Маңызды

Берік УӘЛИ, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

Осы жұмада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Берік Уәли ел президентінің төрт айда атқарған жұмыстары жөнінде толыққанды деректермен бөлісіп, орындалған жұмыстар туралы өз ойын ортаға салады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлігі мен азаматтық келбеті жөнінде кең көсіледі. Және оны әлемдік саясатқа ықпалы бар саясаткерлердің қалай қабылдап, құрметтегенін тілге тиек ете кетеді. Берік Уәли қазіргі мемлекет басшысының бірнеше тілде суда жүзген балықтай еркін сөйлей алатынын былай деп келтіреді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес тіл білетінін елдің бәрі біледі. Бірақ бір күнде бес тілде сөйлегенін ешкім көрмеген шығар. Біз соны көрдік. Астана экономикалық форумына арнайы келген Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен қазақша бастап, сөзін қытайша жалғастырды. Одан кейін бұрын Францияның экономика және қаржы министрі болған, бүгінде Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен французша тілдесті. Сондай-ақ форумға қатысушы шетелдік жетекші сарапшылармен өткен басқосуда ағылшын тілінде, ал Арменияның президенті Армен Саркисянмен және Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Грефпен орысша сөйлесті.
Ақыры орайы келгенде айта кетейін, Бішкектегі ШЫҰ саммитінен кейінгі қонақасы кезінде Қытай мен Үндістан мемлекет басшыларының ортасында отырып, бірімен қытайша, екіншісімен ағылшынша әңгімелесіп отырды. Ал өзге елдің басшылары аудармашы арқылы сөйлесіп отырғанын көрдік.
Сонымен қатар ол, Қасым-Жомарт Кемелұлының әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы ретінде, оны өз қызметінде тиімді пайдалана алатындығын бірнеше мысалдар келтіру арқылы баяндай келе, «Мемлекет басшысы 2011 жылдан бері Твиттер әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы бөлімшенің Бас директоры қызметінде жүріп, «виртуалды желінің» мүмкіндіктерін кең пайдаланған. Бүгінде Мемлекет басшысының твитінде 130 мыңға жуық оқырманы бар.
Қазір Президент Твиттердегі парақшасынан еліміздегі қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық, саяси мәселелерге немесе оқиғаларға қатысты пікірін жазып, ұсыныстары мен тапсырмаларын беріп отыр. 280 таңбалы қысқа әрі нұсқа жазбаның ықпалы өте зор. Себебі қазіргі заман ұзақ-сонар баяндамаларды емес, мейлінше ықшамдылықты талап етеді. Сондай- ақ мұндай жұмыс стилінің басты ұтымды тұсы – уақыт үнемдейтіні. Президент үшін бұл – өте маңызды фактор. Себебі берілген тапсырманың дереу назарға алынып, қажетті шешімін табуы – басты мақсат.
Егер салыстырмалы түрде айтатын болсақ, әлемдегі Твиттер желісін ең бел- сенді пайдаланатын саясаткер Дональд Трамп екен. Оның өзі твитін тек ағыл- шын тілінде жазады. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, яғни 3 тілде жазады, — деген.
Газеттің 24-шілде күнгі санында жарияланған «Күн тәртібінде: ашықтық және қоғаммен кері байланыс орнату» атты бұл мақалада бұдан бөлек, мемлекет басшысының қандай басылымдарды үзбей оқып, қай телеарнаны сүйіп тамашалайтыны және т .б т үрлі т ың д еректер а йтылады.

С. НҰРАЙ.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап көп балалы,
әлеуметтік жағдайы төмен, отбасы мүшелерінің жалақысы 42 мың теңгеден аспайтын жанұядағы әр бала үшін 21 мың теңге жәрдемақы тағайындалған осыған орай тиісті құжаттарды реттеу кезінде елде біраз шу орын алғанын жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Себебі, билік жәрдемақыға шын мұқтаждардың есебін шығару үшін өтінім берген отбасының барлық табысын тізіп шыққан болатын. Бірақ арада бірнеше ай өткенде осындай есеп жүргізу кезінде ауқатты отбасылардың түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, табыстарын жасырып, өздерін талғажау болар тамақты әрең тауып жүргендердің қатарына қосып, жәрдемақы алғаны анықталды.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифинг кезінде еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді. Өз кезегінде ол атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді естігеннен бастап, бақуатты отбасылардың да бұдан құр қалмауға талпынғанын, сөйтіп, шын табыстарын жасырып, тіпті жалған ажырасып үлгергенін жеткізді. Және де ол осындай әрекеттерге барғандарды анықтау үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен аймақтарды аралайтын топ құрылып, олар зәулім үйі мен жол талғамайтын қымбат автокөліктері барларды суретке түсіріп, өтіріктерін бетіне басқанын алға тартты.
Енді атаулы әлеуметтік көмекті алу кезінде заңды бұзып, шындықты бүкпелеген шырақтарың мемлекеттен алған ақшаларын қайтарып беруге міндеттелуде. Егер алаяқтық жолмен мемлекеттен алған қаржыны қайтармайтын болса, олардың ісі сотта қаралмақ.
Сәуір айынан беріле бастаған атаулы әлеуметтік көмек 1,5 млн. адам саны бар 240 мың отбасыға тағайын-далған болатын. Қазіргі таңда олардың 2 мыңға жуығының «бармақ басты көз қыстыға» барып, жәрдемақы алғаны әшкереленіп отыр.
Осы деректерді мәлімдеген Гүлшара Әбдіхалықова қитұрқылық қадамға барғандардың арасында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы азаматтарының саны басым болып тұрғанын жайып салды.

