Маңызды

Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов құрылымдық бөлімдердің жаңадан тағайындалған басшыларын аудан активіне таныстырды.

Сонымен, аудан әкімі Б.Асановтың өкімімен тағайындалған құрылымдық бөлімдердің басшылары:

Байжанов Кенес Серикбаевич – Ветеринария бөлімінің басшысы;
Туребеков Серик Альмешович – Білім бөлімінің басшысы;
Мырзамдамов Усер Тастемирович – Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Тасов Аширбай Усенбаевич – Экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Норбаев Бауыржан Абдрахманович – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
Татеев Жандарбек Токтарович – Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
Әбдірахманов Қанат Қалмырзаұлы – Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
Полатов Ғабит Жамантаевич – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы – Жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Жиын барысында өңір басшысы жаңадан тағайындалған құрылымдық бөлім басшыларының жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңадан құрылған ауданда атқарылатын жұмыстар көп екенін еске салды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылына орай 4 мектеп пайдалануға берілді. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округіндегі құрылысы аяқталған 600 орындық Фирдауси мектебінің ашылу салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

«Өткен аптада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Иіржар ауылдық округіндегі Н.Бекежанов мектебінің ашылуына қатысты. Міне, бүгін мақталы өлкеде тағы 3 мектеп ел игілігіне беріліп отыр. Сонымен қатар, ауданда 2 мектептің құрылысы жүріп жатса, 9 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысы басталуы үшін қаржы бөлу жоспарлануда. Мұның бәрі Елбасымыздың білімді жастарды, білімді жас ұрпақты қалыптастыруға ерекше мән беріп жатқандығының көрінісі. Әрине, Үкіметіміз қаншама мектеп салып, техникалық базаны күшейтіп қана қоймай — мектептің жаны саналатын ұстаздар қауымының әлеуетін көтеруге де үлкен мән беруде. Сондықтан, құрметті ауыл тұрғындары, жаңадан салынған мектеп ғимараты құтты болсын! Жас ұрпақ – болашағымыз десек, сол болашағымыз кемелді болу үшін ұстаздар қауымы осындай заманауи ғимаратта аянбай еңбек етуі керек. Сол үшін де Сіздердің дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барлығыңызды білім күнімен құттықтаймын!» — деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мектептің ішін аралаған аудан басшысы ғимараттың заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылғанына куә болды. Мультимедиялық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді, спорт залын көріп, құрылыс сапасына оң баға берді.

Айта кетейік, құрылысы 2017 жылы басталып аяқталған Фирдауси мектебінің жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгені құрайды. Бұдан бөлек, Мақтааралда Жамбыл ауылдық округіндегі 200 орындық 117 мектеп және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ж.Нұрлыбаев атындағы мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында желтоқсан айына дейін тағы бір мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

2017 жылы құрылысы басталып аяқталған Ж.Нұрлыбаев атындағы мектептің жалпы құны 385 миллион 699 мың теңгені құрайды. Ал, 117 мектептің құрылысына 412 миллион 37 мың теңге жұмсалған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Мақтаарал ауданында Ата заңымыздың бүкілхалықтық референдумда қолдап-қуаттап қабылданғанына 23 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Аудан орталығы Мырзакент кентінің «Ақ алтын» мәдениет үйіне ағылған халық әнұранымызды шырқап, еліміздің ең басты мемлекеттік құжатына құрмет көрсетті.

Жиынды ашып берген аудан әкімі Бақыт Асанов еліміздің бүгінгі жетістігі Ата заңымызбен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Конституциядағы біздің мемлекетіміз үшін ең қымбат қазына – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деген ережесі бұлжымас орынға ие. Ата заң мерекесі аясында және білім күніне орай ауданымызда жаңадан салынған 4 мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 1 мектеп халық игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, 2 мектеп, 2 емхана бой көтеруде. Қазірдің өзінде аудандағы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты 9 елдімекенде газ тарту құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы болып табылатын ауданда 40 мың гектар жердің құнарлығын арттыру үшін ПУИД-2 жобасы арқылы тік дренаждарды ұңғымалардың құрылысы мен коллекторларды тазалау жұмыстары да қарқын алған. Шаруаларымыз бақша өнімдерін егіп, өнімін елімізге, шетелдерге шығарып сатуда. Енді таяу күндері мақта жинау науқаны да басталады. Әрине, ел ішіндегі ұлы құндылықтарды ұлықтаған ұлы құжаттың елге ырыс, жақсы тұрмыс әкеліп отырғаны айқын. Еліміз қол жеткізген барлық жетістік пен жеңісіміз осы Конституцияның арқасы деп білеміз» — деді Бақыт Нәсірханұлы.

