Маңызды

ТҮЙЕНІ ТҮГІМЕН ЖҰТҚАНДАР ТҮРМЕДЕН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТЫЛМАЙДЫ

Енді «биені бүгімен, түйені түгімен» жұтқан жемқор шенеуніктер мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылмайды. Оған негіз болатын заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Осыған орай бюджет қаржысына қол салып, әлдебіреулерден пара алған ақ жағалылар сот үкімімен бекітілген жаза мерзімін толық өтеп бітпейінше бостандыққа жіберілмейді.
Заңды қатаңдату жемқорлықтың қанат жаюына тосқауыл қою мақсатында қабылданған.
Жылпы елімізде жемқорлық ісі үшін істі болып, үкім кесілген шенеуніктердің бірқатары мерзіменен бұрын түрмеден босап шыққаны туралы мысалдар жетерлік.
Мәселен, 2016 жылдың мамыр-желтоқсан айларында еліміздің Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 2017 жылы қамауға алынып, 2018 жылдың наурызында 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Пара алды және ақша жымқырды деген айып тағылған Бишімбаев Шымкент қалалық Абай аудандық сотының шешімінен 2019 жылы қазанында мерзімінен бұрын босап, бостандыққа шыққан. Осылайша оның өзіне тағылған айып бойынша абақтыдағы өмірі 10 жыл емес 19 аймен шектелген.
Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққандардың қатарында 2014 жылы үйқамаққа алынып, 2015 жылдың 10-желтоқсанында 10 жылға бас бостандығынан айырылған, кейіннен (2016 жылы) апелляциялық сот шешімімен жазасы 8 жылға дейін қысқартылған бұрынғы премьер-министр және экс-қорғаныс министрі Серік Ахметовте бар. Бірақ ол 2017 жылы яғни,1 жыл 9 айдан кейін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілініп, еркіндікке шыққан.
Соңғы үш жылда елімізде жемқорлыққа барғаны үшін істі болған 100-ден аса шенеунік түрмеден шартты түрде босап шыққан екен.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру