Маңызды

Бұл апта шымкенттік ақ халаттылар үшін күтпеген жаңалықтан басталды.Қаладағы №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай күрделі ота – адам ағзасын трансплантациялау бойынша заңсыз істерге барды деген күдікке ілініп, қамауға алынған.

Бұл туралы ресми деректі еліміздің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Адам ағзасын ауыстыру отасының қыр-сырын меңгерген маман ретінде тек Шымкентке ғана емес, елімізге танымал болған Абылай Донбайға ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағында көзделген трансұлттық қылмыстық топқа қатысу және 116-бабы 3-тармағы яғни, адам ағзасын заңсыз алу қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берді деген айып тағылуда.
Ведомства өкілдері таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2017-2018 жылдары Қазақстанда адам ағзаларын трансплантациялау бойынша қылмыстық топ әрекет еткен. Топтың ұйымдастырушысы шетелдік азамат болған. Қылмыстық топ өздерінің заңсыз әрекеттерін іске асыру кезінде донор ретінде тұрмыстық ауыр жағдайға тап болуы салдарынан бүйректерін сатуға мәжбүр болған Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары тартылған. Ал ағзаларды сатып алушылар алыс шет елдердің, көбіне көп Израильдің бай бағландары болған.
Тергеу барысында Абылай Донбай қылмыстық топ мүшелерінің әрекеттерін біле отырып, олармен алдын ала келісу арқылы адам ағзасын сатып алу-сатуға заңнамада тыйым салынғанына қарамастан қомақты ақшалай сыйақыға бүйректі алу және қайта салу заңсыз операцияларын жүргізгені анықталған.
Елімізде отандық трансплантологияның қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандар саусақпен санарлықтай ғана. Соның бірі Абылай Донбай. Бүгінге дейін ол 100-ден аса бүйрек және бірнеше бауыр ауыстыру отасын жасаған. Осы жылдың мамырында ол өзі басшылық етіп келген №1 клиникалық ауруханада туыстық бауыр трансплантациясын 5 сағат 48 минутта жасап еліміз бойынша рекорд орнатқан болатын. Және сол уақыттарда ол №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері ретінде жергілікті басылымға берген сұхбатында «… Ақылы бүйрек ауыстыру отасын 20 шақты шетел азаматына істедім. Олар өздерінің донарларымен келген. Ол кезде еліміздің заңында донордың келісімімен ота істеуге болатын. Ал қазір заң бойынша туыстық донорға ғана рұқсат етілген» деп мәлімдеме берген еді.

А. САТЫБАЛДЫ.

Осы аптада ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Мәжілістің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Құжатты депутаттар бірінші оқылымда қабылдады. Өз кезегінде Марат Ахметжанов аталған заң жобасында бірқатар құқық бұзушылықтарға жаза күшейгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол, ендігі кезекте жүргізушілер көлікті ащы суды ұрттап тізгіндейтін болса, әкімшілік қамау уақыты 30 тәулікке дейін ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі 8 жылға дейін ұзартылатынын айтты. Бұдан бөлек, Марат Ахметжанов көлік жүргізушісі мас күйінде адам қағып өлтірген болса 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылатынын айтып, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынатынын ескертті.

ҚР жоғарғы сотының төрағасы Ж. АСАНОВТЫҢ назарына!

Басылым табалдырыған қолтығында балдағы, қолында
ақ дорбасы бар етжеңді, егде жастағы қазақтың қариясы
аттады. Өзін Геральд Әділханұлы Бегалы деп таныстырды.

«Ширек ғасырға жуық талай мекеме, талай дәулер мен әділеттіліктің адал тілекшісі болар деп сенген құқық қорғау орындарына үзбей арыз жазып, одан бұлжымас түйіні бар нәтиже шығара алмасақ та, ақпарат құралдарының табалдырығын баспаған, шағымданбаған екенбіз. Атына сырттай қаныққан «Уақытқа» арнайы, әрі үлкен үмітпен алғаш рет атбасын бұрып отырмыз» болды ол кісінің сәлемнен соңғы әңгімесі. Дорбадағы қобыраған қағаздармен әуелі атүсті, кейінірек тереңірек таныстық. Жүректен шығып тіліне оралған ұзақ шағымына ден қойып, құлақ түрдік. Жазғаны мен айтқандарына қоспа қоспай, мүмкіндігінше басылым тілімен елдің, заң тұтқасын ұстаған лауазым иелерінің құзырына сол нақтылы күйінде ұсынуды жөн көрдік. Әрі оның нәтижесінің назарымыз бен сұранысымыздан тысқары қалмайтынын да арыз иесіне білдірдік.
˗ Мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен бір жылдың төлтумасы екендігімді айтып ғана қоймай, оны үлкен дәреже санаймын. Ол кісі өз дарыны, білімі мен біліктілігінің арқасында құзырлы мемлекетті басқарса, мен де өз шама-шарқыма орай біраз шаруашылықтың, ұжымның тізгінін ұстап, әлеуетіміздің артуына лайықты үлес қостым. Енді ғой әділетсіздік пен үстемдіктің, зорлық-зомбылықтың қартайған шағымда тірі құрбанына айналып отырғаным. Сондықтан басынан бастап, бүгінге дейінгі әрі әділ, әрі әділетсіз жағдайлардың қалай болғанын қысқартып баяндауды жөн санап отырмын.
Әуелде бәрі де жанға жағымды болып басталды. Ел басшыларының шаруа қожалықтары мен өңдірістік кооперативтер құру, тұрмыс деңгейімізді көтеру бағытындағы игі шешімдеріне байланысты мен де көптен қалыс қалмау мақсатында қожалық құруға ниеттендім. Өзім бірнеше ондаған жылдар бел ортасында белсенділік танытқан Сайрам ауданындағы бұрынғы Ленин атындағы, кейінірек Ясауи есімін иемденген ұжымнын иелігіндегі алқаптан 100 гектар жер телімін алып «Қамбар Ата» деген шаруа қожалығын құрдым. Сол кездегі аудан әкімі Ряписовтын 1994 жылдың 10-шы наурыздағы 34-ші және сол жылғы 29-шы мамырдағы №290-ші заңды қаулысымен өмірлік жер иесі атаңдық. Ауыл шаруашылығы жұмыстарымен тікелей айналысу міндетіне орай істі бастап та кеттік.
Құжаттар қолымызға № 001625-ші мемлекеттік актімен берілді. Он жылдай алғашқы мерзімде біршама игілікті тірлік тындырдық. Шағын құрылыстар, жайлар салынды, көшеттер өндірілді, жылыжайлар бой көтерді, құбырмен су тартылды, артезиан қазылды, бау-бақша бағы жүйеге келтірілді, егіс егілді. Мұның барлығына қыруар қаржы жұмсалды. Алғашқы екі бесжылдықта бізге қала әкімі мен қалалық жер комитеті тарапынан ара-тұра болса да ірілі-ұсақты қысымның жасалып тұрғандығын несіне жасырайық. Қаланын билігіне иелік еткен Б.Жылқышиев пен жер комитетін тізгінін ұстаған Б.Нақыпбековтер көрер көзге талай әрі оспадарсыз, әрі заңсыз әрекетке барғандықтары аз болғандай, кейін бірі облыс әкімі, екіншісі жер комитеті ресурстарын басқару комитетінің басшысы болғанда оны тоқтату орынына керісінше жалғастыра түсті. Б. Нақыпбеков өз әйелі Әлия Қаныбекованың атындағы «Сымбат» ӨК мен Шаянда ғұмыр кешкен анасының атындағы «Қайсар» ӨК-і талай заңға қайшы әрекеттерге барды. Олар шаруашылық ісін атқару орнына жерлерін жеке тұлғаларға сату, құрылыс салу, басқалардың жерлерін еріксіз иемденумен ғана айналысты. Кейін республикалық жер комитетіне лауазымды жаңа қызметке барғанда қылмыстык әрекетке сай жаза алып, одан жыл ішінде абақтыдан азаттыққа шығып үлгерген Б. Нақыпбеков екі кооперативтің астыртын демеушісі, әрі дем берушісі болды.

2002 жылы қыркүйекте Шымкент қаласына Ғ. Жұмжаев әкім болып тағайындалған сәттен бастап біздің шаруа қожалығы үшін нағыз айықпас ауыртпашылықпен шешілуі ақыретке айналған дау басталды. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғ. Жұмжаевтың 11.03.2005 жылы қабылдаған №953-ші «Айқап» мөлтек ауданы мен «Қасірет» мемориалы арасындағы жерлерді мемлекет қажеттілігіне алуға байланысты қаулысы біздің иелігіміздегі 100 гектар жерге нағыз айықпайтын сор болып жабысты. Арада ай өтпей бізге қала әкімінің жерді алу жөніндегі ескерту туралы хабарламасы тапсырылды, ҚР Үкіметінің 17.08.2002 жылғы Сайрам ауданы мен Шымкент қаласы шекараларына өзгеріс енгізу жөніндегі № 913-ші қаулысы мен ОҚО облысы әкімінің 2004 жылғы сәуірдегі №178-ші шешімі шығып, онда «Нұрсәт» көп қабатты шағын ауданының құрылысына Сайрамнан бөлінген жердің 283 гектарының құжаттарын дайындау облыстық жер комитеті және Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының әкімдеріне тапсырылған болатын. Сол гектарлардың ішінде қажеттілік үшін біздің қожалықтың да жері кетті. Бізге алдын ала бір жыл бұрын берілетін міндетті ескерту жасалынған жоқ. Мұны сауатсыздық деуге бола ма, немесе әлімжеттілік жасаудың ең қатерлі және қанағатсыз тәсілі деуге бола ма? Баяны жоқ әділеттсіздік сол кезден бастау алып, тиянақты тұжырымның нақтылы нүктесінің әлі қойылмай келе жатқандығы орны толмас өкініш күйінде өмірін жалғастыруда.
Сайрам ауданы мәслихаты мен әкімінің 24.12.2004 жылғы бірігіп қабылдаған Шымкентке ауданнан жер беру жөніндегі №11-136/III қаулысымен бекітілген 283 гектарға байланысты жер мәселесін облыстық атқарушы органдар, ал ең бастысы ҚР Үкіметі бекітпеген. Қазірге дейін сол заңсыздықпен расталмаған жер әлі де ауданның есебінде тұрғандығын енді қалай заңдастыруға болады? Мәселенің ең мәндісі де, үлкені де осында. Мұны құқық қорғау мен сот орындары нақтылы құжатпен шеше алмай отырғандыға шын мәнінде рас екендігін ешкім де жоққа шығара алмайтындығына кім қандай дау айтпақ? Мен осының растығын айқындауға қол жеткізе алмай келемін. 100 гектар жер ауданнан қалаға өтіп кетті деп кім мені мойындатады? Ешкім де. ОҚО жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасарының Г. Бегалыға жолдаған 22.01.2007 хатында және Жер ресурстары мен жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы директоры орынбасарының ОҚО Жер қатынастары басқармасына жолдаған анықтамасында (26.12.2006 ж.) бізге берілген жер учаскесінің сол мезгілде Сайрам ауданының жер балансына тіркелгені атап көрсетілген. Менің заңды талабыммен мемлекет қажеттілігіне деп шешілген, сөйтіп қалаға берілген жерлер қайтарылса, онда заңсыздық құрсауында тұрған талай зәулім құрылыстар қиратындыға айналатындығы заңгерлер мен биліктегілердің үрейін ұшыра қорқытып, олар шынайы шындықтан, бар мүмкіндіктерінен қашқақтап, жалғандық пен заңсыздыққа барып отыр. Біз өзіміздің Конституциялық, заңдық құқықтарымыздың бұзылып отырғандығына байланысты талабымыз бен ізденуімізді осы уақытқа дейін тоқтатпай келеміз және ол әділеттілікпен шешімін тапқан кезде ғана қалам мен қағаздан қолымызды тартамыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігінің Құрылыс істері, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және жер ресуртарын басқару комитетінің біздің жерге байланысты жасаған тексерулеріне және Республиканың мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігі қозғаған №08510005100270 қылмыстық ісіне байланысты экономика министрлігіндегі бас эксперт Ержан Бұқпановтың тексеру, зерттеу қорытындысында көп мәселелердің басы әділ және ашық айтылған. 2016 жылдың қаңтар айында жазылған осы құжаттағы талдауды біз орыс тілінде дайындалған өз мәтінімен бергенді дұрыс санап отырмыз. Аударма жасасақ кейбір қарымды мәселелер басқаша қорытындыға айналып кетуі мүмкін. «Постановление главы администрации Южно-Казахстанской области за №177 от 05.08.1994 года принято в целях выполнения основных положений Генерального плана города Шымкента и дальнейшего его развития в соответствии с ранее принятым решением исполкома областного Совета народных депутатов №305 от 22.08.89 г. «О передаче в административное подчинение Абайского района города Шымкента Катынкопрского сельского Совета народных депутатов Сайрамского района» городу Шымкент переданы земли совхоза имени XXI п/сьезда, общей площадью 14123,0 га в постоянное пользование, а земли участка «Актас», общей площадью 4074,0 га переданы в ведение городской администрации для сельскохозяйственного производства.
Постановление главы администрации Южно-Казахстанской области за №252 от 09.01.1995 года внесены изменения в постановление главы администрации Южно-Казахстанской области за №177 от 05.08.1994 года.
Пункт 3,4,6 изложены в следующей редакции: Сайрамской районной администрации решить вопрос передачи в ведение Шымкентской городской администрации земель специального земельного фонда площадью 430 га. Во исполнение постановления главы администрации Южно- Казахстанской области за №252 от 09.01.1995 года глава Сайрамской районной администрации постановлением №532 от 13.04.1995 года предоставил Шымкентской городской администрации в постоянное пользование для перспективы развития города Шымкента земельный участок общей площадью 280 га, в том числе 126 га пашни орошаемой, 148 га пашни богарной, 6 га пастбищных угодий из земель спецфонда на территории АО «им. А.Яссави».
Акиматом Сайрамского района Южно- Казахстанской области принято постонавление №18 от 28.07.2001 года об отмене постонавлений акима Сайрамского района №973 от 11.06.1994 года и №532 от 13.04.1995 года.