Жиын барысында өңір басшысы ел игілігі үшін белсенді қызмет етіп жүрген азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлерді арнайы облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың және өзінің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, 6 ауылдық округтің әкімдеріне қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.

Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мақталы өлкенің жезтаңдай әншілері патриоттық әндер шырқап, бишілері өнерлерін ортаға салды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Конституциямыздың 23 жылдығына арналған Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионында 50 жастан асқан ардагер спортшылар арасында «Алаш елінде, қазақ жерінде жастарға өрнек болайық!» ұранымен кіші футболдан облыстық жарыс өтті. Ойын қызықты және  тартысты түрде өтті.  Спортшылардың спортқа деген  қызығушылығы артты. Жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында  доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға  допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді.Сайысқа барлығы 6 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласынан 2 команда, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 1 командадан додаға түсті. Тартысты өткен жарыста оза шауып Мақтаарал ауданының ардагерлер командасы І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ІІ орынды Шымкент қаласының «Локомотив» командасы, ІІІ орынды Шымкент қаласының тағы бір «Наурыз» командасы иеленді. Жарыста жүлделі орынды алған командалар арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Кентау қаласында кеншілер күні жоғары деңгейде аталып өтті. Ардагер кеншілер мен қала қонақтары Абай даңғылы бойында орналасқан Кеншілер аллеясындағы еңбек ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Іс-шара Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты жиынмен жалғасты.
Сәні мен салтанытты жарасқан сахнада сөз алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев ардагер кеншілер мен қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
— Комбинат қызметкерлері дүниежүзілік рекорд жасады. Бүгінгі күнге дейін ол рекордтарды әлі ешкім жаңарта алған жоқ. Осылайша аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің төгілген тері, қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала береді. Сондықтан да Кентау — қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты «кадрлар ұстаханасы» аталады.
Комбинат дүние жүзінде теңдесі жоқ кадрлар тәрбиелеп өсірді. Олардың ішінде 7 Социалистік Еңбек Ері, 53 Ленин орденінің иегері, 15 Октябрь революциясы ордені, 12 Лениндік сыйлықтың лауреаты және 5 КСРО, 11 Каз ССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, 10 КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты, 3 Ленин комсомолы сыйлығының иегері, 22 ғылым кандидаты, ондаған еңбегі сіңген кеншілер, байытушылар мен металлургтер, өнертапқыштар, құрылысшылар, энергетиктер шықты. Әрине, бұл кішкентай ғана қаланың мақтаныш тұтар еңбек адамдары, — деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.
Жиында «Ащысайтүстіметалл» кітабының тұсауы кесілді. Кітаптың авторы қала жанашыры, Кентау қаласының Құрметті азаматы Марат Битимбаев. Бас демеуші, меценант Еркін Тәтішев.
Жаңадан жарық көрген кітапта комбинатта атқарылған көп жылғы еңбектер жинақталған. Сондай-ақ, шалғайдағы шағын қалашықта орналасып әлемдік рекордтарды жасаған және ел үшін көптеген игі бастамалардың ұйытқысы болған ардагер кеншілер жайында көптеген мәліметтер келтірілген.
«Бұл кітаптың көпшілік үшін мәні мен маңызы жоғары, құны да қымбат» — деген қала басшысы игі іске ұйытқы болған жандарды «Қала жанашыры» төсбелгісімен және арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Мінберде сөз алған Марат Битимбаев, Еркін Тәтішев, Орынбек Ахмамбетов секілді ел ағалары Кентаудың құрылу тарихы туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев көпшілікті мерекемен құттықтады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев пен қаланың Құрметті азаматы Абибулла Құштаев «Ащысайтүстіметалл» комбинаты ардагерлерін «Кенші даңқы», «Еңбек даңқы», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапаттады.
Іс-шара қала өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қалалық жастар орталығында қала әкімінің орынбасары С.Расұлдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оның алдын алу шаралары бойынша семинар кеңес өтті. Оған қала әкімі аппаратының басшысы, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес қала прокуратурасының прокуроры Д.Орынбасарова жемқорлықтың болдырмаудың жолдарын түсіндірді. Кентау қаласы сотының судьясы А.Дәуренбеков сыбайластықпен сырқаттанғандардың жазасы да жоғары болатындығын жеткізді.
Қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Санобар Самиева кең көлемді мәлімет беріп, жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, заң жүзінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Жанғали Бейсенбаев жемқорлықпен қоғам болып күрескенде ғана үлкен нәтижелерге жетуге болатындығын жеткізді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан жақты, кең көлемде жауап берді. Арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.

