Маңызды

Қазақстан Республикасының Президенті, Түркі халықтарының ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіздікті баянды етуде халықаралық деңгейдегі феномен тұлға. Қазақстан Тәуелсіздік алған алғаш сәттен бастап, Н.Назарбаев ақсақал халқының азаттық рухында өскенін, еркіндік рухын сезінгенін қалады. Ақсақалдың: «Рухы еркін халық ғана ұлы істер атқара алады» деген пікірі үлкен философия.

Ұлы даланың төсінде, ұлы істерді атқару жолында Қазақстанның әрбір ісі көпке үлгі. Елінің ертеңін ойлаған басшы халқының азаттық рухын сезіну жолында жұмыс жасайды. Жақында жариялаған әрбір сөйлемінің рухани мәні терең Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді», — деп мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстанды мақтап етіп, бұдан да терең патриоттық сезіммен сүю мен қастерлеудің жолын көрсетті.
Мақалада Түркі әлемінің ақсақалы: «Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих», — деді. Ортақ тарих жасау – көпшілікке ортақ, жағымды пікір арқылы қалыптасып дамиды. Ол үшін алысты болжау мен көрегендік керек. Ондай көреген басшы – Ұлы дала көшбасшысы, Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы бодандықтан басылып қалған қазақ ұлтының рухын ояту мен Қазақстан халқының бірлігін дамыту үшін тер төгіп келеді. Тағы да мақалаға үңілсек: «Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ». Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Н.Ә.Назарбаев: «…орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан», — деп халқының рухын көтеріп, еңсесін тіктеп білімнің маңызды екенін кезекті рет айқындады, қазақтың ешкімнен кем емес мықты, ұлы халық екенін айтты. Ұлылығы сол – жеті атасын білетін халық, жеті ұрпағының қамын әсте естен шығармай, кең даланы ұрпағына аманаттап қалдырғаны. Ата аманатына адал асыл азамат
Н.Назарбаев: «Біз қандай да бір қазақстандық бренд ойластыруымыз керек. Жапония Күншығыс елі, Корея таңғы балғындық елі, Нидерланды — қызғалдақтар елі, Қытай — аспан асты елі атанған. Шексіз далада, мәңгілік көк аспанда біздің ата-бабамыз өмір сүрген. Тәңір — аспан. Жасыл дала мен көк аспан біздің Туымызда да бейнеленген. Біз ұлы даланың балаларымыз. Дәл осы ұранмен және жаңа брендпен біз Қазақстанды әлемге танытуымыз керек», — деді. Қазақ жері ежелден әлемді мойындатқан данышпандар мекені, терең білім мекені. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өз жастарын әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқып, білімдерімен әлемді мойындатып жүр.
Ұлы даланың көшбасшысы, Түркі әлемінің ақсақалы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігін нығайту мен Түркі халықтарының бірлігін арттыру жолында өлшеусіз еңбек етті, қайрат көрсетті. Қазақстан әлемнің дамыған, керегесі кең елдерімен терезесін теңестіріп үлгерді. Жеңіске жетуден сақтап қалу қиынның қиыны деген тәлсім бар. Осы тәлсімге салсақ, Тәуелсіздікті сақтап қалу мен Қазақстанды Мәңгілік Ел етуде, қазақ ұлты мен 100-ден астам этнос өкілдерін бір идеяға біріктіре білген Н.Назарбаевтың кемеңгерлігі әлемдік үлгілік феноменге айналды. Құрметті Президент Н.Назарбаев мыңжылдықтар тоғысында Қазақстанды үлкен қиындықтан алып шығып, даму жолына салды. Халықтың рухын қайта оятуда көп іс жасалып жатыр. Мұның барлығы халықтың рухани күш-жігерін аттыруға бағытталған. Рухани мықты халық бәсекелестікке қарсы тұра алады. Осыны тереңінен білетін Түркі әлемінің ақсақалы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», — деді. Яғни, Қазақстандықтар үшін ең басты мәселе Тәуелсіздікті сақтау жолында бір болуы керек. Тәуелсіздікті сақтау үшін әрбір адам рухани мықты болуы керек. Рухани мықты адам, білімді адам – бәсекеге қабілетті болады. Бәсекеге қабілетті адам – Тәуелсіздігін сақтау мен елінің дамуы үшін аянбай еңбек ететін болады. Міне, Түркі әлемінің ақсақалы Тәуелсіздік, рухани жаңғыру және бәсекеге қабілеттілік туралы айтуының терең мәні осында жатыр.
«Мәңгілік Ел» салтанат қақпасын ашу рәсімінде Түркі әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бұл тамаша жасампаздық қақпасын еңбегіміздің, табыстарымыздың нышаны ретінде, болашаққа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыздық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің достығымыз, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді. Біз бүгін осы жерге ұлы мерекені – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту үшін келіп тұрмыз. Мен барлығыңызды осы мерекемен құттықтаймын. Халқымызға жақсылық, бақыт, әрбір отбасына амандық тілеймін! Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік жасасын! Қазақстандықтардың бірлігі жасасын! Мерекелеріңізбен!», — деген еді. «Мәңгілік Ел» – Қазақстан Республикасы 20 жылдығын тойлаудағы ел мен халықтың ынтымақтастығының шаттыққа толы шаңырағы, кереметке толы керегісі мен бақытқа толы баянды болашағының босағасы, сәні жарасқан салтанаты қақпасы. 2015 жылғы халыққа Жолдауында Н.Назарбаев: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», деген болатын. Ал, мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» дей келе: «Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты», — деді. Түркі әлемі көшбасшысының білім мен ғылым саласына деген қамқорлығы ананың баласына деген сезімі сияқты ерекше. Әр кезекті Жолдауында жаңа, жоғары деңгейде қолдау көрсетіп келеді.
Қазақстан Тәуелсіздігін алғаш болып танып, құттықтаған Түркия мемлекетінің өкілі ретінде Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігі мен бағындырған шыңдарына сүйсіне қараймын. Ақсақалымыз Н.Назарбаевтың арқасында жері үлкен, жүрегі кең Қазақстан халқы бұдан да биік жетістікке жетеріне сенеміз!

Вакур СУМЕР,
Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Биыл «Жастар жылы» екені белгілі. Бұл жылы біз жастар мәселесін көтеріп қана қоймай, әртүрлі салада өзін мойындатып үлгерген жалыны күшті, жігері мықты жастардың да өнері мен іскерлік қырын дүйім жұртқа дәріптеуіміз керек. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген ондай талапты жастардың бірі — Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов. Жас та болса, бас болып жүрген маманның алға қойған мақсаты қандай? Мазалаған мәселесі не? Оқып көрелік.

– Мұхтар Ақжігітұлы, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүргеніңізге біраз уақыттың көлемі болды. Бұл бағыттағы жұмысыңызды сөз етпес бұрын, оған дейінгі тәжірибеңізді шыңдаған қызметтерді айтып өтсеңіз…
– Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес»,- деген қанатты сөзі барлық мемлекеттік қызметкерлерге ұран болуы керек. Ұлт көшбасшысының бұл қанатты сөзі менің өмірлік ұстанымым. Жалпы мемлекеттік қызметті 2012 жылы Арыс әкімінің көмекшісі болып бастадым. Дана халқымызда «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы»,- деген ұғым бар. Мені жақсы ағалар тәрбиеледі. Қала әкімінің көмекшісі болып еңбек еткенім маған үлкен мектеп болды. Сол кездегі қала әкімі болған Сейіт Мырзақұлұлының бойынан дана халқымыздың «Ұлық болсаң – кішік бол», — деген ұлы теңеудің озық үлгісін көретінмін. Ол кісіден мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйреніп, ақыл-кеңесін тыңдап, тәлім-тәрбиесін алдым. Ол мені үнемі «таласа жүріп танылуың, қажыса жүріп шыңдалуың қажет», — деп әрдайым қамшылап отырушы еді. «Тектінің тәлімі-шәкіртіне өмірлік азық», — демекші ағамыздың тәлімі мен үшін азық қана емес, өмірлік бағыт-бағдар десек асыра мақтау, жөнсіз дәріптеу болмас. Сейіт Мырзақұлұлынан кейін Арыс қаласының әкімі қызметіне құқық қорғау саласының майын ішіп, жілігін шаққан, барлық деңгейлерде өзінің іскерлігін көрсетіп келе жатқан Мұрат Болатұлы тағайындалды. Ол азаматтың да көмекшісі бола жүріп үйренген, ойға түйгенім аз емес. Бұл тек маған ғана емес, сырт көзге де айқын көрінгендіктен, жауапты жұмыстың тізгіні тапсырылды деп ойлаймын.

– Жергілікті жердегі «төртеудің түгел» болуын қамтамасыз етуде зор мәнге ие ішкі саяси тұрақтылықты бақылау жұмысын жолға қоюда өзіңіздің тәжірибеңіз әбден шыңдалған деп ойлайсыз ба?
– Жалпы бұл сұрақтың тікелей өзіме бағытталғаны сәл қисынсыздау сияқты. Қызметімді орындауда озып жатсам немесе олқы кеткен тұстарым туралы пікірді өзім емес, тұрғындардан сұраған дұрыс деп ойлаймын. Дегенмен де өзіме нық сенімдімін деп айтудан да аулақпын. Қазіргі жаhандану заманында білімің мен тәжірибеңді ұдайы жетілдіріп отырмасаң жұмыста жүйелі жетістіктерге жету әсте мүмкін емес. Сондықтан әрдайым ізденіс үстінде жүремін.

– Өткен жылы тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған ең басты жұмыстарды айтып өтсеңіз…
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Арыс қаласы аумағынан енгізілген 6 килеі орындарды насихаттау мақсатында бейнефильм түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қала аумағындағы 7 қоғамдық бірлестік пен 4 этномәдени орталық өкілдерімен бірлесіп қаладағы қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізілді. Әлеуметтік шиеленіс тудыратын проблемалық мәселелердің, ыстық нүктелердің тізімі тұрақты түрде жаңартылып, жауапты сала мамандарының дер кезінде әрекет етуі сынды алдын-алу жұмыстары сәтті жүргізіліп келеді. Былтыр қалада әлеуметтік шиеленіс тудыратын төрт өзекті мәселе болған, оның екеуі толық шешімін тапса, қалғаны өз шешімін табу сатысында.

– Биыл «Жастар жылы» екені өзіңізге жақсы мәлім. Осы бағытта алға қойған мақсаттарды сөз етпес бұрын, Арыста жастар мәселесі бойынша қандай жәйттердің алаңдарлық болып жатқанын айтып өтесіз бе?
– Ұлт Көшбасшысының 2018 жылдың 5 қазанындағы кезекті Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Елбасы жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды саясаттың негізгі мәні деп санайды. Президентіміздің жастар үшін маңызды әлеуметтік, тұрмыстық қажеттіліктерді шешу мақсатында, «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламалардың қабылдануы осының айқын дәлелі болса керек.
Өз кезегінде Арыс қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімі ретінде жастар саясатын жетілдіру мақсатында тиісті тапсырмалардың орындалуын ұдайы назарда ұстап келеміз.
Мәселен 2018 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық бойынша аудандық ІІБ-де 135 қылмыс дерегі тіркелген. Олардың ішінде 28-і жасөспірімдердің қатысуымен орын алған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. Жастар арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде, арнаулы оқу орындары мен ауылдық округтерде 42 кездесу, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында 36 түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі рейд барысында ойын-сауық орындарында болған 122 жасөспірімінің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Жастар арасында 2018 жылдың қорытындысы бойынша 4 жас нашақорлықпен және 2 жас маскүнемдікпен тіркелген. Болашақтың тұтқасын ұстар азаматтарымыздың арасында есірткі мен нашақорлықтың алдын алу бойынша 23-кездесу, 8-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ол шараларға 1500-ден астам жас қамтылды.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ерте жүктілік мәселесі қоғамды алаңдатып отырғаны анық. Оны алдын алу бойынша былтыр 3500-ден астам кәмелет қыздарды қамтыған 37 іс-шара болып өтті. 2018 жылы Арыста 16-17 жас аралығындағы 21 қыз ерте жүктілік жағдайымен тіркеуге алынған. Тіркелген қыздар ата-анасының рұқсатымен тұрмыс құрған, неке қидырған. Қала бойынша ерте жүктіліктің алдын алу бағытында арнайы мекен-жай картасы әзірленіп, соның аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Арыста суицид оқиғасын алдын алу бойынша тиісті жұмыстар ұдайы жүргізіліп тұрады. Соның нәтижесінде бұл мәселе бойынша қаралы статистика жыл сайын азайып отыр. Мәселен, 2017 жылы суицид бойынша 11 оқиға тіркелсе (оның ішінде 5 аяқталған, 6 оқталған), 2018 жылы аутодеструктивті мінез-құлық бойынша 7 оқиға орын алған.
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу мақсатында мекенжай картасы әзірленіп, оқиға орын алған аймақтарда, білім беру мекемелерінде тиісті сала мамандарының қатысуымен 30 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы 2580-ге жуық жас қамтылды. Сонымен қатар аутодеструктивті мінез-құлықты фактілері анықталған аймақтарда тұрақты жұмыстар жүргізіліп, психологтардың бақылауына алынды. Осы орайда Елбасының: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», — деген сөзі еске түседі. Қоғамда айрықша орын алатын Жастардың дамуы жолында қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і жұмыстарын одан әрі жетілдіре бермек.

– Қазіргі таңда жат ағымның жетегінде кеткендерді мемлекет сол шырмаудан алып шығу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Адасқандарды түзу жолға түсіруде теолог мамандардың септігі зор екені белгілі. Осы бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр?
– Қала көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық – түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясы мен олардың зияндылығын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында жергілікті ақпараттық-түсіндірме тобы (АТТ) мүшелері мен облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы арқылы қала және ауылдық мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, мекеме жұмысшылары арасында, ауылдық округтерде, ішкі істер, әскери гарнизон қызметкерлері арасында, елді мекен тұрғындары түрлі контингент арасында 2018 жылы 119 кездесу өткізілді. Жергілікті «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінде 2017 жылы дін саласына қатысты түрлі тақырыпта 98, өткен жылы 130 мақала жарық көрді. Сонымен қатар, «Арыс толқындары» телеарнасындағы «Біздің қоғам» бағдарламасында арнайы «Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу» бойынша дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясына халықтың иммунитетін көтеру және мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы саясатты халық арасында кеңінен ақпараттандыру бойынша ақпараттық түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен арнайы репортаж көрсетілді. Бұдан өзге, жергілікті «Арыс толқындары» телеарнасында әр аптаның бейсенбі күні «Имандылық айнасы» бағдарламасы және әр аптаның жұма күні «Жұмамен жүздесу» айдарымен телекөрсетілімдер тұрақты түрде көрсетілуде. 2017 жылы 84 бағдарлама түсіріліп көрсетілсе, 2018 жылы 96 бағдарлама көрерменге ұсынылған. Бұған қоса, облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің арнайы дайындаған имандылық тақырыптарындағы 40 бөлімнен тұратын «Біз құранды білеміз бе?», «Екпе», «Керағар діни ағымдардан сақтанайық», «Абайлаңыз ғаламтор», «Сирияға кетпеші», «Бақылаусыз бала», «10 байлық» тақырыптарындағы бейне фильмдер көрсетілді. Жалпы қала көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндірме топтардың барлық кездесулерінде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы саясаты кеңінен насихатталуда. Аталған кездесулер «Арыс толқындары» телеарнасы арқылы, және Арыс қаласы әкімдігінің ресми сайты мен фейсбук, инстаграм, твиттер әлеуметтік желілеріндегі «Арыс қаласы әкімдігі» парақшасында тұрақты түрде жариялануда. Қала және ауылдық округтердегі деструктивті діни ағымдар жақтаушылары қатарында радикалды деңгейдегі азаматтар жоқ. Олардың радикалдануының алдын алу мақсатында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог-мамандарымен бірлесіп арнайы желілік кесте бойынша жеке кездесулер өткізу арқылы оңалту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы деструктивті ағым жақтаушыларының ата-аналарымен және туыстарымен ақпараттық түсіндірме топ мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлердің қатысуымен 4 кездесу өтті. Бұл азаматтарды оңалту жұмыстарымен қамту бағытында 2018 жыл басынан арнайы тізімдегі 220 жеке кездесу өткізіліп, 11 азамат дәстүрлі дін жолына бейімделді. Сондай-ақ, оларды дәстүрлі қазақстандық қоғамға бейімдеу, қоғамнан өздерін белек сезінбеу мақсатында «Ораза айт» мерекесінде орталық «Ысқақ» мешітімен бірлесіп, мешіт жамағаттары арасындағы кіші футболдан турнир және басқада спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпазға арнайы сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ, 18 қазан – Рухани келісім күні, Мәуліт, Ораза, Құрбан айт мерекелерінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қала аумағында діни бірлестіктер арасында төзімділік жағдайы қалыптасқан, конфессияаралық қақтығыстар, алауыздықтардың орын алу фактілері тіркелмеген.

– Қазіргі таңда халықтың көпшілігі өзін мазалаған сұрақтар бойынша әкімдіктің есігін қақпай ақ, әлеуметтік желі арқылы билікке шағымын, айтар ұсынысын жеткізіп отыруға бет бұрып келеді. Әкімдік қызметкерлерінің өздеріне жүктелген жұмыстарды жүргізуде әлеуметтік желіні қолданудағы рөлі мен белсенділігі қандай?
– Арыс қаласы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан республикалық, облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына (газет, телеарна), ақпараттық сайттарға, әлеуметтік желілерге тәулік бойына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан облыстық және қаладағы әлеуметтік желілердегі белсенді блогерлерді тарта отырып, арнайы 21 адамнан тұратын топ құрылып жұмыс жасауда. Құрылған топтың мақсаты – Арыс қаласына қатысты жарық көрген сыни, жағымсыз материалдарға дер кезінде жауап жолдау мақсатында сапалы және нақты мәліметтер ұсыну және бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, жарияланған сыни мақалалардың шынайылығы өз дәлелін таппаған жағдайда тиісті мемлекеттік мекеме мерзімінде сынның негізсіз екені туралы аргументті ақпарат беруде жемісті еңбек етіп жатырмыз.

– Өткен жылы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алғаш рет көшпелі брифингті Арыс қаласында өткізді. Бұл шара бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүрде емес, жаңа форматқа көшкендігімен ерекшеленді. Осы жайында айтып өтсеңіз…
– Өзіңізге белгілі былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында «16 желтоқсанға – 16 нысан» шарасы бойынша біраз нысандар пайдалануға берілген. Жалпы қала және аудан әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы брифингтер бұған дейін облыс орталығы болған Шымкентте, қазіргі уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында өткізілетінінен хабардарсыздар. Ал, біз бұл бағыттағы жиынды алғаш болып көшпелі етіп Арыста өткіздік. Оған қатысқандар көшпелі жиынның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Журналистердің аудан, қалаларда атқарылып жатқан жұмыстармен бетпе-бет танысуы үшін дәл осындай көшпелі жиындарды жиі-жиі ұйымдастыруды дұрыс деп ойлаймын.

– Сұхбатымызды Арыс қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында болып жатқан түрлі шаралар туралы айтудан сабақтасақ…
– 2017 жылдың 12-сәуірінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғаны баршамызға аян. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Арыс қаласында іске асыру мақсатында, қала әкімімен «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру» туралы өкімі бекітілді. Аталған бағдарламаны Арыс қаласында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалып, орындау үшін тиісті мекемелер мен бөлімдерге жолданды. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың орындалуы туралы мәліметтер қалалық ішкі саясат бөлімінде жинақталып, әр аптаның бейсенбі күні облыстық штабқа және тиісті басқармаларға жолдануда. Бекітілген жоспарға сәйкес, 185 түрлі бағытта іс-шара ұйымдастырылып өтті. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қала және ауылдық округтерде 82 билборд орнатылды. Арнайы айдарлар ашылып, «Арыс ақиқаты» газетінде 31 мақала, «Шалқар шыңдары» газетінде 18 мақала, жалпы 49 мақала жарияланды. «Арыс толқындары» телеарнасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстар бойынша 154 сюжет көрсетілді. Сонымен қатар, ұйымдастырылған барлық іс-шаралар «Арыс қаласы әкімдігінің ресми ontustik-aris.gov.kz сайтында» 293 мақала, әлеуметтік желілердегі фейсбук, твиттер, инстаграм парақшаларында 879 шағын мақала жарияланды. Қалалық қоғамдық орында 1 LED-экраннан «Рухани жаңғыру» туралы роликтер көрсетілуде.

– Жас маман ретінде «Жастар жылында» қандай мәсәлелерге мән берілу керек деп ойлайсыз?
– «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп тегін айтылмаған. Жастардың өмірде өз кетігін табуы жолында баспана мәселесі маңызды. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда көптеген жас отбасылардың басын ауыртып, балтырын сыздатып жатқан жәйт – ол өз баспаналарының жоқтығы. Бұл жалпақ елге мәлім. Осы бағыттағы мәселелердің өз шешімін табуы үшін жыл сайын түрлі реформалар мен бағдарламалар қабылданып келеді. Былтыр Елбасының «7-20-25» бағдарламасы соған негіз болды. Бірақ жас маман ретінде, өз қатарластарымның қандай да бір бағдарлама бойынша үйге қол жеткізе алуы бағытында түзілген бағдарламалардың талаптары мен ережелері жеңілдей түссе деген тілегім бар. Сонымен қатар, «жас келсе – іске» деген. Кез келген жастың қоғам дамуы жолында өзіндік із қалдыра алатын мүмкіндігі бар. Ал олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жұмыстарға араласуын қамтамасыз ету зор мәнге ие деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Ә. АЙТЖАРИ.

Құрметті мұсылман бауырлар! Қасиетті Құран Кәрімде ішімдік ішудің күнә әрі барлық қылмыстың бастауы екендігі баян етілген. Алла Тағала «Маида» сүресінің 90-91 аяттарында айтады:
«Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»-деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады. Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы» (Тирмизи, Ибн Мәжа).

Кез келген адамның ақылдан айырып, мас ететін ішімдік арақ болып табылады. Мұндай ішімдіктің бір жұтымы да – харам. Хадистерде: «Әрбір мас етуші (ішімдік) – арақ, барлық арақ түрі – харам» (Муслим) және «Көп мөлшері мас еткен ішімдіктің аз мөлшері де – харам» (Ахмед, Әбу Дәуід және Тирмизи), – деп баяндалған.
Осы орайда, көпшілікке анық әрі түсінікті болуы үшін арақтың зиян екендігін тәсбі моншақтарындай тізбектеп, Құранда көрсетілген мағыналарын жеткізбекпін. Арақтың алдын алу науқанды жұмыс емес. Баршамыз болып арақтың зиянын насихаттап жүрейік, ағайын!
***
Арақ – барлық жамандықтың кілті.
Арақ – әзәзіл шайтанның зәрі.
Арақ – абыройды кетіруші.
Арақ – ағайындыны ажыратушы.
Арақ – ажалдың қармағы.
Арақ – тозақтың шарабы.
Арақ – отбасын ойран етуші.
Арақ – нәпсінің жолдасы.
Арақ – ақылдыны ақылсыз етуші.
Арақ – құлшылықтан аластатушы.
Арақ – қоғамдағы кесел.
Арақ – зейінді кетіріп, ессіз етуші.
Арақ – иманды кетіреді.
Арақ – ата-анаға құрметті өшіреді.
Арақ – жасаған дұға-тілегің қабыл болмас.
Арақ – нәжістен (тезектен) жаман, ең лас нәрсе.
Арақ – қылмыстың атасы.
Арақ – дінді құртушы.
Арақ – тарихыңды өшіруші.
Арақ – ұрпағыңды ауру етуші.
Арақ – ысырап еткізеді.
Арақ – қарыздандырады.
Арақ – қорлаушы.
Арақ – басыңдағы бақ пен дәулетті тайдырады.
Арақ – қызметтен қудырады.
Арақ – ел-жұртқа қарабет етеді.
Арақ – зинақорлық жасатпай қоймайды.
Арақ – мақсатыңа жетуге кедергі болады.
Арақ – парызды мойныңа қарыз етуші.
Арақ – жан тәсілімі қиын болар.
Арақ – жәннаттың есігін жабады.
Арақ – әуелі жолбарыс етеді, кейін доңыздың кейпіне түсіреді.
Арақ – иманы 40 күн болмас.
Арақ – бала-шағаңның несібесін жалмайды.
Арақ – артық шығын, адал дүниенің берекесін алады.
Арақ – дос арасын ажыратады.
Арақ – бос әрі былапыт сөздерді айтқызады.
Арақ – жақсылық, сауабыңды жоқ етеді.
Арақ – қасықтап жинаған абройыңды шелектеп төккізеді.
Арақ – өкініштерге алып соғады.
Арақ – еркектің қасиетін кемітеді.
Арақ – ашу-ызаға берілетін, сабырсыз етеді.
Арақ – денсаулығыңды бұзады.
Арақ – өсек-өтірік айтқызады.
Арақ – қияметте шәрменде етеді.
Арақ – тез қартайтады.
Арақ – үйдің берекесін кетіріп, пәлекет шақырады.
Арақ – бірлікті-тірлікті бұзады.
Арақ – жалқау етеді.
Арақ – діннен бездіреді.
Арақ – жинаған сауабыңды жоқ етер.
Арақ – қияметте аузына ірің құяды.
Арақ – әркімнің күлкісіне айналады.
Арақ – көздің жанарын тайдырады.
Арақ – ішкен сайын әйел-балаң сонша жылайды.
Арақ – жарық дүниең қараңғы етер.
Арақ – нәпсіге беріледі, шайтан арақ ішкенге риза болады.
Арақ – ішкіштің досы жын-шайтан.
Арақ – ертерек көрге жетелейді.
Арақ – ең үлкен күнәға батырады.
Арақ – отаныңды ойран етіп, шаңырағыңды ортаңа түсіреді.
Арақ – ашу-ызаны қоздыратын зор күш.
Арақ – ақ пен қараны айырмайды.
Арақ – ішкеннің шайтаннан ешбір жері кем болмайды.
Арақ – тура жолдан тайдырады.
Арақ – сенімсіз, жігерсіз етеді.
Арақ – көршімен ұрыстырады.
Арақ – ой-өрісін тарылтады.
Арақ – тірі жетімдер саны көбейеді.
Арақ – наданның асы.
Арақ – уайым-қайғыдан шығармайды.
Арақ – төрдегі басыңды есікке сүйрейді.
Арақ – ішкеннен ақыл сұрама.
Арақ – жол апатының кілті.
Арақ – білім, ғылымды өшіруші.
Арақ – қанша дүние тапсаң да берекесін кетіреді.
Арақ – өсірген ұл-қызыңның алдында абыройсыз болып, тіліңді алмас.
Арақ – жүрген жері жанжал, ұрыс болар.
Арақ – ұрлыққа итермелейді.
Арақ – тозаққа орын дайындайды.
Арақ – ішсе, жолың еш оңалмас.
Арақ – елден қуып, жексұрын етер.
Арақ – ішкеннің балалары жалтақ.
Арақ – тіліңді, діліңді өшіреді.
Арақ – санасыз ұрпақ әкеледі.
Арақ – ішкеннің әйелі қорлықта.
Арақ – мінез-құлықты нашарлатып, әдепсіз, арсы етеді.
Арақ – тәубеге келтірмей өлтіреді. Сол үшін ертерек тәубе етіп, арақты қою қажет.
Арақ – ішкен көрде қатты шыңғырады. Оны адамнан басқа мақұлықтар естиді.
Арақ – екі дүниеде азап шектіреді.
Арақ – аяқ-қолды жіпсіз байлайды.
Арақ – ішіушінің досы шайтан. Жататын орны күл-қоқыс.
Арақ – ар-ұяттан бездіреді.
Арақ – елге төнген қауіп.
Арақ – көрде екі періштеге сұрақ-жауап беруі қиын балар.
Арақ – аяқ-асты құрметсіз еткізеді.
Арақ – бұл дүниеде түрмеге, қияметте тозаққа сүйреуші.
Арақ – бес уақыт намаздан, құлшылықтан тосады.
Арақ – ішушіні тозақтың түбіне тасталады.
Арақ – Алла Тағаланың ең жаман көретін амалы.
Арақ – сатқан да, алған да, ішуші де, тасушы да, алып қой деп құйып берушіде Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Сондықтан ертерек тәубеге келіп, шайтанның сусынын ішуден тыйылып, Алла Тағаланың ақ жолына түсуге асығайық, ағайын!

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкіл
имам орынбасары, дінтанушы.

Азан – хабарлау, білдіру, құлақтандыру деген баламада келеді. Азан шақырушыны «Муаззин» дейміз. Дүние мен қияметте азаншының дауысы жеткен жеріне жанды мен жансыз, тірілер мен аруақтар, барша өсімдік атаулысы оған куәлік етеді. Азан шақыру біз ойлағандай мешіттегі діни қызмет емес немесе табыс көзіне айналдыратын кәсіп емес. Ол бір қасиет әрі қасиеттіге яки қасиет қонғанға берілетін ұлы нығмет. Дінімізде парыз намаздардың уақытын білдіретін құлшылық. Алайда, бұл азаншының ғана құлшылығы емес.

Құран оқушыны, тәспі тартушыны, зікір етушіні, жан-жануар мен жәндікті, жел тербеген барша өсімдікті тоқтататын, буырқанған теңіз толқынын басатын, көкке жиналған қара бұлтты сейілтетін, пенденің жүріс-тұрысын кідіртетін, бір сөзбен барша қозғалысты тоқтатып, әлем тынысына қуатты күш беретін мықты әуен. Яғни Азан – адамзаттың таңы мен кешін, түстігі мен көлеңкесін, жарығы мен қараңғылығын, күні мен түнін ғибадатқа туралайтын, құлшылыққа үндейтін исламның бір жауһары, құлақ құрышын қандыратын, жүректі сүйсіндіретін ғажайып бақытқа толы, аянмен берілген мәңгіліктің әуені! Сондығынан ол ерекше құдіретке ие. Ендеше, сонау айдағы басқа қауым өкілінің жан-дүниесін тебіренткен азан Жер шарындағы кез-келген жүректі дір еткіздіреді. Өйткені, ол – жүректің әлдиі. Азан даусын естіген әрбір мұсылман азанға жауап қатуы, қайталап отыруы да сүннет амалдардан. Бұл дегеніміз, іштей не сырттай яғни күбірлеп болсын, азан сөздерін азаншымен бірге қайталау. Мыңдаған ғасырдан бері жалғасын тауып келе жатқан бұл азанды өз дәуірінде біздер үшін бекітіп берген Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға салауат айтып, Алладан Оған мәртебе сұрау. Ал, Азаннан кейін алақан жайып, дұға етіп, тілек тілеу, дұғалар қабыл болатын сәттердің тізбегінен. Бабаларымыз өз замандарында дауласқан екі елді ортақ келісімге шақырып, дау-дамайды басу үшін азанды ұлы даламызға әуелеткен! Тіпті, иманы жоқ адамды исламға бұрған да осы ұлы азан. «Осы дауыс! Менің алғаш рет Айға қонғанда естігенім осы дауыс! Менің тұла бойымды шымырлатып, шып-шып тер шығарған осы дауыс!». Міне, осыдан елу жыл бұрын Айға алғаш қадам басқан Америкалық ғарышкер Нейл Армстронгтың жүрегін елең еткізген де осы азан. Атақты Голливуд әртісі Морган Фриман «Алла жайлы хикая» атты құпия әлемдер туралы өзінің бейне түсірілімінде азанды «Әлемдегі ең әдемі дауыс!» деп әспеттеген. Ендеше, азан бұл құдірет!
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз елді намазға шақыру туралы ойын ортаға салғанда, сахабалар тарапынан әр түрлі пікірлер айтылады. Дініміз жөнсіз де ретсіз еліктеуге қарсы болғанындай, христиандардың қоңырауына, отқа сиынған мәжүсилерге ұқсап бағуды, таудың үстіне алау от жағып түтіндетуді, сүр шалып кернейлетуді, бір жерге ту тігіп, байрақ көтеру ой-пікірлерін қабылдамады. Сахаба Абдулла ибн Зайд үндеу жасап, бірнеше уақыт бойында «Сәлә» деп, елді намазға жинағандығы айтылған. Ол бір күні түс көреді. Түсінде қоңырау сатып алмақшы болған белгісіз бір адамнан азан сөзі мен қаматты үйренеді. Бұл түсін дереу Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға жеткізгенде, ол шынайы хабарға жорылады. Алланың қалауымен, сол азан сөздерін алғаш рет айту Біләлға (р.а) нәсіп болады. Ибн Хажар Асқалани айтқандай, бұл сахабаның есімі тек қана азан үкімінде ескеріледі. Азанның ұлылығы, азаншылардың қияметтегі мәртебесі жайлы хадистер баршылық. Дегенмен, солардың бірін риуаят еткен Муслим (р.ғ) азаншылардың қияметте мойындары ұзын болатындығын жеткізеді.
Ислам тарихында азаншылар көптеп кезігеді. Біршамасы белгілі, біразы белгісіз. Солардың қатарында Біләл, Умму Мәктүм, Әбу Махзура (р.а) және тағы басқалары бар. Мекке алынғаннан кейін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хунайннан келе жатқанда Біләл (р.а) азан шақыратын болып белгіленеді. Сол кезде, мүшріктердің он шақты баласы азанды масқаралайды. Сахабалар олардың бәрін пайғамбардың (с.ғ.с) алдына алып келеді. Әрқайсысы азан шақырады. Солардың арасында он алты жасар Әбу Махзура (р.а) да болады. Мұхаммед (с.ғ.с) оның көкірегіне қолын қойып, дұға етеді. Сол дұғаның шарапатымен Әбу Махзура (р.а) исламды қабылдап, азан айтуға ынтығады. Артынша Меккенің ең көркем дауысты азаншысына айналады, дүниеден өткенше азаншы болып, жан тәсілімінде де азан айтып өтеді. Бұл қасиет оның көптеген үрім – бұтағына дарыды.
Азан туралы сөз қозғалғанда, азанға тікелей қатысы бар ұлы сахаба, алғашқы азаншы, дауысын аспан әлемі естіген Біләл ибн Рабах (р.а) есімі үнемі бірге қоса жүреді. Негізі, Хабашстандық (қара нәсіл, құл) болғанымен, өмірі тектілердің жанында өткен, Меккеде туылғанмен, Шамда жерленген. Алла Елшісінің (с.ғ.с) қызметінде болған, Оның (с.ғ.с) күндік кестесін жатқа білуші әрі Оған (с.ғ.с) күніге бес уақыт азан айтқан әзиз ұлы жан. Тіпті, азан оны Қағбаның үстіне көтерген. Өзіне сыйға тартылған үш найзаның бірін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз қолымен Біләлға береді. Ол (р.а) оны өмірінің соңына дейін мақтан тұтып, мешіттен тысқары жерлерде жамағатпен намаз оқыған кезде, алдыңғы тұсына қалтқы (сүтірә) ретінде қадап қоятын. Исламға келмей тұрып та, Біләл (р.а) адамгершілік қасиеті мол, адал жан болған. Ол Омая ибн Халафтың құлдығында қой бағып жүріп, бірде үңгірге жасырынған Мұхаммед (с.ғ.с) мен Әбу Бәкірді (р.а) көреді. Қатты ашыққан екеуі шөлдегендерін Біләлға (р.а) айтып, су жұтымға бірдеңе сұрайды, сонда:
– Мына отар қойдан сауып ішкенге өзіме тиесілі бір ғана қойымның сүтін сауып берейін – деп, малды айдап әкеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбарак қолымен сол қойды Өзі (с.ғ.с) сауып, сүтін ішеді және сауып Әбу Бәкірге (р.а) ұзатады, үшінші рет сауып Біләлдің (р.а) өзіне ұсынады. Сүтті тойып ішсе де, Пайғамбардың (с.ғ.с) берекетімен сол қойдың желіні бәрібір сүтке толы күйде қалады. Исламды қабылдаған Біләл (р.а) көп дәрістерге қатысып, ғибадат жасап бастайды. Мұны көріп қалған Омая ибн Халаф оны азапқа салады. Жалпы, исламды қабылдаған ең әуелгілерден жеті ұлы адамның есімі айтылған. Алла Елшісі (с.ғ.с), Хадиша анамыз, Әбу Бәкір, Аммар ибн Ясир және оның анасы Сумайя, Ясир және Біләл Хабаши (р.а). Осылардың ішінде ең қатты азап шеккені әрі сол кезде аузынан «Ахаддун ахад, лә уәлида уәлад» яғни «Алла біреу, әкесі де, баласы да жоқ» деген сөзді үзбеген осы Біләл (р.а) еді. Оны қайнаған құмның шөліне жатқызып, аяқ-қолын төрт жаққа кере тартып байлап, қамшымен бірнеше реттен тоқтаусыз сабайды, одан кейін үстіне тас бастыру азабын көрсетеді. Кейіннен:
– Сені Омая азаптағанда, қалай шыдадың? – деп, сұрағанда:
– Алла жүрегіме рахаттықты Өзі салды, таяқтың соққысынан иманымның қуаты күшті болды. Ауру басылады, жара кетеді, бұйырса жәннетім мәңгі қалады – деген еді. Оның осыншама азапта жатқанын көрген Алла Елшісі (с.ғ.с) мұны Әбу Бәкірге (р.а) айтады. Ол Омаяға барып, Біләлді (р.а) құлдықтан бес күміске сатып алған тұста:
– Бір ғана күміске бағаласаң да, бере салар едім – деген Омаяның сөзіне Әбу Бәкір (р.а):
– Сен мың күміс десең де, алар едім – деп жауап қатқан.
Табиғиндер дәуірінде намаздан тысқары көше бойлап азан айтқан кезеңдер де болған. Жалпы, азан әшкере айтылған жерлерде қылмыс, күнә, ауру болмайтындығы белгілі. Бұл азанның қасиеттілігінен. Тіптен, азан нақышпен, мәнермен, қатесіз жын тиген адамның құлағына айтылса, кеселден айықтырады, ал хайуандар асаулығын басып, адамға бағынады. Сонымен қатар, жаңа туылған шақаға, аса үлкен алапатты яки қуанышты хабар берілгенде азан айту үрдісі бар. Елдің «Құдайға жағам десең азанды бол, елге жағам десең, қазанды бол» деген нақылы болса, Хазрет Омардың «Халифа болмағанымда, азаншы болар едім» дегені бар.
Азан айтушы да, азан тыңдаушы да сауап алады. Азанның әрбір сөзіне «диққа» яғни мән беру керек. Азаншының тәрәссулі – азан сөздерінің арасы ажыратылып, сәктә – дем беріліп, тоқтау бар. Ғұлама Мулла Али Қари азан сөздерінің екі аралығын ажыратуды «сәктә» дейді. Ал, осы тоқтауда азан тыңдағандар дұғамен жауап берулері керек. Мұхаммед (с.ғ.с) Өзі азан шақырған не шақырмағандығы жайлы талас бар. Имам Тирмизи өзінің хадис жинағында «Пайғамбар (с.ғ.с) азан айтты» дегенді келтіргенімен, басқа мұхадистерде бұл әлсіз. Ал, азан шақырмауының себебін ғалымдарымыз әрқилы түсіндіреді. Біріншісінде, егер Алла Елшісі (с.ғ.с) бірдеңені бұйырса, оны әрдайым Өзі істеген. Яғни діннің елге таралуында дағуатты ешкімге табыстау мүмкін еместігімен түсіндіреді. Бұдан елді иманға шақыру азаннан да маңызды деген мағына туады. Сол сияқты, барша Хулафа Рашидиндер (Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Әли р.а) де азан шақыра алмаған. Сонымен бірге, Алла Елшісі (с.ғ.с) азан шақырып, елді намазға үндесе, онда оған жауап бермей, мешітке келмей, жамағатқа шықпаған адамның иманына шек келеді…
Азан сөздерінде қате жібермеу аса мұқияттылықты талап етеді. «Мәд» әріптерін яғни созылмалы әріптер дер кезінде мөлшермен созылып, ал созылмайтын әріптер шамадан тыс созылса, азанның мағынасын өзгертеді. Мәселен, Алла сөзінің бірінші әлібі «ә» әріпі созылса, Жаратушының ұлықтығына күмән келтіретіндей мағына шығады. Ал, «Әкбәр» сөзінің «ә» әріптерінің екеуі де ешқашан созылмайды. Әріптер махраждарына яғни дыбысталуына қатты көңіл бөлген дұрыс. Сол үшін, жергілікті имам, молда, ұстаздардан ұялмастан сұрап, түзетіп алу мұсылман үшін аса дұрыс әрі сауапты қадам. Кейбір фикһ ғалымдары осы азан сөздерін қате айту арқылы адам пасықтық пен күпірлікке баратын қаупін де ескертеді.
Ұлық құдіретті Азанның түске енуі де үлкен ғанибеттерден. Жүсіп (ғ.с) пайғамбардан кейінгі түс әлемінің сырына үңілген атақты табиғин Ибн Сирин түске енетін азанды айналып өтпеген. Бір адам келіп, түсінде азан шақырғанын жеткізгенде, оның қажылыққа баратындығымен сүйіншілеген. Ал, келесі біреуге дүниеден өтетіндігін айтқан. Бұл екі адамның түсі иманы, мінезі мен күнделікті амалдарына қарай айтылған-ды. Ал, мұнараға шығып, азан айтуы қызмет мансабында мәртебеге ие болу деп жорылса, сай мен құдықта азан айтқанды, дінді жеткізу деп балаған.
Бүгінгі таңдағы мешіт мұнараларында әуелеген азандар дініміздің еркіндігін, иманымыздың өніккендігін, ата-бабалар аруағының шаттығы мен ризалығын білдіреді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, жария айтылып келе жатқан азанымыз қияметке дейін мәңгілік елімізде ұласа берсін!

Нұрлан Байжігітұлы,
Дінтанушы.

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

Time to work hard. Concentrated young man involved in programming while sitting at the table


Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой.
Белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми-техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады. Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, әрбір үйде және қазіргі өмірді компьютерсіз өмірді елестетудің өзі мүмкін емес.
Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп-қисапты жасауға болады.
Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Компьютер, әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады. Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге оқитын балалар дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, керекті мәліметтермен қамтамасыз еткен компьютер біздің ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде.
Ендігі бір мәселе – компьютерге тәуелділік. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Компьютер ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.
Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.
Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.
Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.
Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыптаса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар компьютермен дос болып, өзіне серік іздейді.

Назира Бердімұратова,
Шымкент политехникалық колледж оқытушысы.

Бұл туралы Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады. 2018 жылы салада атқарылған жұмыстарға есеп бере кеткен өңіріміздің бас агрономы соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 52 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде, 45,5 мың гектар жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі және мелиоративтік жағдайы жақсарып, 1 мың гектар жаңадан айналымға енген.

«Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 3-ші кезеңінде 57,3 мың гектар жерді қалпына келтіру жоспарланған. Республикалық меншікке өткізілуі тиіс 57,3 мың гектар суармалы жердегі су нысандарының 90% республикалық меншікке өткізілді», — деді Н.Бадырақов.
Баспасөз өкілдерімен кездесуде саладағы өзге де оңды өзгерістер тілшілер назарына ұсынылды. Мәселен, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 542,8 млрд. тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,4 млрд. тг. артып, Республикада 2 орынға қол жеткізілді. Республикада жалпы өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 12,4%-ды құрап, 2 орынды иеленді. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 180,9 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,6% немесе 20,2 млн. АҚШ долларына артты.
Облыста ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 43,8 млрд. тг. жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 111,4% құрады. Республика бойынша тартылған инвестиция көлемі бойынша Түркістан облысы 4 орында.
Бас агроном былтыр 181,3 гектар аумаққа жылыжай салынып, оның облысымыздағы көлемі 1344 гектар болғанын (2017 жылы 1162 гектар) да баян етті. Осылайша, жылыжай ісін өркендету бойынша Түркістан облысы республикамызда 77 пайыздық үлеске жетті. Биыл, 2019 жылы да аймақта 180 гектар жылыжай салу жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің
баспасөз қызметі.

Қазақ халқында әр адам азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді деген сенім бар. Сондықтан да көптеген ата-ана балаларына ат таңдарда он ойланып, тоғыз толғанып барып ортақ шешімге келеді.

Жуырда Шымкент қаласының әкімдігі 2018 жылы үшінші мегаполисте дүние есігін ашқан нәрестелерге ең жиі қойылатын есімдерді жариялады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандарының мәліметі бойынша былтыр Шымкентте туылған қыз балаларға Медина, ал ұл балаларға Айсұлтан есімдері ең жиі қойылыпты. Өз кезегінде Айсұлтан – «ай» мен «сұлтан» сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылатынын, Сұлтан араб тілінен аударғанда «билеуші, әкім мағынасын беретінін, ал Медина (Мәдина) – «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы») деген тіркестен алынғанын, ол мұсылмандардың қасиетті қаласы ұғымын беретінін біліп жүргейсіз.
Сонымен қатар, бауыр еті балаларына ат қою кезінде ата-аналардың көпшілігі бірер жылдың ішінде ат жалын тартып азамат болар сәбилерге Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан есімдерін, көзді ашып жұмғанша тұлымы желбіреген қылықты қыз болатын нәрестелерге Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу есімдерін таңдапты.
Жалпы былтыр аталған басқарманың АХАТ бөлімінде 32464 бала тіркелген. Олардың 60 пайызы ұл балалар болса, қалған 40 пайызы қыз балаларды құрағанын айта кетейік.
Ә. АЙТЖАРИ.

Әдeттe бiздe eлiмiздeгi ғылыми-тexникaлық дaмy тapиxын кeшeгi кeңec зaмaнынaн, қaзaн төңкepiciнeн бepi қapaй бacтay әдeткe aйнaлғaн. Құдды бip кeңec өкiмeтi opнaғaнғa дeйiн xaлқымыз жaбaйы тұpмыc кeшiп, өpкeниeт көшiнeн кeйiн қaлғaндaй, тeк кoммyниcтiк пapтия кeлiп aдaм қaтapынa қocқaндaй әcep қaлдыpaды әлгiндeй әңгiмeлep. Әpинe, көзi aшық, көкipeгi oяy, тapиxтaн xaбapы бap жaндap шынaйы тapиxтың oлaй eмecтiгiн бiлeдi. Aл, Пpeзидeнт Н. Нaзapбaeвтың жapиялaғaн «Ұлы дaлaның жeтi қыpы» мaқaлacы өткeн тapиxымызғa әдiл бaғa бepiп, дaлa өpкeниeтiнiң oзық қыpлapын пaш eтiп oтыp.

Eлбacы мaқaлacындa aйқындaлғaн Ұлы дaлaның жeтi қыpын шын мәнiндe әлeмдiк өpкeниeткe қocылғaн, тapиxтaғы дaycыз жeтi кepeмeткe тeңeyгe әбдeн бoлaды. Бaһaдүp бaбaлapымыздың aт құлaғындa oйнaп, Eypaзия дaлacындa epкiн жopтқaны aқиқaт пa? Aқиқaт. Тұлпap тiзгiндeп, бepeн cayыт кигeн көшпeлiлep қaлыптacтыpғaн өpкeниeт – бiздiң мaқтaнышымыздың өзeгi.
Мaғaн Eлбacы мaқaлacындaғы «Мeтaлл өндipyдiң aмaл-тәciлдepiн тaбy тapиxтың жaңa кeзeңiнe жoл aшып, aдaмзaт дaмyының бapыcын түбeгeйлi өзгepттi. Caн aлyaн мeтaлл кeндepiнe бaй қaзaқ жepi – мeтaллypгия пaйдa бoлғaн aлғaшқы opтaлықтapдың бipi. Eжeлгi зaмaндa-aқ Қaзaқcтaнның Opтaлық, Coлтүcтiк жәнe Шығыc aймaқтapындa тay-кeн өндipiciнiң oшaқтapы пaйдa бoлып, қoлa, мыc, мыpыш, тeмip, күмic пeн aлтын қopытпaлapы aлынa бacтaды» дeгeн жoлдap epeкшe ұнaды жәнe бұл жoлдap әpбip қaзaқcтaндыққa oй caлып, кeyдeciндe мaқтaныш oтын тұтaтyы кepeк. Шынындa дa, aтa-бaбaлapымыз eжeлдeн-aқ жaңa, нeғұpлым бepiк мeтaлдap өндipy iciн дaмытып, oлapдың жeдeл тexнoлoгиялық iлгepiлeyiнe жoл aшты. Қaзбa жұмыcтapы бapыcындa тaбылғaн мeтaлл қopытaтын пeштep мeн қoлдaн жacaлғaн әшeкeй бұйымдapы, eжeлгi дәyipдiң тұpмыcтық зaттapы мeн қapy-жapaқтapы бұл тypaлы тepeңнeн cыp шepтeдi. Ocының бәpi eжeлгi зaмaндapдa бiздiң жepiмiздeгi дaлa өpкeниeтi тexнoлoгиялық тұpғыдaн қaншaлықты қapқынды дaмығaнын көpceтeдi. Бұдaн түйeтiн oй – бiздiң aтa кәciбiмiз тeк мaл бaғy eмec. Қaзaқ xaлқы eжeлдeн-aқ мeтaл бaлқытy, кeн бaйытy iciн мeңгepiп, әлeмдiк өpкeниeткe зop үлec қoca бiлгeн.
«Aң cтилi» мeн Aлтын aдaм тaбиғaтпeн тaмыpлac дүниeтaнымғa иe Ұлы дaлa көшпeлiлepi жacaғaн ұлы өpкeниeттeн xaбap бepeдi. Бүгiндe coнay caқ дәyipiнiң мұpacы caнaлaтын oл өнep тyындылapын тeк тұpмыcтық бұйым, жaй ғaнa мaтepиaлдық мәдeниeт көpiнici дeй aлмaймыз. Ықылым зaмaндapдaн өз жaзyы мeн мифoлoгияcы бap көшпeлiлepдiң oзық мәдeниeтi бoлды. «Aң cтилiндeгi» өнep – oлapдың көpкeм бoлмыcы мeн pyxaни бaйлығының aйшықты бeлгici. Ocы үлгiдeгi өнep тyындылapының кeй көpiнicтepi бүгiнгi Eгeмeн қaзaқ eлiнiң бacты aтpибyттapы peтiндe қoлдaнылып кeлeдi.
Қaзaқ дaлacының әp өңipiнeн apxeoлoгиялық қaзбa жұмыcтapы кeзiндe тaбылып жaтқaн Aлтын aдaм дa бaбaлapымыздың aca жoғapы дeңгeйдeгi көpкeм дүниeлep жacaғaнын aйғaқтaйды. Дaлa өpкeниeтiнiң зop қyaты мeн эcтeтикacын әйгiлeйтiн бaй мифoлoгияны пaш eткeн Aлтын aдaммeн бipгe тaбылғaн жәдiгepлepдeгi тaңбaлap – бұғaн дeйiнгi aнықтaлғaн жaзy aтayлылapдың iшiндeгi eң көнeci.
Ұлы дaлa өpкeниeтiн түpкi дүниeтaнымынaн, түpкi xaлықтapының тapиxынaн бөлiп қapacтыpyғa мүлдeм бoлмaйды. Aл, түpкi мәдeниeтi мeн тapиxының түп қaзығы тaғы дa қaзaқ дaлacынa кeлiп тipeлeдi. Eлбacы дa мaқaлacындa қaзaқтapдың жәнe Eypaзияның бacқa дa xaлықтapының тapиxындa Aлтaйдың opны epeкшe eкeнiн aйтa кeлe, бұл тayлapдың тeк қaзaқ жepiнiң aлтын тәжi ғaнa eмec, күллi Түpкi әлeмiнiң бeciгi eкeндiгiнe тoқтaлaды.
Бүгiндe зиялы opтaлapдa Әбy Нacыp Әл-Фapaбидiң, Қoжa Axмeт Яccayидiң, Axмeт Йүгiнeкидiң eciмiмeн, oлapдың eңбeктepiмeн тaныc eмec aдaм жoқ. Бұл мұpaлap бiздi әлi тaлaй бeлecкe бacтaйтын pyxaни aзық бoлaтыны cөзciз.
Әлeм eлдepi бүгiндe экoнoмикaлық интeгpaция, cayдa-экoнoмикaлық қaтынacтapғa жoл aшaтын лoгиcтикa мәceлeлepiн күн тәpтiбiнeн түcipгeн жoқ. Қaйтa күн caйын тpaнзиттiк әлeyeттi apттыpy бaғытындa әp eл, iшiндe Қaзaқcтaн дa бap, жaңa мүмкiндiктepдi iздecтipyдe. Бұл мәceлeдe бiздi aдacтыpмaйтын бip жoл бap. Oл – бaбaлap жoлы. Oл – бaбaлapымыз caлғaн «Ұлы Жiбeк жoлы». Eлбacы мaқaлacындa бұл тypaлы: «Кepyeн жoлдapын мiнciз ұйымдacтыpып, қayiпciздiгiн қaмтaмacыз eткeн Ұлы дaлa xaлқы eжeлгi жәнe opтa ғacыpлapдaғы aca мaңызды cayдa қaтынacының бacты дәнeкepi caнaлды. Дaлa бeлдeyi Қытaй, Үндi, Пapcы, Жepopтa тeңiзi, Тaяy Шығыc жәнe cлaвян өpкeниeттepiн бaйлaныcтыpды» дeйдi.
Қaзaқ жepiнiң acты дa – бaйлық, үcтi дe – бaйлық. Coл бaйлықтың iшiндe өciмдiк әлeмiнiң opны epeкшe. Eлбacы көpceткeн Ұлы дaлaның жeтi қыpының бipi peтiндe қaзaқ aлмacы мeн қызғaлдaғының aтaлyы – өтe opынды. Eлбacы «Қaзaқcтaн қaзip дe әлeмдeгi aлмa aтayлының apғы aтacы – Cивepc aлмacының oтaны caнaлaды. Дәл ocы тұқым eң көп тapaлғaн жeмicтi әлeмгe тapтy eттi. Бәpiмiз бiлeтiн aлмa – бiздeгi aлмaның гeнeтикaлық бip түpi. Oл Қaзaқcтaн ayмaғындaғы Iлe Aлaтayы бaypaйынaн Ұлы Жiбeк жoлының көнe бaғыты apқылы aлғaшқыдa Жepopтa тeңiзiнe, кeйiннeн бүкiл әлeмгe тapaлғaн» дeп aтaп өткeнiндeй, aлдымыздa тaбиғaттың ocы бip тaмaшa cыйын oтaндық бpeндкe aйнaлдыpып, экcпopттық әлeyeтiмiздi apттыpaтын өнiмдepдiң бipiнe aйнaлдыpy мiндeтi тұp.
Қaзaқ дaлacын көмкepгeн қызғaлдaқтap мeн бacқa дa гүлдep бүгiнгi күнгe coл қaлпындa жeтiп oтыp. Әлeм xaлықтapының жүpeгiн жayлaғaн бұл гүлдep – тeк мaқтaнышымыз ғaнa eмec, oны caқтay, тapaтy тұpғыcынaн үлкeн жayaпкepшiлiк.
Eлбacы өз мaқaлacындa дaлa өpкeниeтiнiң жeтi қыpын caнaмaлaп қaнa қoймaй, бaбaлapымыздaн қaлғaн мoл мұpaны өмipшeң eтy мaқcaтындa нaқты тaпcыpмaлap жүктeдi. Eндi eжeлгi дәyipдeн қaзipгi зaмaнғa дeйiнгi бapлық oтaндық жәнe шeтeлдiк мұpaғaттap дүниeciнe eлeyлi ipгeлi зepттeyлep жүpгiзy үшiн «Apxив – 2025» жeтi жылдық бaғдapлaмacы жүзeгe acaтын бoлaды. Coндaй-aқ, aтaқты тapиxи тұлғaлapымыз бeн oлapдың жeтicтiктepiнiң құpмeтiнe aшық acпaн acтындa ecкepткiшмүciндep қoйылaтын «Ұлы дaлaның ұлы eciмдepi» aтты oқy-aғapтy энциклoпeдиялық caябaғын aшy мiндeтi қoйылды. Coнымeн бipгe, қaзipгi әдeбиeттeгi, мyзыкa мeн тeaтp caлacындaғы жәнe бeйнeлey өнepiндeгi ұлы oйшылдap, aқындap жәнe eл билeгeн тұлғaлap бeйнeciнiң мaңызды гaлepeяcын жacayды қoлғa aлy тaпcыpылды. Eлiмiздiң тapиxи кeзeңдepiн кeңiнeн қaмти oтыpып әзipлeнeтiн, «Ұлы Дaлa тұлғaлapы» aтты ғылыми-көпшiлiк cepиялap дa көптeн көкeйдe жүpгeн oйды дөп бacып oтыp.
«Түpкi өpкeниeтi: түп тaмыpынaн қaзipгi зaмaнғa дeйiн» aтты жoбa дa көптiң қoлдayын иeлeнiп қaнa қoймaй, pyxaни өмipiмiздe тың cepпiлic тyғызapы cөзciз. Мaқaлaдa aйтылғaн «Ұлы дaлa» aтты eжeлгi өнep жәнe тexнoлoгиялap мyзeйiн aшyғa дa бүгiндe мүмкiндiк мoл. «Ұлы дaлa фoльклopының aнтoлoгияcы», «Ұлы дaлaның көнe capындapы» жинaғын құpacтыpy мeн iздey-зepттey экcпeдициялapын ұйымдacтыpy – ғaлымдap мeн мәдeниeт қaйpaткepлepi aбыpoймeн aтқapyы тиic мaңызды бacтaмa.
Тapиxымызды кинoкapтинaлapғa aйнaлдыpyдың aлғaшқы қaдaмдapы бұғaн дeйiн дe жacaлды. Тәyeлciздiк жылдapындa «Көшпeндiлep», «Жayжүpeк мың бaлa» cынды фильмдepдi көpepмeндep жылы қaбылдaca, «Қaзaқ xaндығы» cepиaлы Oтaндық кинo caлacындaғы ipi жoбa бoлды. Eлбacы мaқaлacындa «тeз apaдa Қaзaқcтaнның өpкeниeт тapиxының үздiкciз дaмyын көpceтeтiн дepeктi-қoйылымдық фильмдepдiң, тeлeвизиялық cepиaлдap мeн тoлықмeтpaжды көpкeм кapтинaлapдың apнaйы циклiн өндipicкe eнгiзy кepeк» дeгeн мiндeт бұл caлaғa жaңa cepпiн cыйлaп, төл тapиxымызды тиiмдi құpaлдapмeн нacиxaттayғa жoл aшapы cөзciз.

Б. Қaлшaбeк,
Ы.Aлтынcapин aтындaғы
№65 мeктeп-гимнaзияның
тapиx пәнiнің мұғaлiмi.
Шымкент қаласы.

Сурет: Kazakh-tv.kz

Қоғамдағы барлық мәселелерді тек дін арқылы ғана шешуге болады немесе белгілі бір мазхаб арқылы ғана мұратқа жетеміз деген ұстаным, діннің рөлін шектен тыс асқақтатып, идеологиялық сипатқа айналдыруы мүмкін. Ал адамды қоршап тұрған танымдар тек діни танымнан ғана тұрмайды. Сондықтан бұл мәселеге тек діни танымдық тұрғыдан қарау, сындарлы шешім емес. Себебі теология себеп емес, салдар. Қазақ болмысы, мемлекеттілігі және оның баяндылығы мен тұрақтылығы, жері мен елінің тұтастығы деген идеялық ұстанымдар, міне, бүгінгі ең басты саяси еркіндік мұраты ретінде сомдалып көріне бастады. Бұдан басқа танымдық қабаттардың барлығы осы мүдде үшін қызмет етуге жұмылдырылғаны абзал. Бүгін мәдениет, дін, мемлекет қатынасының қырлары мен құндылықтық, теориялық негіздеріне терең үңілуіміз де осы мақсат төңірегіндегі нақты анықтамалардың, талдаулар мен комментарийлердің өзектілігін көрсетіп отыр.