А.САТЫБАЛДЫ.

Шымкент Еуропа қайта құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» атты әлемдік жобасына енгізілген 31-ші қала атанды.
Бұл жобаға енудің арқасында алдағы уақытта үшінші мегаполисте жарықтандыру жұмыстары жанданатын болады. Жаңа кәріздік тазарту құрылыстарының қарқын алуы іске асады. Жоба құны 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм парақшасы арқылы хабарлады. Ол осы мақсатта аталған Еуропа Қайта Құру және даму банкінің Лондондағы (ЕҚДБ) штаб пәтерінде болып келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумға қол қойғанын да жазған. Жалпы Шымкент Қазақстан бойынша іргелі банктің «Жасыл қалалар» атты жобасына қатысып отырған ең алғашқы қала болып тұр. Соған сәйкес мегаполисте энергетикалық және коммуналдық шаруашылық с аласында з аманауи э кологиялық жобалар жүзеге асады

Шымкент Еуропа қайта құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» атты әлемдік жобасына енгізілген 31-ші қала атанды.
Бұл жобаға енудің арқасында алдағы уақытта үшінші мегаполисте жарықтандыру жұмыстары жанда-натын болады. Жаңа кәріздік тазарту құрылыстарының қарқын алуы іске асады. Жоба құны 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің инстаграм парақшасы арқылы хабарлады. Ол осы мақсатта аталған Еуропа Қайта Құру және даму банкінің Лондондағы (ЕҚДБ) штаб пәтерінде болып келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумға қол қойғанын да жазған. Жалпы Шымкент Қазақстан бойынша іргелі банктің «Жасыл қалалар» атты жобасына қатысып отырған ең алғашқы қала болып тұр. Соған сәйкес мегаполисте энергетикалық және коммуналдық шаруашылық с аласында з аманауи э кологиялық жобалар жүзеге асады.
Апта басында еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы ө тті. О ған б арлығы 1 8 б ригада қатысты. Жарыста Шымкенттен барған қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бригадасы барлық талаптардан өту кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болған.
Өмір сүру сапасын барынша жақсартуға бағытталған шарада жерлестеріміз азаматтардың түрлі жарақаттар алғанда, анафилактикалық шок болғанда, ЭКГ оқуда, ай күні толған әйелді босандыруда, клиникалық өлім жағдайында жедел түрде тиісті медициналық көмектерді сауатты әрі сапалы к өрсету с ынды с ындарда з ор н әтижеге қол жеткізіп, жеңімпаздар тұғырынан көрінді.
Шараға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты. Өз кезегінде ол:
– Елімізде денсаулық сақтау жүйесіне, соның ішінде жедел медициналық жәрдем қызметіне баса назар аударылған. Бұл төртінші республикалық конкурсты біздің ұлттық жедел, шұғыл медициналық кординация орталығы өткізуде. Мақсат – осы конкурсты жалпы оқу мәселе бойынша қосымша жаңа тренинг өткізуге пайдаланып отырмыз. Бұл жиынға халықаралық деңгейден келген сарапшылар да қатысуда,-деді.
Сонымен қатар ол, жедел медициналық жәрдемнің қызметін жақсарту үшін 2021 жылға дейін 800- ге жуық жаңа көлік сатып алынатынын және 2025 жылға дейін медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 550 мың теңгеге дейін жететінін мәлімдеді.
Ата л ған шарада Шымкенттен барған бригада құрамында дәрігер – Максат Малыбаев пен Бауыржан Уринбаев, Салтанат Медетбек сынды білікті фельдшер мамандары болды.

