Маңызды

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ 12 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Осы жылдың 1-қарашасындағы жағдай бойынша еліміздегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 12,6 трлн. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 трлн.-нан аса теңгеге немесе 19,5 пайызға көп. Қордағы қаржы зейнетақы жарналары мен инвестициялық түсім есебінен жинақталады.
Қазіргі таңда қордағы қаржының көп бөлігі атап айтқанда, 12,3 трлн. теңге міндетті зейнетақы жарнасы есебінен құралған. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы 305,7 млрд. теңге болса, ерікті зейнетақы жарнасы 2,16 млрд. теңгені құраған. Есепті кезең ішінде салымшылардың шотына жалпы көлемі 867,05 млрд. теңге зейнетақы жарнасы аударылған. Бұл быртырғы он аймен салыстырғанда 8 пайызға артық. Жалпы жыл басынан бастап 1-қарашаға дейінгі аралықта БЖЗҚ салымшыларының шотына 1,1 трлн. теңге инвестициялық табыс есептелген.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру