Маңызды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Әулие Құмшық ата қылуеті» ХІІғ. тән республикалық мәртебеге ие ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта салынған.
Координаттары: 43˚17.424΄, 068˚16.523΄ Теңіз деңгейінен биіктігі 228м. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Күйген қыштан қаланған сәулеттік құрылыс Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. 1972-73 жылдары Қазақ ССР тарих, археология, және этнография иниституты және Қазақ ССР Мәдениет министрлігімен бірлескен археологиялық экспедиция зертттеу жүргізген бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан. 2013 жылы қайта қалпына келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үсті топырақ үйіндісімен жабылды. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.12 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі 6,0 га.

Бүгін қазақтың Өзбекәлі Жәнібековінің туған күні!

Төрткүл дүниеге аты мәлім, түркі жұртының ортақ шаңырағы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның Санкт-Петербургтің Эрмитаж музейіндегі көрмеден елге оралғанша қаншама тар жол тайғақ кешуді бастан өткергені белгілі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музей етіп құруда, Тайқазанды елге қайтарып, қайта орнына орнықтыруда сол кезде мәдениет саласында қызмет атқарған, белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф ғалым Өзбәкәлі Жәнібеков ағамыздың сіңірген еңбегі ерекше орасан.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қорында Жәнібеков есімімен байланысты біршама жәдігерлер бар. Ол 1978 жылдан бастап қорық-мұражай қорына өткізген Қабіржапқыш, Қоңырат кілем, Шұғыла кілем, бөлме жиһазы (Асадалға ұқсас жасалған), кесене тарихы мен осы өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, жағрафиясына қабысатын т.б. жәдігерлерді Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайынан алдырып, қорық-мұражай қорына табыстады. Соңғы жылдары көз майын сарқып «Алтынай», «Адырна» фольклорлық ансамбль қызметкерлеріне ұлттық нақышта тіктірген көйлегі, немересі Әзелге Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай тіктірген қазақы көйлегі (1989 жыл), сондай-ақ тұтынған заттары жинақтала бастады.
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келіп, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде жоғары білім алған. Еңбек жолындағы қызметін шәкірт тәрбиелеуден бастап, бойындағы тума талантының арқасында саяси қызметте аудандық комсомол комитетінен Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Хатшысына дейінгі қызметті атқарған. Ө.Жәнібековтің өмір жолына қарап отырсаңыз қызмет бабымен Қазақстанның қай өңіріне барса да ел басқарудағы ерекше қасиеттері халқымыздың қазынасы-ұлттық өнер, салт-дәстүрді дәріптеудегі өнегелі істері ұшан теңіз. Сондықтан да халқымыздың біртуар ұлы Ө.Жәнібековті туған жері, тек оңтүстік өңірі ғана емес барша қазақ мақтан тұтады.
Бүгін, яғни 28 маусым күні, сағат 10:00-де Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің нұсқауымен Тайқазанды Түркістанға қайтару жолында аянбай еңбек еткен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бұрынғы директоры, қазіргі ардагер, Түркістан қаласының Құрметі азаматы Мұхтархан Назаров, музей жанашырының еңбек жолын зерттеушілер мен тарихшы-ғалымдар және туыстарының қатысуымен кесенеде арнайы кездесу өтеді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәнібеков кесенесіне арнайы барып құран бағыштайды.

28 тамыз — халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.
Осы орайда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткерін еске алу жиыны өтуде.
Шараға ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің нұсқауымен Тайқазанды Түркістанға қайтару жолында аянбай еңбек еткен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бұрынғы директоры, қазіргі ардагер, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Нұрмахан Назаров, қоғам қайраткерінің қарындасы Айғаным Серім, қоғам қайраткерінің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Адырбекова Баян Садыққызы, ХҚТУ «Тарих» кафедрасының доценті Тұрсын Хазретәлі және тарихшы-ғалымдар мен музей қызметкерлері қатысып, естеліктерімен бөлісті.
— «Өз ағам өте ерекше жан болған. Ол тек туған-туыстың ғана емес барша қазақтың ағасына айналды. Жүзге, руға бөлінгенді жаны қаламайтын. Қазақтың салт-дәстүрлеріне де өте байыппын қарайтын. Жеңгем де ағамның осындай қасиеттерін толықтыруға лайықты жан болды. Қазаны оттан түспеуші еді. Қазақтың қаншама жақсы-жайсаңдары ағамның шаңырағындағы берекелі дастарханнан дәм татты. Өзім жастайымнан ағама еркелеп өстім. 5 жыл қолында тұрып, тәрбиесін алдым. Қызметі мен отбасына бірдей көңіл бөлетін адалдығы, ағалық ақылдары әлі де көз алдымда тұрады»,-дейді қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім.
Ал, Тайқазанның елге оралуына көп еңбек сіңірген Түркістан қаласының Құрметті азаматы Нұрмахан Назаров өзге елде тұрған Түркістанның жәдігерін елге қалайда қайтару жолында барын салған Өзбекәлі Жәнібековтің өз ұстанымы мен болашағына деген көзқарасының беріктігіне тоқталды.
«Өзекең тарихи-мәдени мұраларды сақтау, музейлендіру және айналасын көріктендіріп, абаттандырумен бірге оны пайдалану барысында барлық мұраның рухани тәрбиелік мәніне, тарихи маңызына көңіл аударып отыратын жан болатын. Бірде музей жұмысын жандандыру бағытында жасаған жұмысымызға көңілі толмаған кейіп танытты. Тым ашулы. Сөз астарынан ұғындырды. Меңзегені-Тайқазанды қайтарып алу. Жұмысымыздың басты мағынасы, ұрпақ үшін маңызы – сол құны мұрада екенін білсек те мұнда алуға жол табу әсте қиын. Бұл мәселе Өзағамды терең ойландырғаны байқалды. Ақыр түбінде тікелей өзі ұйытқы болуымен-бұл қуанышқа қол жеткізуімізге жол ашып берді», — дейді ардагер музей басшысы Нұрмахан Назаров.
«Өзбекәлі аға жайында айтылар тарихи әңгімелер таусылмақ емес. Оның артында қазақ халқының құндылықтарын сақтап қалу жолында сайраған іздер жатыр. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоржыны бүгін тағы да құнды мұралармен толықты. Тарих тұлғасына тән төл дүниелерінің бір бөлігін Айғаным апа да әкеліп табыстап отыр. Іс-шарамыз алддағы уақытта да жалғасын табады. Музей ісі жолында еңбегі орасан қоғам қайраткері біз үшін аңыз, мақтаныш болып қала бермек»,-деп келелі ойлар мен тың деректерге толы ерекше жиынға қатысқан қонақтарға ізгі лебізін білдірген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Нұрболат Ахметжанов арнайы сый-сияпаттар табыстап, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серімнің иығына ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген комзол және ақ орамал жапты.
ХҚТУ «Тарих» кафедрасының доценті Тұрсын Хазретәлі де Қазақстандағы музейлердің басым бөлігінде Өзбекәлі Жәнібековтің алтын іздері жатқандығын айтты. Рухани жаңғыруда сол кезеңнен бастаған ұлт қайраткері ұлттық киім, дәстүрмен қатар өнер және мұралар жолын сақтауда айрықша еңбек еткендігін тарихи деректерге сүйене отырып жеткізді.
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келіп, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы нәтижесінде жоғары білім алған. Еңбек жолындағы қызметін шәкірт тәрбиелеуден бастап, бойындағы тума талантының арқасында саяси қызметте аудандық комсомол комитетінен Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Хатшысына дейінгі қызметтерді атқарған. Ө.Жәнібековтің өмір жолында қызмет бабымен Қазақстанның қай өңіріне барса да ел басқарудағы ерекше қасиеттері, халқымыздың қазынасы-ұлттық өнер, салт-дәстүрді дәріптеудегі өнегелі істері ұшан-теңіз. Сондықтан да халқымыздың біртуар ұлы Ө.Жәнібековті туған жері, тек оңтүстік өңірі ғана емес барша қазақ мақтан тұтады.
Төрткүл дүниеге аты мәлім, түркі жұртының ортақ шаңырағы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанның Санкт-Петербургтің Эрмитаж музейінен 54 жылдан соң елге оралғанына дейін қаншама тар жол тайғақ кешуді бастан өткергені белгілі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музей етіп құруда, Тайқазанды елге қайтарып, қайта орнына орнықтыруда сол кезде мәдениет саласында қызмет атқарған Өзбәкәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегі орасан.
Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қорында Жәнібеков есімімен байланысты біршама жәдігерлер бар. Ол 1978 жылдан бастап қорық-мұражай қорына өткізген Қабіржапқыш, Қоңырат кілем, Шұғыла кілем, бөлме жиһазы (Асадалға ұқсас жасалған), кесене тарихы мен осы өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, жағрафиясына қабысатын тағы да басқа жәдігерлерді Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайынан алдырып, қорық-мұражай қорына табыстаған. Соңғы жылдары көз майын сарқып «Алтынай», «Адырна» фольклорлық ансамбль қызметкерлеріне ұлттық нақышта тіктірген көйлегі, немересі Әзелге Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай тіктірген қазақы көйлегі (1989 жыл), сондай-ақ тұтынған заттары да жинақтала бастады.
Артына мол мұра қалдырған дара тұлғаның қазақ халқына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның қаламынан туған еңбектерінде «Эхо», «Жолайрықта», «Ежелгі Отырар», «Уақыт керуені», «Қазақ киімі», «Тағдыр тағылымы» сынды баға жетпес мұраларының орны ерекше.
Белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай ұйымдастырылған еске алу жиынынан соң «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы бастаған шараға қатысушылар Отырар ауданындағы кесенесіне барып құран бағыштады.

Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» салтанатты шарасы өтті.
Еліміз үшін маңызды жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан бастау алды. Салтанатты шараға Түркістан облысының Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры, облыстық опера және балет театры, домбырашылар мен «Қазына», «Шамсинур», «Фараб» би ансамбльдерінен құралған 150-ден аса өнерпаздар қатысып «Ата заң», «Ұлы Дала заңы», «Дала даналығы» сазды-хореографиялық композициясымен Ата Заң айбары асқақталып, Ш.Қалдаяқов «Қайықта», Ә.Ботақараевтың «Бабалар рухы», С.Бәйтерековтың «Сарыарқа», С.Мұхамеджановтың «Тербеледі тың дала», «Отан» және Ә.Қалыбекованың сөзіне жазылған С.Құттыбайдың «Мәңгілік ел» әндері орындалды.
Мерекелік басқосуда Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы барша түркістандықтарды құттықтады.
— Ата Заң күні — халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Конституциямыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Бүгінгі жиынымыздың мәні терең екендігін атап айтуға тиіспіз. Өйткені Елбасымыздың бастамасымен өңірімізде тарихи тың бетбұрыс жасалып, мемлекеттің тағдырында маңызды орталыққа айналған Түркістанда өтіп отыр. Екі ғасырдан астам уақыт Ұлы дала дәстүрін дәріптеп, «Жеті жарғысы» жазылған қасиетті Түркістанның орны Қазақ елі үшін ерекше. Ендеше, тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін! — деді өңір басшысы еңбегімен үздік атанған бір топ азаматқа марапат тапсырды.
Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, студент жастар, БАҚ өкілдерінен құралған 600-ге жуық азамат қатысты.

Суретті түсірген: «Оңтүстікфильм» түсірілім тобы

 

 

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Түркістан жауһарлары» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің ашылуында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, сатирик ақын Көпен Әмірбек, қорық-музей директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы сөз сөйлеп ізгі тілектерін білдіріп, көрме жұмысына сәттілік тіледі.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің көшпелі көрмесі 3 бөлімінен топтастырылған.
Көрменің бірінші бөлімі Түркістан өңірінде орналасқан тарихи қалалар жайында топтастырылған. Қазақстанның ортағасырлық тарихында, оның ішінде Қазақ хандығының мемлекеті болып қалыптасуы және дамуы барысында ерекше орын алатын тарихи-географиялық аймақтар бар. Сол аймақтың біріне — Сырдың орта ағысы бойында орналасқан және ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы шығыс жазба деректерінің мәліметтері бойынша белгілі болған Түркістан өңірі жатады. Түркістан — түркі дүниесінің ежелден келе жатқан рухани, мәдени орталығы. Аталмыш бөлімде Шауғар-Шөйтөбе, Қаратөбе-Сауран, Ясы-Күлтөбе, Ескі Түркістан және Хан ордасына жүргізілген археологиялық қазбадан табылған қола дәуір ескерткіштері, ортағасырда кең етек жайған керамикадан құйылған құман-құмыра, ыдыстар, нумизматикалық материалдар қамтылады.
Көрменің екінші бөлімі әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналды. Түркі халықтарының құрметпен тағзым етер алтын бесігі, қасиет пен кие дарыған мекені. Орта Азияға алғаш ислам дінін аша келген Ысқақ бап, Әбдіжәлил бап, Әбдірейім баптардың Түркістан төңірегінде тоғысқаны да тегін болмаса керек. Мұның барлығы Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насаб-нама» қолжазбасында егжей-тегжейлі баяндалған. Аталған бөлімде Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары «Диуани хикмет», «Рисоллә дәр адаби тариқат», «Бустан ул-михиббин», «Насабнама» шежіресі, Әмір Темірдің пәрменімен салынып, басынан талай сын сағаттарды өткерген, күмбезі көкпен таласқан, исі түркі жұртының бойтұмарына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы ХІV ғасырдан жеткен түпнұсқа кірпіштері, аспалы, айдаһар басты шырағдандары, Тайқазан, Лауһа, Қақпа есігінің көшірмелері экспозициядан орын алған.
Көрменің үшінші бөлімі Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар жайында сыр шертеді. Түркістан қаласы ХVІ ғасырдан бастап Есім ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болып жарияланды. Онда қазақтың Жәңгір, Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Абылай секілді атақты хандары билік құрды. Киелі шаһарда Қазақтың атақты Жәңгір, Тәуке, Болат, Тұрсын, Сәмеке, Қайып, Сейіт, Сығай, Барақ, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілфейіз, Тоғай, Бөкей, Әликен сынды хандары билік құрды. Осы кезеңде алаштың игі жақсылары ұрпақтарына Түркістанға өздерін жерлеуді аманат етті. Сол кезеңнен бастап Түркістан исі қазақтың ұлттық пантеонына айналды. Аталмыш бөлімде Түркістанда жерленген Есім, Тәуке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілфейіз, Барақ, Бөкей хандардың күміс жүзік бетіне түскен мөрлері, хандарға қатысты Ресей, Қытай мұрағаттарынан табылған құжаттар мен хаттардың көшірмелері (муляждары), сондай-ақ, Хан Ордасынан археологиялық қазба кезінде табылған қыш табақтар, құмыралар, қылыш, қанжар жәдігерлері экспозицияда көрініс тапқан.
Тарихи көрмені Астанада ұйымдастырудағы мақсат — Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және туризм саласын дамыту болып табылады.
Көрме үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

СЫҒАЙ БАРАҚҰЛЫ XVIII ғасырдағы қазақ хандарының бірі. Тарихи деректерде есімі Шигай, Сығай үлгілерінде кездеседі. Ахмад хан деген лақап атпен Наманған билеушісі болды [Ерофеева, 2001. С. 121].
Туылған жылы белгісіз. Қайтыс болған уақыты 1750 жылдың шамамен ақпан-наурыз айлары. 1748-1749 ж. мен 1750 ж. аралығында билік құрған.
Сығай хан Барақ сұлтанның үлкен ұлы, Тұрсын ханның немересі, түбі Шыңғыс ханға барады [Ерофеева, 1997. С. 81]. Қазақ хандарының Жәдіктен тарайтын әулетіне жатады. Сығайдың бір әйелі 1744 ж. Галдан Цэрен сыйға тартқан жас ойрат қызы болған. Оның басқа әйелдері және балалары жайында дерек жоқ [Ерофеева, 1997. С. 118].
Жас кезінде-ақ Сығай қазақ, қалмақ, башқұрттар арасында танымал болды. 1738 ж. 12 жасар кезінде көтеріліске шыққан башқұрттардың шақыруымен Башқұртстанға барып, хан сайланады. Бұл кез оралдық башқұрттардың өздерінің еркіндігі үшін Ресейге қарсы көтеріліске шыққан уақыт еді. Ол жақта болуы ұзаққа созылмай, Сығай өз еліне қайтады. Осыдан кейін башқұрттардың билеушісі Қарасақал бірнеше рет Барақ және оның ұлдары тарапынан қолдауға ие болды.
Сығай 1744 ж. өз әкесінің бұйрығымен аманат ретінде Жоңғарияға жіберілді. Онда ол Галдан Цэреннің әйелімен заңсыз қатынасқа түсіп, өзінің ашынасының ұлы, Жоңғария тағының мұрагері Цэван-Доржи-Аджи-Намжилдің өшпенділігіне тап болады. Сығай 1745 ж. қазақтарға қайтарылады. Елге оралғаннан кейін өз әкесімен бірге біраз уақыт Қазақстанның солтүстігінде көшіп-қонып жүрген. 1748 ж. тамызында әкесімен бірге Әбілқайыр ханның өлімін ұйымдастыруға қатысты [Ерофеева, 1997. С.118].
Кейінірек Сығай Барақпен бірге Қазақстаның оңтүстігіне қоныс аударады, тағы біраз уақыттан кейін Ферғанаға жол тартып, сондағы Ұлы жүздің бір топ руларын басқарады. 1748 ж. ферғаналық қыпшақтардың ұсынысымен Қоқан жеріне аттанады. Әндіжан мен Наманган қыпшақтарының ханы болды. 1750 ж. Сығай Қарнақ қаласында әкесі, ағасы және өзі жергілікті қожалардың у беруі салдарынан қаза табады. Сығайдың улануын жоңғар қонтайшысы Аджи-Намжил немесе Әндіжандық сарттардың ұйымдастыруы мүмкін. Барақ пен оның ұлдарының уланып қаза табуының тағы бір жорамалы ол Әбілқайырдың балаларының қатысуымен болған деседі [Артықбаев,2001.С. 154-155].

Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесі аясында  Түркістан облысының тауар өндірушілері бас қалада 5 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді.

Онда көкөніс, жеміс-жидек, картоп, жұмыртқа, балық, кептірілген жеміс, консервілер, ет және сүт және тағы басқа 28 түрлі ауылшаруашылығы өнімдері арзан бағада Елорда тұрғындары мен қонақтарына босатылатын болады.
Бұл шара аясында Түркістандық шаруалар Елордаға 14753 тоннаны құрайтын ауылшаруашылығы өнімдерін жөнелтеді. Бұл жұмыс үшін облыстағы 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктелініп алынды. Жұдырықтай жұмылуды талап ететін мұндай жауапты жұмысты өз деңгейінде орындау үшін сала мамандары тыңғылықты дайындық жүргізген. Оған өткен аптада, дәлірегі, 23-24 маусымда осы шара аясында Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің алғашқы жәрмеңкесінің тиісті деңгейде өткізілгені негіз болады. Аталған жәрмеңкені өткізу үшін 122,8 млн. теңгені құрайтын 17 жүк көлікке тиелген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірінші керуені 20-маусымда Елордаға қарай бет алған болатын. Ондағы тауарлар 286 тоннаны құрағанын айта кетейік.

Қоғам тыныштығын күзету жолында өздеріне артылған сенімнің үдесінен шығып келе жатқан Қазақстан полициясына биыл 26 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкентте Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың, қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың,  милиция генерал-майоры Ж.Сұлтанов пен полиция қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты шара болып өтті. 

Жиын Қазақстан полициясының 26 жылдығына байланысты ескерткіш- обелисктің салтанатты ашылуымен басталды. Халықты қылмыскерлерден қорғау жолында елгезектік танытып, әділдіктіктің салтанат құруына барынша күш салып, сол жолда өз өмірлерін құрбан еткен батырлардың ерлігіне тағзым ретінде жасалған бұл ескерткіш-обелисктің салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев:
– Ел тыныштығын қамтамасыз ету жолында ерліктің үлгісін көрсеткен ерлеріміз ешқашан естен кетпейді. Бүгінгі барлығымыз куә болып отырған ескерткіштің ашылуы соның жарқын белгісі. Әрине ерлікпен қаза тапқан батырларды ешбір ескерткішпен алмастыра алмаймыз. Бірақ олардың рухына құрмет көрсету біздің азаматтық парызымыз. Бұл нысан бүгінгі ұрпаққа ұлағат, болашаққа аманат. Ел қорғаны деген еңселі атты арқалаған полиция қызметкерлерінің абыройы арта түссін,- деген игі тілегін жолдады.
Шара барысында оған қатысушы қонақтар облыстық ішкі істер департаментінің жеке аппарат құрамының салтанатты шерумен жүріп өтуін тамашалады. Бұдан соң, рухы мықты ішкі істер органы сақшыларының өмірінен мол мағлұмат беретін ішкі істер департаментінің музейін аралады. Сонымен қатар қызметін орындау барысында абыройларына көлеңке түсірмей, ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен үздік полицияларды марапаттау рәсімінің куәсі болды.
Шара соңы арнайы әзірленген концерттік бағдарламаға ұласты.
Сөз соңында қызметіне қырағы мамандардың арқасында осы жылы Шымкентте құқықбұзушылық дерегі өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендегенін айта кетейік.

Енді ауыр жүк көлігін тізгіндегендер де сандық жүйенің игілігін сезінетін болады.  Алдағы уақытта көліктік бақылау инспекциялары кез келген жүк көліктерін тоқтатып тексеруі сап тиылады. 

Тек олар белгіленген нормативті белден басқан жағдайда ғана тиісті шаралар қолданылады. Бұл мақсатта елімізде қашықтықтан өлшеу жүйесі енгізіліп отыр. Соған орай автокөліктер өлшеу жүйелері орнатылған жолдың бойымен жүріп өтеді. Сол сәтте оның тіркемесіндегі тауар салмағы туралы деректер көліктік бақылау инспекторларына автоматты түрде жеткізіледі. Егер ондағы жүктердің көлемі шамадан тыс екені анықталса қашықтықтан өлшеу жүйесіне жақын орналасқан бекеттерге шұғыл түрде ақпарат келіп түседі. Инспекторлар сол деректерге сүйене отырып көлікті тоқтататын болады. Өз кезегінде бұл адами фактордың орын алуын сап тиып, тауарлардың бір жерден екінші жерге дер кезінде жету уақытын қамтамасыз етеді. Ең бастысы сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Екі тарапқа да өте ыңғайлы мұндай интеллектуалды өлшеу жүйесі жыл соңына дейін қозғалыс қарқыны жоғары жолдарға орнатылады. Осыған сәйкес жыл аяғына дейін республика көлемінде 10-нан астам автоматтандырылған арнайы өлшеу құралы іске қосылады.
Еліміздің инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығына сәйкес ауыр жүк көліктері өздеріне тек он тоннаға дейін жүк тией алады. Заң аясында реттелген бұл нормадан ауытқып кету транзиттік жолдардың сапасына зиянын тигізеді. Ал жоғарыда атап өткен цифрлық технология бұл келеңсіздікті алдын алып, жол сапасының сақталуына мол мүмкіндік береді. Ал сапалы жолдар Қазақстанның транзиттік әлеуетінің артуына зор ықпал етеді.

Шымкенттегі жергілікті жұрт ЦАХТ деп атап кеткен амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология бөлімшесі толықтай күрделі жөндеуден өтті. 

Сонымен қатар, бұл мекеме әкім қаулысымен «№1 Шымкент қалалық ауруханасы» болып жасақталды. Мекемені күрделі жөндеуден өткізу қазынадағы қаржыдан емес, орталықтағы ақылы бөлімнен түскен теңге есебінен жүргізілген. Соның негізінде онда бұрын-соңды болмаған күту залының жұмыс істеуі жолға қойылған. Онда ем алуға келгендер бұрынғыдай дәлізде ұзын-сонар кезек күтіп емес, арнайы қондырғыдан электронды кезек талонын алып, содан соң ондағы сан залдағы табло бетіне жазылған кезде өзі таңдаған дәрігерінің қабылдауына кіретін болады.
Мекеме ғимаратында қызметкерлерді саусақ таңбасы арқылы танып, жұмыс орнына кіруге рұқсат беретін құрылғылар орнатылған. Жаңа заманға сай техникалармен толыққан бұл емдеу мекемесінде алдағы күні жарақаттан кейінгі ерте оңалту жұмыстарын жүргізуге бағытталған бөлім ашу көзделіп отыр.
Жарақаттану, хирургия, оториноларингология, урология, проктология, бет-жақ хирургиясы, антирабиялық қызмет сынды бағыттарды қамтитын бұл емдеу мекемесі бір тәулікте 250 науқасты қабылдауға қауқарлы.