Постановлением акима Южно-Казахстанской области №178 от 05.04.2004 года в целях реализации жилищного строительства определенной в послании Президента народу Казахстана, в соответсвии с Протоколом «11-7/007-78 от 12.03.2004 года совещания у Премьер-Министра Республики Казахстан «О развитии жилищного строительства и исполнении протокола совещания от 05.02.2004 года «О ходе реализации в регионах стратегии индустриально- инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 года, новых высокотехнологичных и инновационных проектов в формировании бюджетов развития на 2004 год», Протокола совещания у акима области от 30.03.2004 года «Комплексная застройка жилого многожтажного района «Нурсат» в г. Шымкент» акимат области постановил об внесении изменений в земельно-учетную документацию в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 17.08.2002 года №913 «Об изменении границ Сайрамского района и города Шымкента Южно-Казахтанской области», подготовки землеустроительной документации на земельный участок площадью 283 га, расположенного между микрорайоном «Айкап» и мемориалом «Касирет».
Постановление акимата города Шымкента №1024 от 09.04.2004 года учреждению «Управлению строительства и городского хозяйства акима города» предоставлены земельные участки под проектирование и строительство жилого многоэтажного района «Нурсат» площадью 283 га, расположенный между мкр. «Айкап» и мемориалом «Касирет».
На основании указанного постановления разработан государственный акт на право постоянного пользования №0048410 под кадостровым номером №19-309-001-234.
Позднее, 11.03.2005 года акиматом города Шымкент принимается постановление №953 об изъятии земельных участков для государственной надобности, в которую входят земельные участки к/х «Камбар Ата».
Данное постановление акимата города Шымкента №1024 от 09.04.2004 года о предоставлении учреждению «Управлению строительства и городского хозяйства акима города» права постоянного землепользования вынесено в нарушение пункта 2 статьи 29 ЗК РК, которая гласит, что никто не может быть лишен права землепользования иначе как по основаниям, установленным настоящим Кодексом и другими законодательными актами Республики Казахстан.
В данном случае необходимо было изъять земельный участок, после чего принять меры по предоставлению учреждению. Таким, образом со стороны акимата города Шымкент нарушены права к/х «Камбар Ата», право землепользования является вещным правом. К праву землепользования применяются нормы о праве собственности постольку, поскольку это не противоречит Земельному Кодексу или природе вещного права. Аналогично незаконно принято постановление акимата города Шымкент №804 от 14.02.2005 года, в части предоставления 8,8 га земель под индивидуальное жилищное строительство согласно письмо ЮКО филиала НПЦзем №07-04/4767 от 21.12.2015 года.
Согласно сведениям ЮКО филиала НПЦзем №07-04-4767 от 21.12.2015 года земли к/х «Камбар Ата» включены в границы города Шымкент по генеральному плану, утвержденному постоновлениями Правительства Республики Казахстан №446 от 22.04.2004 года и №1134 от 03.09.2012 года».
Министрліктің бас экспертінің біз үзінді беріп отырған тексеру қорытындысына сай анықтамасы терең зерттеліп, нәтижесі тиянақты, барынша заңды, әрі адал тексерумен берілген. Оған енді қандай алып-қосу қажет болмақ? Осы тексеруден кейін сот шешімдері мен қабылданған қаулыларына, қала әкімдігінің жалған құжаттарына не айтуға, қалай сенуге болады? Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық жер ресурстар комитеті Жер туралы заң мен Кодекстің баптарында бекітілген бап талаптарына байланысты құжаттарға көз жұма қарап, қалайша қолдарында қажетті құжат болмаса да, оған иелік етіп, жалған шешімдер, қаулылар қабылдап отырған? Мұны сұрайтын, оның нақты негізін нысана ететін судья мен атқарушы және жоғарғы билік өкілдерінің болмауына кім, қашан жауап бермек? Ең түсініксізі де осы мәселе. ҚР Үкіметінің Шымкентке қатысты 2004 жылғы №446, 2012 жылғы №1334-ші қаулыларына орайластырыла «Нұрсәтке » берілген 430 гектар (ішінде біздің де 100 гектарымыз бар) жер тек 21.12.2015 жылы ғана заңдастырылып, ауданнан қалаға берілген. Біз одан кейін де ізденісіміз бен заң орындарына деген сұранысымызды тоқтатқанымыз жоқ. Қазіргі кезде бізге көлденең тосқауыл етіп қойып отырған 3 жыл мерзім өтіп кетті деген сылтау мүлдем жөнсіз. Бұл сауатсыздықтан,заңды сыйламаудан немесе ойына келгенін істеуден айтылып отырған тірлік деп есептеймін өз басым.
Білгісі келмейтіндер арзымайтын деп арзан санайтын анықтамада бір мәселе ерекше айтылады. Ол-ауылшаруашылығына деп белгіленген бізге тиесілі 100 гектар жердің қаладан құрылыс салуға қалай айналып кеткенін бүгінге дейін дәлелдей алмағандығы жасырын емес.
19-295-082-1020 кадастрлық нөмірі бар жерді мемлекет мұқтаждығы үшін алу жөніндегі ауданның шешіміне сай Шымкент қаласы әкімінің №953-ші 11.03.2005 жылғы қаулысы шыққан кезде шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтердің меншігінде болған 430 гектар жерге Шымкент әкімдігі аударылуға тиісті 110 миллиондай қаржының мезгілінде берілмеуінен меншігінде болмаса да қала әкімдігінің осынау шешімі қалай жүзеге асырылып келгендігін қандай заңгер мен басшы заңдастырып бермек?
Жиырма жылдан бері бірнеше ондаған орындарда талқыға түскен қожалық жеріне бірде оң, бірде теріс болып шешімдер мен қаулылардың қаблдануына басшылар мен заң орындарындағы судьялардың заңды белден басқан әрекетке Шымкент қалалық соты қабылдаған орыс тіліндегі шешімі мынадай: ”Удовлетворить исковые требования главый к/х” “Камбар-Ата” Г. Бегалиева и признать действия акима г. Шымкента и Шымкентского городского комитета по управлению земельными ресурсами об отнесени земельных участков площадью 130 га принадлежащих по земельному балансу Сайрамского района к землям города Шымкента и принятия их земельный баланс по землеустроительный документацией №3212 незаконными и землеустраительную документацию №3212 недействительной”.
2003 және 2007 жылдары ҚР Жоғарғы сотының шешімдерімен қаулылары “Қамбар-Ата” шаруа қожалығының иелігіне Сайрам ауданынан өмірлік мерзімге берілген (кемінде 49 жыл) жердің келісімсіз, ескертусіз алынуы мен оны мемлекет мұқтажына деген мақсатпен алудағы еліміздің “Жер туралы” заңы мен Жер Кодексі баптарынын бұзылуына байланысты біздің талап-арыздарымызды қанағаттандырды. Қала мен даладағы айықпас дардай дауға айналған тірлікті Шымкент қаласындағы Еңбекші және Әл-Фараби аудандық соттары дұрыс шешіп, кезінде біздің жақтастарымызға айналды, әділдік айтылды ОҚО экономикалық сотының 02.08.2006 және 08.04.2011 жылдардағы шешімдерінде біздің шаруа қожалығының арызы толық қанағаттандырылған. Қалалық жер комитеті мен біздің арамызда 31.07.2008 жылғы сот ұйғарымы орындалмады. Қалалық жер комитеті одан саналы түрде бас тартты. Осындай игілікті шешімдер ОҚО экономикалық сотының 10.10.2013 жылғы шешімімен мүлдем басқа арнаға түсті. Екі бірдей баға қойылған жердің өтем құны әуелі 60 648 408 теңге, кейінірек 34 255 598 теңге болып бекітілген. Сот ол берілетін өтемдік қаржының қожалықтағы жылжымайтын мүліктерге, құрылыстарға, көшеттерге және басқа жұмыстарға бағаланғандығын есепке алмай, оны 100 гектардың құны ретінде көрсетіп, мүлдем жөнсіз шешім қабылдады. 2007 жылы қаржы полициясы аға тергеушісінің Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғ.Жұмжаевқа қатысты қозғалған №07510005100067 қылмыстық іске байланысты менің берген арызыма орай біздің материалдық шығынымыздың жалпы құны 763 447 558 белгілеген болатын. Мүлік құнын тәуелсіз орталық серіктестігінің 25.04.2018 жылғы бағалауы бойынша бізге тиесілі өтем мөлшері 593 840 000 теңге болып тағайындалды. 2006 жылы мамырда ОҚО сотының азаматтық іс жөніндегі коллегиясы “Нұрсәт” көп қабатты аудан құрылысын салу кезінде шаруа қожалығының 3 гектар жоңышқалық алқабының бір жылдық өнімін жинауға мүмкіндік бермеуге байланысты Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы бөлек ғылыми өндірістік орталығы мен Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы тарапынан тексеру, талдау жүргізіліп, олар берген сараптамалық анықтамаға байланысты істі қарап, Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен 237600 теңге материалдық шығынды қожалыққа беру жөнінде қаулы қабылдап, 3 гектардаң басқа иеліктегі жерді дербес қалдырды. Тіптен 08.08.2012 жылғы ОҚО арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аудандық соттардың 2006 жылғы шешімдерін толық қуаттап, жерге байланысты Қазақстанның Заңы мен Кодексің, заң күші бар ел Президентінің Жарлығын басшылыққа ала отырып, ”Однако, суд не находит данного обстоятельствово основанием для отказа в выплате сумму понесенного истцом материального ущерба. В соответствии с. ч.4, ст.84 Земельного Кодекса Республики при изъяти земельных участков для государственных нужд землепользователям возмещаются убытки в полном объеме”. Необоснованны довода ответчиков, о том, что решением Енбекшинского районнога суда от 2006 года местным исполнительным органом была выплачена КХ ”Камбар-Ата” cумма понесенных убытков, так как данным решением суда с городского акимата в пользу истца взыскана сумма ущерб не за 100 га земель, а только в размере 237600 тенге. В связи с изложенным, суд считает, что иск подлежит удовлетворению частично, то есть в данном случае, ответчиками должно оцениваться сумма ущерба за 97 га земель” деп білместің өзі жанымен түсінетіндей заңды тұжырымды түйіндеп, арнайы тексеруде қожалық жерінін он жылдай өз мақсаты мен міндеті-ауылшаруашылығы жұмыстарына лайық іс атқарылғандығын, құрылыс, көшет отырғызу, жылыжай салу артезиан қазу, бау-бақша алқабын іске қосу мен басқа да сан алуан игілікті тірлік жүргізелгіндігін ерекше атап көрсете келе жұмсалған қаржыларға, кеткен шығынға байланысты “Обязать аппарат акима г.Шымкент, ГУ ”Отдель земельных отношений г. Шымкент” произвести оценку фактически понесенных убытков за 97 га земель изъятых у КХ “Камбар-Ата” для государственных нужд” деп шешім қабылдап, ол арада ай өткенде, яғни 13.09.2012 жылы заңды түрде күшіне енген. Бұдан артық қандай әділдік, қандай заңға сай қорытынды қажет?
Жеріміздің 40 гектарын суармалы алқапқа өз күшімізбен қостық, талайлардың қолына жұмыс бердік. 2007 жылы қала әкімі Ғ. Жұмжаевтің үстінен біздің қожалыққа жасалынған заңсыздықтарына байланысты арыз жаздық. Ол қаржы полициясына алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бізге тиесілі жерді мемлекет мұқтаждығына деп алып отырып, оның 8,8 гектарын жекелеген азамттарға құрылыс салу үшін беріп жіберді. Арасында өзінің туған келініне де өзге біреудің жері сауда орнын салу үшін тартып әперілген. 2005 жылдың 14-ші ақпанында Ғ. Жұмжаев №804-ші қаулы қабылдап біздің қожалықтың және басқа қожалықтардың жерін алып, 170-тей азаматқа жай салу үшін 10 соттық жерді 200 теңгеден үлестірді. Оны алғандардың ешқайсысы жерге иелік етпеді. Олардың артында сот, прокуратура әкімдік билігінде отырған дәулер тұрды. Нағыз парақорлық, заңсыздық әкім тарапынан орын алды, сыбайластыққа жол берілді.Қазір ол жерлерде лауазымды адамдарыдың зәулім сарайлары тұр. Мен мұны толық дәлелдеп бере аламын. ”Нұрсәт” үшін алынған жеріміздің қатарындағы 15 гектар сол көп қабатты жаңа салынған ауданда болмаса да, оны сырттай тағы да жеке азаматтарға астыртын ақшаға сатты. Сол үшін сотқа бергенімізбен, Ғ. Жұмжаевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс талай мәрте тоқтатылып, ақыры 2016 жылы мүлдем жабылып тынды. Заң бойынша мемлекетке алынған біздің жеріміз үшін соның дәрежесіндегі басқа жер, немесе қаржылай өтем берілуге тиіс болғанымен, оны осы уақытқа дейін ала алмай келеміз. Жүйкеме жүк түсіп, саулығыма зиян келіп екінші топтағы мүгедекке айналдым. Біздің елде заң біреу болып белгіленгенмен, заңгерлер оған үстірт қарап, өздерінше заңсыз қорытындылар шығарып келе жатқандығына мемлекет пен үкімет басшысының, заңды қадағалайтын Бас прокуратураның, шешімдерді бағалайтын Жоғарғы соттың тарапынан тексеру мен терең талдау жасалынады, сөйтіп біздің иелігімізден алынған жердің тиісті өтемі Шымкент қаласы бюджеті есебінен қайтарылады деген үмітімізді жоғалтпай, сенімімізден айырылмай, осы арызды жоғары жақтың назарына ұсынып отырмыз. Бұл мәселеге Шымкент қаласының әкімдігі қызметіне жаңадан келген Е.Айтаханов мырза да үлкен жауапкершілікпен қарайтын болар деп ойлаймыз.
Арыз иесі Г. Бегалының осы тұжырымды арызына тиісті орындардан оң нәтиже шығуға көмек болады деген ойымызды редакция тарапынан біздің де жоғалтқымыз келмейді.

