Маңызды

«ОРДАБАСЫНЫҢ» АЛТЫ ОЙЫНШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ САПЫНДА БОЛАДЫ

Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов УЕФА Әлем Кубогының іріктеу ойындарына шақырылған ойыншыларды атады. Ойыншылар арасында шымкенттік «Ордабасы» командасының 6 ойыншысы бар.

Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Сайыпқырандар сапына қосылған ойыншыларымыздың есімдерін атасақ. Олар қақпашы Бекхан Шайзада, қорғаушылар — Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар — Еркебұлан Тұңғышбаев және Эльхан Астанов. Сонымен қатар, қосалқы құрамда шымкенттіктердің тағы бір ойыншысы — Бағдат Қайыров бар.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Әлем Кубогының іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді. 28-наурызда жерлестеріміз Нұр-Сұлтанда Францияны қабылдаса, 31-наурызда сырт алаңда Украинамен жолығады.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру