САРЫАҒАШТА СУАРМАЛЫ ЖЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙҒАН

Сарыағаш ауданында ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 82,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдейді.

Биыл ауданда егіс көлемі 69,7 мың гектарға жетсе, жылыжай көлемі 705,6 гектарды құраған. Ал жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында ауданда 499 шаруа қожалық 1 010,7 гектар егістік жерге егін еккен. Нәтижесінде бірінші егістен — 21 187,3 тонна өнім, екінші егістен — 25 171 тонна өнім алынған. Қазіргі таңда үшінші өнімді жинап алу жұмыстары қарқынды жүруде.
Аудандағы ағын су жүйесін қалпына келтіру мақсатында 2021 жылдың 9 айында 119,1 шақырымды құрайтын 13 нысанға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 344 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, 3 665 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарған.
Жалпы ауданда өндірілген аумақтық өнім көлемі 2021 жылдың 9 айында 148,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,8%-ға артқан. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 200,8 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.