ЕЛІМІЗДЕ ЕКІ КОМИТЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Үкімет «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығын iске асыру үшін 2020 жылғы 2-желтоқсандағы Қаулысын қабылдады. Аталған құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірден екі комитеті таратылды. Олар аталған ведомстваның бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті және статистика комитеті.
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиті 4207 адамнан 1078 адамға дейін қысқарды.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін жеткізген болатын. Өз кезегінде Президент Жолдауында пандемия жағдайына орай қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын дәлелдегенін және бұл осы жылы жүзеге асуы тиіс екенін айтқан еді. Президент мемлекеттік аппаратты осы жылы 10, келер жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырған.