Маңызды

Нұрғазы БҰХАРБАЕВ: Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

«Қоғамдық Кеңестің жұмысы халық пен биліктің ортасында көпір болып жүретін мәслихат депутаттарының жұмысына әбден ұқсайды. Мәслихаттың мақсаты халықтың көкейіндегі проблемасын шешу, соны мінбердегілерге жеткізу болып табылады. Қоғамдық Кеңестің көксегені де осы. Бұл қойыртпақ емес пе?».
Соңғы кездері осындай мағынаға ұқсас пікірлер жиі көрініс тауып жүр. Осыған орай біз «Шымкент зообағы» МҚК-нің директоры, қалалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаевпен тілдескен едік.

– Нұрғазы Бақтыбайұлы, Сіз Шымкент қалалық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы болып сайланғаныңызға үш айдан астам уақыт толды. Осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарыңызды бір қорытындылап жіберсеңіз…
– Шымкент қалалық Қоғамдық Кеңесінің 27 мүшесі бар. Оның әрбірі әр саланың машықты маманы. Толысқан, толған азаматтар. Бірнәрсені айта кетейін. Жуырда Қоғамдық Кеңестің мүшелері болған Айгүл Қапбарова Сенат депутаты, Рашид Аюпов Түркістан қаласының әкімі болды. Игорь Вербицкий Шымкенттегі орыс драма театрының директоры болса, Икрамжан Хашимжанов қала күнінде Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Осының өзі Қоғамдық Кеңес мүшелерінің қатардағы азаматтар емес, өз ісінің кәсіби мамандары екені анық байқалады.
Қоғамдық кеңестің отырысы айына бір рет өткізіледі. Қоғамдық кеңес бұл кез келген мәселелерге а раласып, биліктегілерге, мемлекеттік мекемедегілердің жұмыстарына ұсыныстар беріп, қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелерге қандай да бір тараптардың көзқарасын өзгерту немесе жақсы нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Әзірге Қоғамдық Кеңестің шешімі ұсыныс беруден арыға аспай тұр.
Басқосуда біз қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан барлық проблемаларды талқы-таразысына салып, мәселе-ден шығар жол таңдап, соны іске асыру туралы тиісті органға ұсыныстар жолдаймыз. Осы кеңеске төраға болып сайланғаннан бері үш жиын өткіздік. Өз тарапымыздан айтылған бастамалар болды. Оның барлығын хаттама негізінде қағазға түсіріп, уәкілетті органға жолдадық. Қазір қаралып жатыр. Сондықтан да жұмысымызды қорытындылайтын уақыт толмады. Ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге қол жеткізуге үш ай мерзім аздық етеді. Жалпы Қоғамдық Кеңестің қызметі ала жаз бойы бидай егіп, күзде астыққа орақ түсіретін нақты кестеге сай орындалатын, нақты бағдарланатын жұмыс емес. Сүбелі жұмысқа қол жеткізу үшін бізге бір ай, төрт ай немесе бір жыл уақыт қажет болуы мүмкін.
–Ендеше, сіздер қандай бастама көтердіңіздер, нені алға тарттыңыздар? Қандай проблемаға нүкте қоя алдыңыздар?
– Жоғарыда әр айда бір рет бас қосатынымыз туралы айтып өттім. Сол жиында Қоғамдық Кеңеске қалалық әкімдікке қарасты 22 басқарма мен өзге де мекемелер есеп берді. Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқыға саламыз. Олардың базыналарын тыңдаймыз. Қандай бір кезек күттірмейтін проблеманың шешілуіне нендей жағдайдың себеп болып жатқанынан хабардар болсақ, оны әкімнің, мәслихаттың қарауына жолдаймыз. Үш айдан бері Қоғамдық Кеңес тарапынан уәкілетті органға 20-ға жуық ұсыныстар берілді. Оның барлығы салмағы ауыр мәселе.
Не мәселе көтердіңіз, қандай проблеманы шештеңіздер деп сұрап жатырсыз. Қоғамдық Кеңес тарапынан анықталған, айтылған олқылықты айтсақ, біреудің жүнін жығуға оқталғандай боламыз. Бірақ дегенмен де, жауап беруден тайқығанның керіне түспей, бір ғана мысалды айта кетейін. Жуырда Қоғамдық Кеңесте тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған, қазіргі таңда басшы орынбасары болып жүрген Нұрлан Бектұрсынов бір қағиданы б екіту ү шін е сеп б ерді. Сол кезде бізге мәлім болған жағдай, білдей бір басқарманың басшысы өзіне тікелей қатысты жәйттерден мүлдем хабарсыз болғаны еді. Ол Шымкентте қанша мазараттың бар екенін дөп басып айта алмады. 76 деді. Айналып келгенде қаладағы қорым жердің саны 83 екен. Олардың 37-нің ғана мемлекеттік актісі алынған. Қалғанының актісі жоқ. Үш жылдан бері осы тірлікті тыңғылықты тындыра алмаған. Бұл жұмыстарды орындауда түйе толғақпен жүре берген. Осындай бейқамдықтың салдарынан, ертеңгі күні тиісті мекеме мазарат телімдерін ешкімнің меншігіндегі жер деп т анып, ө згелерге ү лестеріп, н әтижесінде мемлекеттің мүлкі талан- таражға түсуі әбден мүмкін. Сонда жапа шегетін кім? Әрине халық. Ал қара бет болатын кім? Міндетті түрде билікте отырған азаматтар. Мазараттарға тиісті абаттандыру жұмыстарын (қоршау, жол салу) жүргізу үшін оның міндетті түрде мемлекеттік актісі болуы керек. Онсыз атқарушы орган ол жерлерге бірде-бір жағдай жасай алмайды. Содан соң біз ол кісіге жарты жыл ішінде осы жұмысты бір жүйеге түсірмесең, мәселені әкім назарына май шаммен қарауға жолдаймыз деп талап қойдық. Мұның өзі біле білгенге үлкен дауды, проблеманы алдын алу бойынша атқарылған жұмыс деп санаймын.
Бұдан бөлек мектептегі асханалардың мәселесін де үнемі бақылауда ұстау туралы білім басқармасындағы жауапты мамандарды пысықтап жүреміз.
– Соңғы кездері «Бір қарағанда Қоғамдық Кеңестің жұмыстары халық пен биліктің ортасында көпір болып жүретін мәслихат депутаттарының жұмысына әбден ұқсайды. Мәслихаттың мақсаты халықтың көкейіндегі проблемасын шешу, соны мінбердегілерге жеткізу болып табылып тұр ғой. Қоғамдық кеңестің көксегені де осы. Бұл қойыртпақ емес пе?» деген пікір айтылып жүр. Сіз бұған не айтасыз?
– Иә, тура осы тұрпаттағы сөздерді көпшілік жиі айтады. Яғни, Қоғамдық Кеңесті мәслихаттың қайталануы деп көксейді. Айналып келгенде, ондай емес. Мәслихатқа д епутаттар сайланса, сайлаушылар өзінің аумағындағы жәйттерді биліктің назарына жеткізеді. Депутат біреудің бақшасына барып бас сұқпайды. Тек өзі сайланған округтің төрт құбыласын тең етуге күш салады. Ал Қоғамдық Кеңесте мұндай шектеу жоқ. Біздің бақылауымызға барлық мәселе кіреді. Қоғамға не керек сол нәрсені біз талқылауымыз керек. Қандай да бір шикіліктер анықталса, толықтырулар талап етілсе, біз өз тарапымыздан ұсыныс береміз. Барлық мәселелер Қ оғамдық К еңестің қ арауынан өтеді. Ұсыныстар бізден кетеді. Содан соң мәслихатқа жетеді.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, мәслихат депутаттары сайлаудан басқаша тәртіппен өтеді. Ал Қоғамдық Кеңесте қ оғамдағы б елсенділер, Ү ЕҰ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер бар. Белсенділердің барлығына мәслихаттан орын табыла бермейді. Сайлауға ат қосқан, бірақ өте алмай қалған біраз азаматтар бар. Бірақ олар да өз деңгейінде қоғам дамуына үлесін қосып жүрген азаматтар. Ал оның мүмкіндігін, іскерлігін неге пайдаланбасқа?
– «Қоғамдық Кеңестің атқарып жатқан жұмысын мәслихатқа түбегейлі тапсыру қажет» дегенге сіздің келіспейтініңіз айдан анық…
– Заң талабына сәйкес Қоғамдық Кеңес болу керек. Ол заңды Парламентте бекіткен. Оның функциясы мен мәслихаттың қызметі екі түрлі екенін жоғарыда айтып кеттік. Әрқайсысы өз өзімен. Қайта керісінше Қоғамдық Кеңестің қызметі мен міндеттемелерін күшейту керек. Мүмкіндік беру керек.
–Ал мәслихаттың жай-күйі қалай болады?
– Қоғамдық Кеңесте қалаға қатысты мәселелердің көпшілігі талқыланады. Содан кейін мәслихатқа кетеді. Мәслихатта шешім қабылданады.
– Жуырда саясаткер Ермұрат Бапи «Қоғамдық кеңес деген ұйым жалпы азаматтық қоғамға былай бір қарағанда керек сияқты болып тұрады. Ал түптен келгенде оның ешқандай өкілдігі, құзыреті әлдебір тиімді қызметі жоқ әйтеуір бір салақтап тұрған орган. Жалпы бір сөз бар ғой. Соқырішек деген. Қоғамдық кеңес бұл нағыз соқырішек. Мұны кесіп тастасаң да ештеңе етпейді» деген пікір айтты. Бұған Сіз не айтасыз?
– Қоғамдық Кеңес туралы заң жақында пайда болған. Үш жылдан енді асты. Жалпы біз шешім шығара ал-маймыз. Біздің қолда бар барлық қаруымыз – ұсыныс берумен ғана түгесіліп тұр. Осыған орай біз Қоғамдық Кеңестің мүмкіндігін арттыру туралы тиісті жерлерге ұсыныстар беріп жатырмыз. Тек біз емес, әр аймақтар осыны алға тартуда. Соның негізінде жыл аяғына дейін Қоғамдық Кеңес туралы заң басқаша форматта болады деп ойлаймыз. Оның мүмкіндігін арттырсақ, о сы с ынды п ікірлер а йтылмайды деп сенемін.
– Қазіргі қоғамдағы, яғни Шымкенттегі ең өзекті болып тұрған мәселелер қандай?
– Шымкентті үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жуырда Үкімет отырысында «Қаланы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары» қабылданды. Бұл жоспар 10 бағытты қамтиды. Міне олардың барлығын межеленген мерзімінде орындау өзекті мәселе. Оларды бөліп-жаруға болмайды. Барлығы маңызды.
– Сіз «Шымкент зообағы» мекемесінің директорысыз. Мәслихатта тұрақты комиссияның төрағасысыз. Қоғамдық Кеңеске де төрағасыз. Осылардың барлығын алып жүруге қалай уақыт табасыз?
– Ең алдымен адам уақытын жоспарлау керек. Оны тиімді пайдалануға дағдыланған жөн. «Работать надо не 12 часов а головой» деген. Қатып қалған қажетсіз қағидаға қадалмаған абзал. Мәселен, «сағат алты болды мен кеттім» дейтіндер бар. Ол оның құқы. Бірақ сағаттың алты болғанын күтпей ақ, тірліктің барлығын тез тындыруға, сөйтіп өзіңе уақыт арнауға болады ғой. Мысалы, кітап оқып, ізденіп дегендей. Тағы бір мысал. Қазір мен еңбек демалысында жүрмін. Солай екен деп жұмысқа ат ізін салмай жүру тағы болмайды. Осы қазір жұмыс ор-ныма келіп, Сізге уақыт тауып сұхбат беріп отырмын.
—Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Талғат ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ.

Жыл басынан бері Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына полиция мен шенеуніктердің үстінен тұрғындар тарапынан 120 арыз түскен. Өз шағымдарында азаматтар орын-тақта отырғандар мен қызыл жағалылардың қызметін асыра пайдаланғанын алға тартқан. Келіп түскен осыншама шағымның 80-і полиция қызметкерлеріне қатысты болған. Олардың тең жартысы шындыққа негізделіп жазылған шағым екені анықталған.
Бұл деректі журналистерге ағымдағы жылдың алты айын қорытындылаған Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әлиев таратты.
Алты айды сараптаған фемида өкілдері есепті мерзім ішінде мамандандырылған әкімшілік сотының 5340 әкімшілік іс қарағаны мәлімделді. Соның ішінде 2889 іс бойынша жауапкерге айыппұл салынған, 909 іс бойынша қамау жазасы қолданылған, 855 іс қысқартылған, 327 іс бойынша азаматтар ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған, 53 іс бойынша ескерту шарасы көрілген. Автокөліктерді заң талаптарын сақтамай басқарғандар туралы 648 іс бойынша жүргізушілер жүргізу куәліктерінен айырылған. 100-ден аса іс тараптардың бітімге келуімен аяқталған.
Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты осы істер бойынша б арлығы 1 79 м лн. теңгеден аса айыппұлдар салған. Бүгінде оның 78 млн. теңгесі өндірілген.
«Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 653 әкімшілік іс қаралған.
Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әлиев қазіргі таңда Шымкентте тыйым салынған аумақтарда темекі тарту мен алкогольді ішімдік ішу тыйылмай тұрға-нын жеткізді. Айналаны ластауда біраз азаматтың ішкі мәдениеті төмендеу болып тұрғанын атап өтті.

М. ӘБДІРАЙЫМ.

Осы аптада Түркістан облысының прокуратурасында алқа мәжілісі өтті. Жиында қадағалаушы органның 2019 жылдың І- жартыжылдығының жұмыстары қорытындыланды.
Онда ағымдағы жылдың алты айында Түркістан облысы көлемінде криминогендік жағдайды тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда нәтижелі болғаны айтылды.
Мәселен, 2019 жылдың 6 айында өңір бойынша тіркелген қылмыстардың саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6179- дан 4917-ге дейін, яғни 20,4 пайызға төмендеген. Ең көп тіркелетін бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты жасалған қылмыс саны 2906-дан 2049- ға дейін, яғни, 29,5% зайған. Қасақана кісі өлтіру 17 %, тонау 32,1%, қарақшылық 23,5%, алаяқтық 5,3% төмендеген. Прокурорлар есепті кезеңде кәмелет жасына толмағандардың қылмысқа баруы да 116-дан 100- ге, дәлірегі 13,7 пайызға кемігенін, ал оларға қарсы жасалған заң бұзушылық 2,3 пайызға дейін төмендегенін алға тартты.
Бұдан бөлек, прокуратура тарапынан облыс көлемінде 78 тексеру, 216 талдау жүргізіліп, 347 прокурорлық ден қою актісі енгізілген. Нәтижесінде 300 000 жуық азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына залалдың 638,9 млн. теңгесі және 40,8 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген.
Сондай-ақ, кешенді шаралардың нәтижесінде күнгейде кадастрлық бағасы 5,3 млрд. теңгені құрайтын, жалпы аумағы 257,6 мың га болатын игерілмей жатқан жерлер анықталған. Бұл барлығы 4221 учаске болып табылады екен. Прокурорлар қолданған шаралардың негізінде сол игерілмей жатқан жерлердің тең жартысына игеру жұмыстары бастау алған. Құзырлы орган есепті мерзім ішінде сол жерлердің 12 пайызының (33 мың га жер) мемлекетке қайтарылуына ықпал еткен.
Прокурорлар тергеу мен түзеу мекемелерінде 4 тексеру жүргізіп, нәтижесінде сотталған 17 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғаған. Шартты түрде сотталғандардың қайтадан қылмысқа бару дерегі өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 3 пайызға қысқарған.
Жалпы ағымдағы жылдың алты ай көлемінде облыс прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан бар-лығы 3871 арыз-шағымдар келіп түскен. Келіп түскен өтініштерді сапалы әрі жан-жақты қарау мақсатында білікті қызметкерлерден жасақталып құрылған «бейімделген қабылдаулар» өтініш иелерін нақты шешімдер және тиісті жауаптармен қамтамасыз еткен. Бұл жұмыстардың нәтижесінде бір тұлғадан шағымның қайталап түсу деректерінің саны 63-тен 11-ге дейін төмендеген.

Қыдыр ҚАЛИЕВ.

Нұржан ӘЛТАЕВ: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев:
– Сіздер қолдап жүретін көкесі, арқасынан қағатын ағасы барлар ғана жоғары қызметте жұмыс істейді деп ойлайсыздар. Бұлай ойлау қате. Қисынға келмейді. Мысал керек пе? Менде ешқандай көке, ара ағайындықпен жұмысқа тұру болмаған. Жоғары білім алу үшін мен сауда-саттықпен шұғылдандым. Сөйтіп, оқуымның ақшасын өзім төледім. Себебі, анамның оқуымның ақшасын төлейтін қалтасында артық теңгесі болмады. Оңай болмады әрине. Бірақ қазір сол сын сағаттардың барлығы көрген түстей секілді.
Жуырда Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев күнгейге жұмыс сапарымен келген. Сол кезде ол бірқатар нысандарды аралаумен қатар, Шымкенттің белсенді жастарымен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелескен. Басқосу кезінде депутат жастарға келелі кеңестерін айтып, оларды көп тілді меңгеруге, тынбай еңбек етуден жалықпауға, уақытты тиімді өткізуге шақырды.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.

Ағымдағы жылдың алты айында Қазақстанға 7000-ға жуық қандасымыз көшіп келген. Яғни, 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы атажұртқа түбегейлі ат шалдырған.
Бұл туралы деректі еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.
Атамекенге қоныс аударған жанұялардың басым көпшілігін Өзбекстан қазақтары құраған. Есепті кезеңде ала тақиялы ағайындар елінен келген отбасының саны 2355-ті немесе 3800 адамға жеткен. Ал екінші орынға Қытайдан келген көш жайғасқан. Аспан асты елінен 1553 мүшесі бар 1005 адам ат шалдырған. Тарихи отандарына оралуда белсенділік танытуда Түрікменстандағы қандастарымыз үшінші орыннан көрінген. Бұл мемлекеттен 582 адамның туған жерге табаны тиген.
Бұдан бөлек, Моңғолия мемлекетінен 402, Ресей Федерациясынан 145, Қырғыз Республикасынан 46, Иран елінен 62, Тәжікстан Республикасынан 11, Түркия төрінен 11 және өзге де шет елдерден 239 қазақ Қазақстанға қоныс аударған.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.

Қазіргі таңда еліміздің әрбір тұрғыны цифровизация негізінде емханаға тіркелген кезінде оған дәл осындай ұсыныс беріледі.
Егер ол одан бас тартса не болады? Бұл сұраққа еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов төмендегідей жауап берді:

– Қазақстандағы заң бойынша егер әр азамат көзі тірі шағында осындай ұсыныстан бас тартса, жан тәсілім болған кезінде оның органы ағза алмастыру операциялары үшін алынбайды. Ал егер бас тартқанын айғақтайтын қағаз болмаса, туған туыстарының келімісінсіз-ақ марқұмның ағзасы, өзге адамның өмірін сақтап қалу мақсатнда алынады. Заң жүзінде бұған рұқсат берілген.
Бұл норма қазіргі таңда қандай да бір органы сөнген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп жатыр.
Еліміздің бас дәрігері адамдардың біразы бұл ұсыныстарға келісімін беріп үлгергенін алға тартуда. Ал адамдар көзі тірі шағында бұл ұсынысқа келісім беретіні немесе бермейтінін нақты көрсетпей кетсе, о дүниелік болғанда оның туған-туыстарынан рұқсат алу міндетті болмайды.
Мұндай заң елімізде 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Әбу Бәкір (р.а.) бірде: «Қайсы бір адам ақшасын жоғалтып алған кезде, ол күні бойы «менің ақша кетті, менің ақша жоғалды»,- деп үздіксіз айтумен болады, алайда өмірі өтіп бара жатса да, ол: «менің өмірім өтіп барады, менің өмірім өтті»,- деп ешқашан қапаланып, айтқан емес»,-депті.
Сүбханалла! Бүгінгі таңда уақыттың қадірін біліп, зая кетіп жақтан есіл уақытына іші ашыған мүміндердің көбін байқай бермейсің. Жоқ, әлде олар өлімді мүлдем санадан тысқары қалдырған ба?!
Осы күндері біздің көпшілігіміз Құранды оқып, жүректі оятуды һәм пайдалы дәрістерді үйренуді, мешітте жамағатпен намаз оқуды әрі өткен дәрістерді қайталау үшін бауырларымызбен кездесуді кейінге қалдырдық…
Қазірде баршамыз теледидар алдына телміріп, компьютрлік ойындармен көкжиегімізді кеңейттік, тіпті мұсылмандар ешқашан білмеген және ойнап та көрмеген ойын-футбол бойынша әлем чемпионатын тамашалаудан бір сәт те босамай қалдық.
Айтылмыш ойындар мен көңіл көтерулер Аллаға сенушілерді төмендегі жағдайларға душар етті:
1. Өміріндегі ең қажеттіні қалдырып, міндеттелген дүниелерді тастауға мәжбүр етті.
2. Әурет жерлер мен жалаңаш тәндерге қарауға;
3. Ақшасын ысырапқа шашуға;
4. Теріс әрекеттерді жақсы көріп, шашбауын көтере дәріптеп, олардың жанкүйерлеріне айналуға;
…Мұның бәрі қысқаша айтқанда ғана.
…Сонда сіздердің балаларыңызды кім тәрбиелейді?…Теледидар ма? Әлде, компьютер ме?!
Сіз Құранды толыққанды оқып, жаттап алып, балаларыңызға Алланың сөзін үйреттіңіз бе?
…Сіз барлық рухани дәрістерді тыңдап, оны отбасыңызға жеткіздіңіз бе?!
…Сіз науқастардың көңілін сұрап, жақын туыстарыңызға бардыңыз ба?!
…Бейітте жатқан қабір тұрғындарына барып, өлімнің хақ екендігін бірер минут еске алдыңыз ба?!
…Кедейлерді тамақтандырып, оларға садақа тараттыңыз ба?!
…Әрі абзал деп танылған амалдардың барлығын жасап қойдыңыз ба?!
…Ислам осы үшін келген жоқ па?!
Біздің дәуірдің адамдары
Футболға-90 минут
Сериалға- 60 минут
Фильмге-120 минут
Намазға- 5 минут
Уатсапта-300 дос
«В контактіде» 800 дос
Жақын жерде- 50 дос
Қиындыққа душар болғанда тек БІР ғана дос қалады.
Жанға бататыны — сіздің жаназаңызға тек отбасыңыз ғана қатысады.
Ал қараңғы қабіріңізде сіз мәңгі ЖАЛҒЫЗСЫЗ.
Шын мәнінде, сізге тек сіздің тұрақты мекеніңіз — қабіріңіз ғана көмектеседі.
Сіз егер өзіңіздің Құраныңызға шаң қонғанын байқасаңыз, онда өзіңізді қазірден бастап-ақ, жоқтай беріңіз.
Ақиқатында, кімде-кім Құран оқуды үш күн бойы қалдырса, сол адам тастанды деп саналады.
Кімде-кім өзінің жастығын міндетсініп, құлшылықты артқа тастаса, онда сіз қабір әлемінде тек қарттар ғана жатады деген жазуды оқыдыңыз ба?
Бұл жалған тек үш күндік ғұмыр керуені, бұлдыры көп белестерден тұрады. Біз тіршілік таңын атырған кешегі күн ешқашан оралмайды.
Көрген бүгінгі күніміз мәңгілікке жалғасын таппайды. Ал ертеңгі күнде қайда жүретініміз ешкімге беймәлім құбылыс. Сондықтан уақыт көші алға жылжыған сайын ажалдың апанына жақын қалғандығымызды сәулелі сананың төрінен ұмыт қалдырмағандығымыз ләзім. Ақыл иелері үшін тозақ-мәңгілік, ғажап мекен — жұмақ та мәңгілік. Сол үшін бірыңғай пайдалы амалдармен айналыссақ, сізге өмірдегі пайдасызын тастау жеңіл болады. Ұлы Жаратушымыз Құранда осы хақында «Үгітте, өйткені, үгіт мүміндерге пайда береді»,-деп баршамызға ескерткен /Зарият, 55/.

Аударған: Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ..

ҚР Ұлттық Экономика министрі, Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда елімізде Нұрсұлтан есімді 31810 азамат бар.
Біраз ата-ананың дүниеге келген асықтай ұлына Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған президенттің есімін беруі ел тірлігіне аралассын, тұлғалы азамат болсын деген жақсы ырым, ниетпен орындалғаны белгілі.
Нұрсұлтан есімді арқалағандардың тек 9-ы ғана 1991 жылдың 16-желтоқсанында дүние есігін ашқан. Елімізде Елбасы деген есіммен 35 азамат аталса, 9 азаматқа Нұротан деген ат берілген. Егерде танысқан адамыңыз Сізге ныспысын Нұрлыжол деп айтатын болса, таңырқамаңыз. Себебі, Қазақстанда дәл осындай есім 11 азаматқа берілген. Мемлекетімізде мекен ететіндердің арасында Бәйтерек есімді 53 тұрғын бар екенін де естен шығармаңыз. Тіпті 3 адамға Мәңгілік, 2 адамға Ақорда деген ат қойылған екен.
Қазіргі таңда Қазақстанда әзірге тек бір адамның ғана азан шақырып қойған аты Атазаң деп аталады.