Б. КАМАЛ,
Шымкент қаласы.

Оңтүстік Кореяда «Шырайлы Шымкент» дәмханасы ашылды. Осы айда ашылған дәмханаға мұндай атауды оның иесі Сәуле Қосақаева берген. Нысан Оңтүстік Кореяның Ёнсан қаласында бой көтерген. Ол қала сол мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Яғни, тұрғындар, әсіресе Қазақстаннан барған азаматтар осы дәмханаға бас сұқса, климаты әрқашан жұмсақ Шымкентте жүргендей әсерге бөленеді.

Кәсіпкер бұл нысанды Ёнсанда жұмыс істейтін ТМД елдерінен келген достарының өтініші бойынша ашқан. Шетелден келгендер үшін корей тағамына үйрену қиын екенін ол жақсы біледі. Себебі, өзі де кезінде жергілікті зауыттардың бірінде жұмыс істеген. Сондықтан да бастаған ісі баянды боларына сенімі зор болған.
Бірақ дәмханаға шетелден келетін қазақтар ғана емес, Ёнсан тұрғындары да келіп тұрады екен. Олар қазақтың ұлттық тағамы бешбармаққа тапсырыс береді. Жылқы етінің дәмін де ұнатқан. Өз кезегінде Сәуле Қосақаева жергілікті тұрғындар тапсырыс беру кезінде ет, самса, кәуап сынды тағамдарға жиі таңдау жасайтынын айта келе: «Қуырдақ, бешбармақ, нарын, сорпа, лағман істейміз. Тағамға қосатын ет өнімдері халал. Халал сертификатымен аламын. Сондықтан сол етті жеу үшін көп мұсылман елдерінің азаматтары келеді», — дейді.
Дәмханаға келушілер тек ұлттық тағамдарымыздан дәм татып қана қоймай, қазақтың әндеріне де билеп қайтады екен.
Мекеме директоры Сәуле осы істі бастаған кезде өзінің жары Чой Ён Джудың қолдауы көп болғанын жасырмайды. Осыдан екі жыл бұрын кездескен олар, көңілдері жарасып, ерлі-зайыпты атанған. Қазіргі таңда Сәуленің үш баласы бар. Чой Ён Джу оларды өз балаларындай Кореяға әкеліп қамқорлық танытқысы келетінін айтады. Ал Чой Ён Джудың бірінші некесіндегі ұлы Сәулені өз анасы ретінде санайды екен.

