Қолдағы барын баршамен бөліскендер

Бүгінгідей ел басына түскен уақытша қиындықтың зоры — ауа жетпей қиналып жатқан жерлестерімізге тыныс алу аппараттарын, түрлі азық-түлік, медициналық жабдықтарды тарту етіп жатқан қолы ашық, жаны жомарт жандар туралы «Созақ үні» газетінің өткен санында жариялағанбыз.
Осындай қайырлы бастамалардан кейін игілікті іске елеңдеген жұртшылық қолдарынан келген көмектерін беруде. Сауапты істер жасауда жария етілмейді десек те, қайырымды адамдардың игі бастамалары өзге жандарға өнеге болсын деген ниеттен жариялап отырмыз. Созақ аудандық маслихатының хатшысы Бегімбет Байғараев оттегі концентратын табыс етті
Аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев Созақ ауылдың амбулаториясына оттегі концентратын сыйға тартты.
Созақ ауылдық амбулатория меңгерушісі Аян Төлекенов: «Туған жер алдындағы перзенттік борышын ұмытпай, қажетті медицналық құрал жабдықтарды сыйға тартқан ауылдасымыз Бегімбет Биімбетұлына үлкен алғысымды білдіремін», — дейді.
Бүгін міне осындай жанашыр азаматтарымыздың жасап жатқан игі істері, елімізде орын алып отырған қиын шақта үлкен көмек болып отыр.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.