С. ЖҮНІСБЕКОВ.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 111,4 мың тонна тұз өндірілген. Өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,3% артық. Бұл туралы biznesbastau.kz сайты жазады.
Қазақстанда тұз өндіру өндірісінің 97,5 % Қызылорда облысы аумағында жүзеге асқан. Ағымдағы жылдың бес айында Сыр өңірінде 108,6 мың тонна тұз нарыққа жол тартқан. Елдің негізгі тұзды алыптары «Аралтұз» акционерік қоғамы болып табылады. Ондағы 100% акциялар қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі.
Бес айда өндірілген 111,4 мың тонна тұздың 2% -ы Жамбыл облысындағы «Асыл Туз» ЖШС-не, 1 пайыздан аз көрсеткіші Түркістан облысы, Созақ ауданындағы йодталған тұз өндірісіне тиесілі.
Жалпы «жердің ақ алтыны» саналатын өнім бағасы жылына 2,4 пайызға жоғарылауда екен. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл өнімнің орташа құны бір келі үшін 52 теңгеге бағаланады. Бүгінде ең қымбат тұз Алматы қаласында сатылады. Бұл жерде өнімнің бағасы 1 келі үшін 59 т еңгеге жетеді. Ал Нұр-Сұлтан мен Қостанайда 58 теңгені құрайды.

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Ж. АСАНОВТЫҢ ҚАПЕРІНЕ!

Облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков кейбір судьялардың сыбайлас жемқорлық істеріне неге көз жұма қарайды?

«С-информ» газетіндегі «ЕТ САСЫСА ТҮЗ СЕБЕСІҢ, ТҰЗ САСЫСА НЕ СЕБЕСІҢ? немесе Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековтің өзі коррупционер ме?» атты мақаласын оқи отырып санамызға осындай сауал сап ете қалды. Материалда төмендегідей деректер негіз етіп алынған.

Осыдан бірер жыл бұрын, дәлірегі 2016 жылдың қоңыр күзінде облыстық соттың судьясы Мұхтар Парменов құзырлы орган тарапынан тергеп, тексерілген бір іс бойынша екі шешім шығарған. «Бір іс бойынша қатарынан екі бірдей сот актісін шығару заң талаптарына қайшы» дейді мақала авторы Амангелді Батырбеков.
Бұдан бөлек облыстық соттың апелляциялық алқасындағы Нұрмахан Жұматаев, Айман Құлшықова, Альбина Чокморова есімді судьялары жауапкер әйелдің заңсыз сенімхатпен қатарынан төрт сот отырысына қатысқанын, соған қарамастан ол сот отырыстарының барлығы заңды күшін жоймаған. Тіпті келесі сот отырысы кезінде судья әлгі жауапкер әйелдің датасы мен шығыс нөмірі көрсетілмеген сенімхатын іс материалдарына заңды құжат ретінде тіркеп, орын алған дау бойынша сол тараптың пайдасына шешім шығарып берген.
Қоғам белсендісі Амангелді Батырбеков өзі куә болған осы жәйттерге байланысты дәлел-дәйектерін алып, Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековтың қабылдауында болған. Алайда одан ешқандай нәтиже болмаған. Облыстық соттың төрағалығын тізгіндегеніне екі жылдан сәл асқан Талғат Баратбеков мырза А. Батырбековтың базынасын тыңдап, бас шайқағаннан басқа әріге бармаған.
Амангелді Батырбековтың базынасына төраға Талғат Баратбековтың басын шайқауы, ондағы деректердің шындықтың ауылынан алыс еместігін аңғартпай ма? Ал егер жоғарыда «аттары аталып, түстері түстелген»
судьялардың шығарған шешімдері заң
аясында қабылданған болса, оны тәптіштеп түсіндіріп беретіні анық еді ғой. Қалай болғанда да төраға Талғат Баратбековтың жарық көргеніне жарты айдан асқан мақала бойынша ләм-мим деп уәж айтпауы әлігі судьялардың даулы істер бойынша шешім шығаруы кезінде кілтипанның көрініс табуына жол бергендігі туралы күмәнді қоюлата түсіп отыр.

Қ. ҚАЛИЕВ.