Жуырда «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Арыс қаласындағы апат кезінде эвакуациялық пункттерге жеткізілген тұрғындарға көмек көрсеткен жас белсенділерді Алғыс хатпен марапаттады. Жастардың жігерін жандырған бұл басқосуда Шымкентте «Еріктілер лигасы У 17» қоғамдық бірлестігі құрылғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай үшінші мегаполисте тың тірлік қолға алынып, «Еріктілер лигасы У 17» қоғамдық бірлестігі құрылды. Оның негізін қалаушы Сайра Амантаева барлық шымкенттік еріктілерді осы «Еріктілер лигасы У 17» қоғамдық бірлестігінің мүшесі болуға шақырады. Қоғамдық бірлестік 10 мың альтруистті қамтуды көздеп отыр. Өз ке-зегінде Сайра Амантаева «Президент келер жылды «Еріктілер жылы» деп атады. Бұл тамаша бастама. Жалпы еріктілердің қоғамға тигізер пайдасы көл-көсір. Олар жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, жанашырлық, қайырымдылық сынды түрлі жақсы қасиеттерді сіңдіреді. Сонымен қатар, жауапкершіл, бастамашыл әрі бел-сенді болуға үндейді. Әрдайым жинақы жүруге баулиды. Қазіргі таңда қаламызда еріктілердің қатысуы қажет етілетін немесе әбден құпталатын көптеген әлеуметтік сипаттағы қоғамдық іс-шаралар көп өткізіледі», — деді.
Қоғамдық бірлестік көшбасшы, оқушылар мен студент еріктілерді біріктіріп, оларды бір мақсатта, бір бағытта жұмыс істеуге жұмылдырып отыр.

Шымкенттің спортшылары осы жылдың 6 айында Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, қоржынға 272 алтын, 256 күміс, 278 қола медаль олжа салған. Бұдан бөлек олар, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 32 алтын, 14 күміс және 17 қола медальді иеленіп, намысты қолдан бермеген. Есепті кезеңде үшінші мегаполистің сайыпқырандары Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальге ие болып, мемлекет абыройын асқақтатқан.
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеді.

Басқарма басшысы дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын Ұлттық құрамалар сапында ойын көрсететін ойыншылар қатарында шымкенттік спортшылардың да жетерлік екенін, атап айтқанда, ұлттық құрамада 433 – ересектер, 413 – жастар және 226 – жасөспірімдер бар екенін айтты.
Қаламызда бабы шыңдалған спорт шеберлері де жыл сайын көбейіп келеді. Спортшылардың тәжірибесін толыстыруда жаттықтырушылардың сіңірген еңбектері зор. Ағымдағы жылдың алты айында қалада 13 ха-лықаралық дәрежедегі спорт шебері, 80 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 161 спорт шеберіне үміткер спортшылардың дайындалғаны соған негіз.
Е л ба сы, Тұ ң ғ ы ш Пр е зи ден т Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің кезекті Жолдауында «2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылуы керек» деген болатын. Бұл тапсырманың Шымкент қаласы бойынша орындалу барысы туралы Ә. Нұртаев:
– 2019 жылдың 6 айында қала аумағында 222 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысты. Өңірімізде с портпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 281 235 адамға жетті. Бұл жергілікті халықтың 27,8% құрайды, -деді.
Саланы дамытуда материалдық- техникалық базаның заман талаптарына сай жарақтандырылуы зор ма-ңызға ие. Бұл бағыттағы жұмыстар да жүйелі дамып келеді. Мәселен, қазіргі таңда қалада 848 спорт нысаны тіркелген. Атап айтқанда, 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғылар кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж (жеңіл атлетикалық-3, футбол-1, ат манежі-1), 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 434 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 249 спорт зал, 70 орнатылған спорт зал бар.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спортты дамыту үшін арнайы спорт клубының жұмыс істеуі жолға қойылған. Бұл клубта 600-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 18 түрі бойынша жаттығуда.
Шымкент қаласында мемлекеттік меншіктегі 30 спорт мекемелері мен кәсіпорындары және 1 акционерлік қоғам жұмыс атқаруда. Олар: 2 жоғары спорт шеберлер мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мек-тептері, олимпиада резервін даярлау орталығы, 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 5 спорт клубы, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері. Бұл нысандарда б арлығы 6 1 ( 37 о лимпиадалық, 24 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда.
Осы және өзге де бірқыдыру жетістіктерді тілге тиек еткен басқарма басшысы жыл басынан бері Шымкентте 10-нан астам респбуликалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілгенін мәлімдеді.