ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТҮРМЕДЕГІЛЕРГЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт айтты. Президент көзайым жаңалықты кеше ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. Президент рақымшылық ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы жасалатынын атап өтті.

Өз сөзінде Президент рақымшылыққа ілігетіндер қоғам мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандар болатынын жеткізді.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауы кезінде балаларға зорлық зомбылық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалмайтынын ескерткен болатын.