С. НҰРАЙ.

Шымкентте Израиль, Германия, Латвия, Ресей мемлекеттерінің білікті кардиологтары шақыртылған перфузиологтар конференциясы өтті. Әдетте перфузиологтар жүрекке ашық операция жасау кезінде қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз етеді.

Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық шараға Қазақстандағы және аймақтағы перфузиология саласының мамандары қатысты. Жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысып қалалық кардиологиялық орталықта перфузиология саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кардиохирургиядағы өзекті мәселелердің шешімін талқылаған дәрігерлер перфузиология саласын дамыту ашық жүрекке жасалатын оталардың дамуына, жүрек ақауынан пайда болатын мүгедектіктің пайда болуын алдын алуға ықпал ететінін алға тартты. Және де олар осы саланы дамыту қоғамда жұмысқа қабілетті адамдардың көбеюі мен өлім-жітімнің азаюына зор ықпал ететініне де баса назар аударды.
Конференцияда шетелдік мамандар тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған саланы дамыту жолдарын атап өтті.

С. НҰРАЙ.

Шымкенттегі Бейнелеу өнері мұражайында «Жетістіктің 70 жылдығы» атты арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Онда құрылғанына 70 жыл уақыттың жүзі толған көрші Қытай халық Республикасының өткен тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін 150-ден астам фотосурет қойылды.
Көрмеде қойылған суреттер арқылы аспан асты елінің 1949 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі құрылысы, саясаты, экономикасы, мәдениеті, экологиясы, қалалары мен халқының тұрмысы туралы деректер айшықталады.
Көшпелі көрмені Шымкенттен бөлек, Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар өңірлерінің тұрғындары тамашалай алады. Қытай тарихынан мол мағлұмат беретін бұл көрмені шымкенттіктер 1-желтоқсанға дейін тамашалай алады.

С. НҰРАЙ.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкентте біраз жобалар қолға алынды. Мәселен, қалада қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Шымкентте біраз жобалар қолға алынды. Мәселен, қалада қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелі ең жоғары білім, денсаулық сақтау және сәулет, қала құрылысы салаларының қызметтері автоматтандырылған. Бұдан бөлек, ата-аналардың балабақшаның, мектептің қазіргі жағдайын ақпараттық жүйеден көре алу және электронды түрде өтініш жолдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кез келген тұрғын дәрігердің жұмыс кестесін ақпараттық жүйе арқылы көріп, оның бос уақытына сәйкес алдын ала жазылуына болады. Шымкент қаласында бұл жүйе қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.
Бұл туралы Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде еліміздің үшінші мегаполисін цифрландыру бойынша «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және «SMART SHYMKENT ДАМУ стратегиясы» тақырыбында өткен форумда айтылды.
Форумға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А. Оспанов, Шымкент қаласының әкімі
Е. Айтаханов пен қазақстандық IT-қауымдастық өкілдері, Түркістан облысы мен қалалық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысты.
«Smart Shymkent даму» форумында Қытай, Германия, Белоруссия мен Эстония елдерінен келген спикерлер IT-технология саласында өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде олар саланы дамыту бағытында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар болып, озық технологиялардың бұдан басқа да жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібін талқылады.

