ТӨРТ АУДАНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдігінде жұмыспен қамту орталығының халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі бөлімдері ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді тұрғындар жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметтерді орталыққа сабылмай-ақ төменде көрсетілген мекенжайлардан барып алуға болады.
Халықтың уақытын тиімді ету және сапалы қызмет көрсету мақсатында аталған бөлімдер әр ауданға бөлініп, жаңа мекен-жайға көшірілді.
Атап айтқанда,
— Абай ауданы бойынша Жиделібайсын көшесі, 92. («Бекжан» базары, «Бекжан» СО, 1-қабат).
— Әл-Фараби ауданы бойынша Мирас көшесі 22Б. (А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы).
— Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс м/а, Жолан батыр көшесі 115/2. (бөлімше жаңа мекенжайға ағымдағы аптаның соңында көшіріледі)
— Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.
Бөлімшелер дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 13.00-14.30 аралығында болады.