Действующей Конституции страны в этом году исполняется 23 года. Во Дворце им.Ш.Калдаякова состоялось торжественное мероприятие в честь этого знаменательного праздника.
В мероприятии приняли участие представители городской власти, работники отрасли образования, здравоохранения, культуры, спорта, ветераны, старейшины города, руководители неправительственных организаций, молодежь города и представители СМИ.
Аким города Абдибакыт Макулбаев поздравил жителей Кентау с Днем Конституции, отметил, что это была многовековая мечта наших предков, которая воплотилась в самую важную историческую дату нашей страны — День принятия Конституции.
Секретарь городского маслихата Талгат Балабиев поздравил всех с праздником и пожелал всем счастья и благополучия, мира и согласия под общим шаныраком.
За высокие показатели в работе, целеустремленность и многолетний труд, за значительный вклад в развитие города ряд специалистов были награждены благодарственными письмами от имени акимата города и секретаря городского маслихата. В ходе мероприятия творческая молодежь Дворца культуры показала театрализованное представление, были исполнены танцы, звучала красивая музыка, под звуки домбры аудитория слушала казахские терме.

Недавно Кентау отметил сразу две даты: День шахтера и выход в свет книги под названием «Ачисайский полиметаллический комбинат. История, события, люди», выпущенной к 90-летию этого предприятия и рассказывающей о славной истории флагмана цветной металлургии, о его работниках: проходчиках, флотаторах, металлургах.
Автор издания — бывший директор комбината, доктор технических наук, профессор, академик Национальной инженерной академии, главный редактор «Горного журнала Казахстана» Марат Жакупович Битимбаев.
Над книгой также работали бывший директор комбината «Ачполиметал» Абибулла Куштаев и редактор городской газеты «Кентау» Владимир Хаев.
Хотя «Ачполиметалл» канул в Лету, а Миргалимсайское месторождение затоплено и все рудники закрыты, многие горожане помнят и с удовольствием вспоминают свою молодость и трудовые годы, отданные гиганту горной отрасли.
Торжественное мероприятие началось с возложения цветов на аллее Горняков, а затем продолжилось во Дворце культуры имени Ш.Калдаякова.
— Девяностолетний юбилей Ачисайского ордена Октябрьской Революции полиметаллического комбината, который являлся жемчужиной цветной металлургии — это профессиональный праздник не только ветеранов горнорудного гиганта, но и всех жителей города, судьба которых была непосредственно связана со становлением и производственными успехами градообразующего предприятия. Сегодня еще есть кому вспомнить то легендарное время, живы свидетели героических и трудовых лет Кентау, — сказал аким города Абдибакыт Макулбаев на торжественном мероприятии.
Руководитель авторского коллектива книги Марат Битимбаев поделился своими воспоминаниями о яркой летописи комбината, о талантливых личностях и технических гениях, благодаря которым стал возможным расцвет цветной металлургии в бескрайней степи южного Казахстана. Он рассказал об истории создания этой книги и подчеркнул, что самым лучшим подарком для кентаусцев станет возрождение Ачисайского полиметаллического комбината.

Қалалық жастар орталығында қала әкімінің орынбасары С.Расұлдың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оның алдын алу шаралары бойынша семинар кеңес өтті. Оған қала әкімі аппаратының басшысы, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес қала прокуратурасының прокуроры Д.Орынбасарова жемқорлықтың болдырмаудың жолдарын түсіндірді. Кентау қаласы сотының судьясы А.Дәуренбеков сыбайластықпен сырқаттанғандардың жазасы да жоғары болатындығын жеткізді.
Қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Санобар Самиева кең көлемді мәлімет беріп, жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ, заң жүзінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Жанғали Бейсенбаев жемқорлықпен қоғам болып күрескенде ғана үлкен нәтижелерге жетуге болатындығын жеткізді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан жақты, кең көлемде жауап берді. Арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады.

Тарихқа үңілсеңіз, әр елдің кемел келешекке ұмтылу жолындағы ізденістері әртүрлі. Әлем мойындаған, тарихи тамыры мықты, жасампаз ұлтқа айналу – сол мемлекетті құраушы кез келген халықтың арман-тілегі. Осындай үлкен жауапкершілік, ұлы мұраттар жолында жаңа идеялар бой көтереді, ізденістер мен жаңаша мақсат-мүдделер тоғысады. Елбасымыздың сарабдал саясаты ұлтты тағы бір мәрте марқайтты. Ұлттық идея қазақстандықтарды бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы секілді ұлы мұраттар жолында тоғыстырды. Ендігі жерде Қазақстан халқы «замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға» ұмтылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында қала және ауыл тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында 2018 жылдың 18-19 тамыз күндері Хантағы елді мекені А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінде тоғызқұмалақтан Кентау қаласының ашық чемпионаты өткізілді. Жарыс нәтижесінде жүлделі орын алған командалар тиісті дәрежедегі дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.