Маңызды

КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ДРОН ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон құрылғысымен фото және видео түсіруге тыйым салынды. Талапқа бағынбай, кесене аумағында өз бетінше пилотсыз аппараттарды қолданғандар заңға сай жазаланады.

Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31-желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы №706 бұйрығына сәйкес, қабылданған бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында бекітілген.
Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін рұқсат алу Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс. Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғауына 88,7 гектарды құрайтын аумақ кіреді. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы және хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.

С. ИБРАГИМОВА.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру