мамандар алдағы уақытта облысқа қайта оралып, жергілікті жердегі медицина сапасының артуына өзіндік қолтаңба қалдыратын болады.