Мәдениет деген болмысты ұстап тұратын құндылықтар жүйесі негізінен дінге барып тіреледі. Қазақ мәдениетінің мазмұнында ислам жатыр. Мемлекеттің де құрушы мәдениеті, ұлты бар. Сол мәдениет – құқықтың да иесі. Ал құқыққа бағыну, мойынсұну, сыйлау, құрметтеу деген психология адамға, алдымен мемлекеттен бұрын сол құқық иесіне деген құрметтен басталады.
Қоғамда «дін мен дәстүр» деген тіркес жиі қолданыста. Бірақ қазір қарап отырсам, кешегі орыс ориенталистикасының сойылын соғып кетіппіз. «Әдет пен шариғат» (дін мен дәстүр) тіркесін кезінде орыс отаршылдары мен ориенталистері әбден өз мүдделеріне қарай қолданып бақты. Нәтижесінде мазмұны бүгінгі қазақ мәдениеті мен мұсылмандығының дамуына үлес қоса алмайтын деңгейде өзгертілді.
Сондықтан ұлттық болмысты жаңғырту жолында бұдан былай «дін мен дәстүр» тіркесінің орнына саналы түрде «дін мен мәдениет» (ұлттық мәдениет) деп қолданған абзал. Бұл ғылыми танымдық өлшем тұрғысынан идеяға да, принципке де сай ұстаным болады. Сонымен қатар еліміздегі діни рухани құндылықтардың жандануына да оң әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Кешегі кеңестік кезеңде де оның алдында да қазақ мұсылмандығы туралы қалам тартқан, зерттелген материалдарды қарап отырсаңыз, қазақтың мұсылмандығына күмәнмен қарайсыз: «Ол – шаман», «ол – тәңірлік» пен исламды қатар ұстаған синтезделген комплекс, «ол – әруақтар мен онгондардан құралған сенім» негіздерінің кені, «бақсы-балгерлер мен құмалақшылардың институты», «мола кезгендердің және оған сыйынатындардың халықтық исламы», «классикалық исламға» да, «шариғатқа сай келмейтін сырты мұсылман іші белгісіз дәстүр» ретінде анықталған.
Осы анықтамалар мен тұжырымдардың барлығы, қазақты мәдениетке, ұлтқа, саяси болмысқа, діни білім беретін орталығы жоқ, көшпенді тайпалар мен топтардан құралған, не қонар жері белгісіз, хаостық қозғалыстағы, не территориясы белгісіз жабайылардың экзистенциялық тіршілігі деп көрсетілген. Бұлар бер жағы ғана. Міне мақсатты түрде осылай анықталған қазақ болмысында әрине ұлттық мәдениет деген атымен жоқ болып шығады. Қазақтарда тек әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік сана ғана болған дегенге алып келген. Яғни қазақтардағы «адат және шариат» қатынастары ориенталистік шаблонмен түсіндіріліп, дін мен дәстүрді шариат пен әдет дилеммасы арқылы негіздеп, екі қабат арасындағы айырмашылықтарды термелеген. Бұл материалдарды кешегі және бүгінгі неосалафилер ұтымды пайдаланды. Олар «қазақты кеше ғана мұсылман ел болған» деп таныды. Яғни, қазақтың мұсылмандығы «бидғат», «ширк», «шамандық», «тәңіршілдік» деп өз позициясын осы мәнде нығайтуға дайын ғылыми негіз табылды.
Орыс ориенталистикасының әдет, дәстүр мен дінді қарсы қоюында саяси мәселе бар. Ол норма, құндылықтар мәселесі. Дәстүр де, дін де норма қояды. Ол деген сөз құндылықтық қуаты бар деген сөз. Діни құндылықтар мен дәстүр құндылықтары арасында тартысты іріктеп шығарып, сендер қазақтар екі мәндегі, екі бастаудағы рухани құндылықтармен шатасқан, екі кеменің басын ұстаған, шала мұсылмансыңдар дегізген. Мақсаты қазақты шоқындыру, шоқындыру арқылы орыстандыру, ұлтсыздандыру еді. Бұрын сендер көшпенді болдыңдар, енді отырықшы боласыңдар, өркениетке орыс мәдениеті арқылы жетесіңдер деген «ғылыми желкен» ашып берген. Ал енді бүгін әлеуметтік ғылымдар методологиясы тұрғысынан қарасаңыз осы ұстанымдар, қазақты ұлтсыздандыруды, дінсіздендіруді жүзеге асырудағы теориялық негіздер екендігін көреміз.
Біз қазір «дін мен дәстүр» егіз деп сол кешегі орыс ориенталистикасының салдарына жауап берудеміз. Сонда әлі салдар емес себептерге үңіле алмай келеміз. Біз қазақ деген ұлтпыз, мәдениетпіз, саяси болмыстағы, мемлекеттілігі бар елміз. Осы «менді» айтқызбау үшін де қазақтың қолымен талай анықтамалар, қолжазбалар, материалдар жаздырылды. Енді қазір біз, пәленше екемнің өзі айтып кеткен ғой деп, елексіз, сынсыз, ойсыз тұжырымдар айта салатын болдық. Не болса да қазақ мәдениеті мен ұлты зардап шегіп жатса да қыңк ете алмайтын болдық.
Мәдениет пен дін сөздері бір түбірден (дана/йадину етістігінен) шыққан. Дін арапша-дин, сөздік мағынасында жол, сенім, үкім, қағида т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет қала, қауымды білдіретін “Тәңір тарапынан белгіленген “жолы”, этикалық, әлеуметтік, экономикалық және діни құлшылық ету қағидалары мен сенімдік жүйеге негізделген, Тәңірмен байланыс құруға арналған табыну орны (мешіт, шіркеу, синагога т.с.с.) бар қауымның тіршілік әдісін, тұрағын анықтайтын ұғым (термин). “Маданийат” ұғымы кейіннен уақыт ішінде қала, қалалық, отырықшы т.с.с. сипатқа ие болып, латын тіліндегі “культура” ұғымымен тең мағынаға ие болған”
Ислам діні – қазақ болмысының мәні. Мәдениет пен дін тұтас. Мәдениеттің бірнеше қабаттары бар. Солардың ең басында тіл қабаты тұр. Жаңа тұжырым бойынша тіліміздегі ислам дініне қатысты терминдер мен түсініктер, ол енді арабизм бола алмайды. Керісінше ол қазақтың тілдік қорының діни санасын анықтайтын көрсеткіш.
Екінші қабат – мәдениеттің ойлау қабаты, дүниетанымдық бөлігі. Онда да ислам дінінің мәні болған, таухид, универсализм ерекшеліктері көрініс тапқан.
Мәдениеттің уақыттық көрсеткіші – тарих, онда да ислам дінінің болмысы көрінісі тапқан, кешегі қазақ хандығының саяси болмысы, қала мен дала тұтастығы және т.б.
Мәдениеттің ең басты бөлігі –өнері, сәулеті, аңызы мен әпсанасы, әдебиеті мен жорасы, құқықтық жүйесі, моральдық этикалық қабаттары, дәстүрі мен әдет ғұрыптары діни сана арқылы мәнге айналған.
Сонымен мәдениет дегеніміз дін арқылы өрілген, өнген, дамыған және қалыптасқан әлем, құбылыс, үдеріс, болмыс.
Мәдениет – әлем. Себебі, мәдениеттің сан салалы қабаттары бар. Ол қабат тіл, дүниетаным, кәсіп, өнер, салт дәстүр, әдет ғұрып, әдебиет, тарих, кеңістігі, құқықтық, моральдық, эстетикалық қабаты болып жалғасып кете береді.
Мәдениет – құбылыс. Себебі, оның бастауы, трансформациялық базасы мен құндылықтық негіздері алдымен көрініс табады.
Мәдениет – үдеріс. Себебі, ол жеке дара өмір сүре алмайды, үнемі жаңғырып, қорытып отырады, бірақ негізгі шаблонынан алысқа кетпейді.
Мәдениет – болмыс. Себебі ұлттың ерекшелігін, еркіндігін, рухани материалды құндылықтарына мән беріп, даму, сақтану қабілеті мен санасын өзінде қамтитын ғарыш. Сол ғарыштың мазмұнында дін бар.
Мәдениеттің мазмұнында дін бар дедік. Мысалы қазақ мұсылмандық ерекшелігі оның діни санасынан көрінеді. Діни сана осы мәдениетті басқа бір болмыстардан өзіндік ерекшеліктермен байланыстырып немесе ажыратып тұрады. Ал діни сананы азықтандыратын «діни таным» мен «діни тәжірибе» қабаты.
Кеңестік кезеңде діни таным мен діни тәжірибеден үзіліп қалған діни сана әлсіреді, өзінің болмыстық қалыптарын ұмыта бастады, дегенмен сақталды. Діни сана, азса, адам да азады. Себебі, діни сана ол – адам, ұлт. Сол ұлт бүгін өз мәдениеті мен саяси еркіндігін баянды ету үшін өз мемлекеттілігін қайта жаңғыртты, қайта құрды.
Мәдениетті құрайтын тіл, өнер, саз, сәулет, әдет ғұрып, салт, дәстүр, тарих, әдебиет, кәсібі, уақыты мен кеңістігі осы тілдік қор арқылы білу, тану, сезу, ұғыну, түсіну, түсіндіру, бағалау, жеткізу, әсер ету, оқу, тоқу, байланысу және т.б. қабаттарды қамтиды. Мәдениеттің мамұнындағы діни сана да осы тіл арқылы ұлттың ұясына айналады.
Ұлт ұясы ол мәдениеттің мазмұнында сақталады. Кез келген мәдениеттің, ұлттың мәні оның діни санасы. Ол мәдениетті сақтайтын, келер ұрпаққа беріп отыратын қор, ғарыш. Ол ғарыш сакральды әлеммен, киелілікпен байланысты. Енді «қазақ тілді» қазақтар мен «орыс тілді» қазақтар деген сыныптамаларға алданып жүрген ғалымдар мен саясаткерлерге айтарым, бәрі өткінші, мына бүгінгі саясат та, сондықтан, елді алдауға болмайды. Ешқашан бір ұлттың екі тілі болмайды. Егемендікпен бірге қазақ тарихында саяси болмысындағы «мәдениет, мемлекет және дін» үштігі толық болды, түгелденді. Енді осы болмыстың мазмұнын толтыру әрбір қазақ азаматының парызы. Жалпы мазмұн мен форма біртұтас дегенімізбен, екеуінің функциялық тіршілігі мен белсенділігі уақытпен, санамен тығыз байланысты.

Досай Кенжетай.

Көптеген автокөлік жүргізушілері және қарапайым жаяу жүргіншілер жолдағы шұңқырларды жөндеу зардаптарымен бетпе-бет кездеседі. Жол жөнделгеннен кейін біраз уақыт өткен соң шұңқырлар қайтадан асфальт бетіне шығады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бұл проблеманы шешуге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту туралы шешім қабылдады. Өйткені сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу немесе ауыстыру бойынша қайта құру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жоғары сапалы асфальт қалуы керек.

Шымкент су арнасы Ресей Федерациясында «Бастион»атты шұңқырларды жөндеу кешенін сатып алды. Бұл «КамАЗ» автомобиліне негізделген алғашқы қондырғылардың бірі (бұрын аз көлемді ГАЗ-дар қолданылған). Бұл кешеннің тиімділігі неде?
«Бастион» ғылыми-өндірістік фирмасының қызмет көрсету бөлімінің бастығы Александр Пиркин «Аталмыш кешен асфальт жамылғысын сапалы жөндеу үшін барлық қажетті жабдықтарға ие. Оның құрамына келесілер кіреді: гидравликалыққұрылғы, оған ұру балғасын немесе басқа да құралдарды қосуға болады, щұңқырды үрмелеп тазарту үшін компрессор, шұңқырдың негізін тегістеуге арналған шағын каток. Және, әрине, ыстық асфальтті төгетін құрылғы. Оның көлемі 3 текше метр», — дейді.
Асфальт төсегіш ресурстарды үнемдейді: құралдарды, компрессорларды және генераторларды тасымалдауға арналған қосымша көлік құралдарыныңқажеті жоқ. Орнатуды есептеу — 4 адам. Өндірушінің айтуынша,шұңқырларды жөндеу кешеніне жұмсалатын қаражаттыбір жыл ішінде өтеп алуға болады.
Александр Пиркин «Қазір біздің әріптестеріміз өз жұмысына өте мұқият қарайды», — дей келе сөзін былай деп жалғайды «Кеңес дәуірінен қалған жөндеу әдістері бүгінгі таңда тиімсіз болып табылады. Қабылдау өте қатал. Әлеуметтік бақылау да бар. Сондықтан сапасыз жұмыс ұйым беделіне үлкен нұқсан келтіреді. Қазіргі таңда жолдарды жөндеумен айналысатын ұйымдар жоғары сапалы техниканы таңдайды»,-дейді.
Айтпақшы, «Су ресурстары-Маркетинг» серіктестігі ТМД бойынша«КамАЗ»-ға негізделген «Бастион» атты шұңқырларды жөндеу кешенін сатып алған алғашқы компаниялардың бірі болды. Қазіргі таңда сынақ жұмыстары жүргізілуде. Одан соң «Бастион» іске қосылады.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің баспасөз қызметі.