С. НҰРАЙ.

Шымкент қаласын дамытуда шағын және орта бизнес өкілдерінің қосып жатқан үлесі зор. Жергілікті
билік алдағы уақытта да олардың бастамаларына қолдау білдіруде аянып қалмайды.

Жуырда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен және жергілікті инвесторлармен кездесу кезінде осылай деді.
Әкімдік мәжілісінде емес, еркін форматта дастархан басында өткен басқосуда қала әкімі кәсіпкерлерге атқарушы орган тарапынан дайындалған тұрғын үй құрылысы, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, өндіріс салаларын дамыту мақсатында жаңа жобаларды таныстырып, бизнес өкілдерін мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында оны жүзеге асыруға шақырды.
Сонымен қатар ол, 306 гектар аумаққа жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жылыжай кешенін дамыту мақсатында қаланың әуежай маңынан 136 гектар аумаққа агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, бұл кәсіпкерлер үшін кәсібін дамытуға жаңа мүмкіндік екенін айта келе: «Барлық дамыған мемлекеттердегідей шағын және орта бизнесті қаланың локомотивіне айналдыруымыз қажет. Ол үшін барлығымыз бірлесе жұмыс жүргізуіміз керек. Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, өздеріңізді аталған жобаларға атсалысуға шақырамын. Бұл жобалар қаланың әлеуметтік мәселесін шешіп қана қоймай, экономикалық тұрақтылықты сақтауға, инвестиция көлемін арттыруға зор үлесін қосатын болады», — деді.
Қазіргі таңда Шымкентте 500-ден аса ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары, 68 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

С. НҰРАЙ.

Түркістан қаласындағы Н. А. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында дәл осындай тақырыппен көрме болды. 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған шараға ұстаздар мен оқушылар қатысып, онда музей қорында сақталған 1993 жылғы қағаз ақшалар мен металл теңгелердің түрлері оқушылар назарына ұсынылды. Өз кезегінде олар мерекелік теңгелерді де тамашалады.
Шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырды.
Көрме барысында «Қазақстан территориясындағы ақша айналымы» тақырыбында лекция оқылды. Онда 1993 жылдан бастап қолданысқа енген және қолданыстан шыққан ақшалар жайлы түсініктеме беріліп, олардың тарихы айтылды. Музейдің қор сақтаушысы Толқын Жолдасов тарихи деректерді тыңдап білуде балалардың қызығушылығы зор екенін мәлімдеді.

С. НҰРАЙ.

Елбасының «Жастар жылына» орай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмысшы жастарды қолдау мақсатында 3000 пәтерді бес жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз беру туралы тапсырмасының үшінші мегаполисте орындалатын күнінің ауылы алыс емес.

Жыл соңына дейін Шымкентте 1,2 және 3 бөлмелі 904 пәтер 29 жасқа дейінгі азаматтарға берілетін болады. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 25 — 29 қараша аралығында өтінімдерді қабылдау жүргізіледі. Басты талап өтінім иесінің тұрақты жұмыс орны болуы тиіс. Сонымен қатар, соңғы екі жылда қалада тіркеуде тұратыны, үйге меншік иесі болып табылмайтыны және ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 мың теңге) көлемінен төмен емес, банктегі жинақ шоты мен отбасы бар жастар қатыса алады.
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол, «Жастар жылы» аясында жастарға сатып алу құқығынсыз берілетін бұл үйлердің жалға беру ұзақтығы 5 жылды қамтитынын айта келе: «Шымкентте 304 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын. 600 пәтер нарықтағы үйлерден сатып алынады. Жалпы, 904 пәтерге 6,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын жайлар 2019 жылды қоса алғанда 3 жыл бойы беріледі, — деді.
Жалпы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін мұндай үйлер еліміздің үш мегаполисінде 2019, 2020, 2021 жылдары берілетін болады. Осы айдың басында еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжілісте «Жастар жылын» қорытындылау кезінде жастарға жалға берілетін баспананы еліміздің басқа өңірлерінде салу 2022 жылдан бастап қолға алынуы мүмкін екенін алға тартқан болатын.
Шымкентте жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлерге ие болу үшін өтінімдерді қабылдау Республика даңғылы, 12а ғимараттың І-қабатында сағат 9:00 мен 19:00 аралығында қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін өтінім иелері нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін, (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), білімі туралы құжат көшірмесін, неке қию туралы куәлік (бар болса) көшірмесін, балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесін, өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар көшірмесін ұсынуы қажет.
Қосымша мәліметтерді 24-74-85 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Бүгінде Қазақстанда 3,8 миллион жас бар. Олардың 2,2 миллионы қалада, ал 1,6 миллионы ауылда тұрады.

С. НҰРАЙ.